Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚСТАН ХАЛҚЫ АССАМБЛЕЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ҒЫЛЫМИ-САРАПШЫЛЫҚ ТОПТЫҢ «ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНДАҒЫ КӨП МӘДЕНИ ОРТАДАҒЫ ЭТНОСАРАЛЫҚ АХУАЛДЫ САРАПШЫЛЫҚ БАҒАЛАУДАҒЫ ЖҰРТШЫЛЫҚТЫҢ РӨЛІ» КӨШПЕЛІ ОТЫРЫСЫ

 

2015 жылғы 1 шілдеде   Байзақ ауданының Сарыкемер ауылында Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы ғылыми-сарапшылық топтың «Жамбыл облысындағы көп мәдени ортадағы этносаралық ахуалды сарапшылық бағалаудағы жұртшылықтың рөлі» көшпелі отырысы өткізілді.   

Оның жұмысына ҚХА, аудан әкімінің жанындағы қоғамдық кеңестің мүшелері, белсенді қоғам қайраткерлері, құқық қорғау органдарының өкілдері, ауданның ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері, жастар көшбасшылары мен облыс пен ауданның этномәдени бірлестіктерінің басшылары,  «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты.   

Өзінің кіріспе сөзінде модератор ұлттық-мемлекеттік біртектілікті қалыптастыру мәселелеріне, қоғамдық келісім кеңестерінің жұмылдырушы рөліне және жаңа рефоралардың іргеқалаушылық маңызына, ел Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқы Ассамблеясы ХХІІ сессиясында «Мәңгілік Ел: бір ел – бір тағдыр» тақырыбында сөйлеген сөзінде алға қойған міндеттеріне тоқтады.  

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Лысова Л.А. құттықтау сөз сөйлеп, онда облыстық ассамблея қызметіне жан-жақты тоқталды және биылғы жылдың екінші жартысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылына арналған іс-шаралар туралы айтып берді.    Этностық  негізде дау-жанжалдарға жол бермеудің кепілі ретінде қоғамдық  келісім кеңестерінің, аналар кеңесінің және өзге де ұйымдардың қоғамды жұмылдыру процесіндегі маңызды рөлін және олардың этномәдени құзыреттілігін арттырудың маңызы мен проблемаларды кәсіби деңгейде реттеу мүмкіндіктерін атап көрсетті.   

Бес институционалдық реформаның мәні және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарындағы оларды іске асыру жолдары туралы «Қоғамдық келісім» КММ жеткеші сарапшы-талдаушысы Қаншымбеков Е.Б. сөз сөйледі.  Өз сөзінде ол  экономиканың туристік кластерін дамытуда, «Үлкен ел – үлкен отбасы» бағдарламасын іске асыруда және «Мәңгілік ел» идеясын міндетті түрде оқу бағдарламасына енгізу бойынша этномәдени бірлестіктермен, мемлекеттік органдармен және ғылыми қауымдастықпен бірлесе жұмыс істеудің тиімділігін атап көрсетті. 

Бұдан әрі Мәмедова П.И. 100 нақты қадамды іске асыру туралы айтып, бұл ретте этномәдени бірлестіктер қызметіне қатысты бағыттардың мәнін ерекше атап көрсетті.  Атап айтқанда ол: «Назарды реформаның 4-тарауына ғана аудармау керек,   35, 79, 83, 84-қадамдарға назар аудару керек. Олардың астарында этностық мәні бар, өйткені олар үштілділікті іске асыру саясатына, жер құқығына және әр азаматтың ел тағдырына қатысуына қатысты» -, деді.  

ҚХА мүшесі, «Днепро» украин мәдени орталығының басшысы  Клименко Ф.Л.,  қазақстандық қоғамды жұмылдырудағы Қазақстан халқы Ассамблеясының тарихи мәні, оның 20 жылдық жұмыс тәжірибесіне тоқталды.  

Көшпелі отырыстың екінші бөлігінде ғылыми-сарапшылық топтың мүшелері Қазақстанның этностық ортасында дау-жанжалдарды болдырмау және дау-жанжалдардың алдын алу шаралары туралы бірнеше шеберлік сыныптарын өткізді. 

Жамбыл облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының бас маманы Кислов С.С. кейбір қоғамдастықта, тұрмыста, интернетті де қоса алғанда, әлеуметтік желілерде, өкінішке қарай, әлі де орын алып қалатын этностық белгісіне қарай стереотип жасаудың жағымсыз рөлі туралы баяндама жасады. Ол жастар арасында этносаралық коммуникацияда және жеке қарым-қатынастарда қылаң беріп қалатын жаратпаушылық тілін, әдеп нормаларын бұзу мәселелеріне назар аударды.   

Байзақ ауданы психологтар мен медиаторлар кеңесінің төрағасы  Көшекбаева Г. көп этносты ортада дау-жанжалдарды шешудің ерекше рөлі туралы сөйлеп, жер мәселесін, көлік проблемаларын шешу бойынша өз тәжірибесімен бөлісті және бірнеше оң мысалдар келтірді. Ол қоғамда келісім мен татулықты нығайту бойынша іс-шаралар ұйымдастыруға көмектескені үшін жергілікті билікке алғыс ілдірді.    

Отырыс соңында көп этносты ортада дау-жанжалдарды шешу бойынша ситуациялық ойын ойналып, оған отырысқа қатысушылардың барлығы да қатысты. 

Облыстың ғылыми қауымдастық өкілдері Байзақ ауданының этностық құрамы мен ерекшелігін ескере отырып, этносаралық коммуникацияны жетілдіру туралы ұсынымдар берді. 

Қатысушылар іс-шараға жоғары баға беріп, әлеуметтенбеген жастардың проблемаларын шешу, оларды жұмысқа орналастыру, өңірдің экономикалық дамуы бойынша бірқатар ұсыныстар жасады. 

П.Мәмедова

облыстық ассамблея жанындағы ғылыми-сарапшылық топ төрағасының орынбасары                    

0 replies

Leave a Reply

Want to join the discussion?
Feel free to contribute!

Leave a Reply

Your email address will not be published. Required fields are marked *