ҚЫЗЫҚТЫ ҒАЖАЙЫПТАР УАҚЫТЫ
«Рождество» – ертегілерді шынайы өмірге әкелетін ғажайыптар уақыты. Рождество мерекесі келіп кіргенде тіпті жан-жақтағы атмосфераның өзі де өзгереді. Мандариндер мен шыршалардың хош иісті сиқыры, жалт-жұлт етіп жарқыраған мерекелік шамдар, қарасаң көздің жауын алады.
Рождество қарсаңында, 2022 жылғы 24-желтоқсанда Жамбыл облысының немістер қоғамы Тараз қаласының Достық үйінде “Was bringt der Dezember” (“Желтоқсан бізге не әкеледі?»)дәстүрлі рождестволық концерт-ертегісін өткізді.
Залда мерекелік рождестволық көңіл-күйде сахнада нағыз ғажайып көріністер жиналған жұрт назарына ұсынылды. Әулие Крискинд, Аня қызбен және басқа да ертегі кейіпкерлерімен бірге көрермендер Рождество түнінде қызықты оқиғалардың куәсі болды. Сонымен қатар, Николауспен та билеп, шыршаға “O Tannenbaum”әнұранын орындады.
Іс-шараға қатысушылар Рождествоны тойлау дәстүрлерінің анық-қанығы туралы біліп, Жамбыл облысы немістер қоғамының президенті Александр Гибнерден құттықтау сөзін тыңдады.
Концерттік бағдарламаға қатысқан әртістер іс-шара қонақтарына жақсы көңіл-күй сыйлады. Өңірге танымал “Поющие сердца” неміс шығармашылық ұжымы қыс туралы ең әдемі әндердің бірі – “Қар жауады” композициясын орындады, сондай-ақ, “Juwel” тобының орындауында “Klingeling Rock”, “Letzte Weihnacht”, “Advent”музыкалық шығармалары назарға ұсынылды. Ульяна Филиппова мен “Singende Herzen” вокалдық тобы бірігіп “Stille Nacht”әнін шырқады. “Полька” және “Заманауи би”, “Лолипоптармен би”, “Хох” және “Мұз төбесі” хореографиялық қойылымдары көрермендерді “Эремурус” ұжымымен, Құлан ауылының бишілерінің орындауында және басқа да өнерлі жастарының белсенді қатысуымен қуантты. Іс-шара тамаша мерекелік көңіл-күйде өтіп, жиылған жұртқа көптеген жарқын да қызықты әсерлер сыйлады.
“Қоғамдық келісім” Баспасөз қызметі орталығы