Жамбыл облысында дүнген этносының мәдениет күні өткізілді

Ағымдағы жылдың қараша айында Жамбыл облысында «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Дүнген этносының мәдениет күні» өткізілді. Мерекелік кешке ҚХА мүшелері, соғыс және еңбек ардагерлері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, жастар, өңіріміздегі барлық этнобірлестік мүшелері шақырылды.

Еліміздегі қиын жағдайға байланысты биылғы жылы барлық іс-шаралар негізінен қайырымдылық бағытында өткізілді. Коронавирустық пандемияға байланысты этнос күнінде этностың ең белсенді мүшелері марапатталды.

Двумарова Диля, Усыров Арсмане, Чонтей Хизыр, Хахар Рамазан және басқа да өкілдер этнос күнін өткізуге ат салысты. Масаншы ауылының әкімі Рамазан Омарұлы, Сортөбе ауылының әкімі Ілияс Юсупұлы, “Вынхуа” дүнген этномәдени бірлестігінің құрметті төрағасы Лугмар Буларов, дүнген этносының мәдени орталықтары мен жинақы тұратын ауылдарының басшылары шақырылды.

“Вынхуа” дунген этномәдени бірлестігінің төрайымы Идибо Айша Люшировна өткен жылы атқарылған жұмыстар туралы көпшілік алдында баяндама жасады. Бір жыл ішінде 44 732 000 теңге сомасына қайырымдылық көмек көрсетілген.

Салтанатты жиын Хахар Рамазанның орындауындағы “Вәди ада” әнімен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімдігі

ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы