Жамбыл облысының Талас ауданында этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өтті

Ағымдағы жылдың 16 наурызында Талас ауданында “Бейбітшілік пен келісім” жобасын іске асыру бойынша мемлекеттік пен азаматтық қоғам арасындағы қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті нығайту, этносаралық қақтығыстардың алдын алу мақсатында жұмыстар жүргізу бойынша этномәдени бірлестіктердің өкілдерімен кездесу өтті.

Жиынға этномәдени орталықтар өкілдері, облыстық, аудандық ішкі саясат басқармасының қызметкерлері, БАҚ тілшілері қатысты. Іс-шара барысында Ішкі саясат басқармасының орынбасары Сержан Сапарбайұлы Қуанышев аудан аумағындағы этномәдени орталықтардың жұмыстарымен танысты.

Сондай-ақ, кездесуде этномәдени бірлестіктер өкілдерінің қатысуымен өскелең ұрпақ пен жастардың бойында белсенді азаматтық ұстаным, әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру тұрғысында бірқатар өзекті мәселелер талқыланды.

Бибігүл Шахзада,

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ басқармасы

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығының баспасөз хатшысы