ҚОЛ ҰШЫН СОЗУ – АЗАМАТТЫҚ ПАРЫЗ!

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің Батыс өңірінде орын алған су тасқыны салдарына байланысты Халыққа Үндеу жариялаған болатын. Өз Үндеуінде мемлекет басшысы «Осындай қиын-қыстау кезде бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығару айрықша маңызды» деп қорытындылай келе, «Бір ел, бір халық болып жұмылып, бұл апатты еңсереміз» деген сенім білдіріп еді.

Осы ретте Қазақстан халқы Ассамблеясы тілсіз апаттың алғашқы күнінен «Жүректен жүрекке» қайырымдылық акциясын қолға алып, жапа шеккен. жамағатқа көмек беруде. Аталған жоба өз жалғасын тауып, бұл жолы ҚХА мүшелері мен меценаттарының қаражатына Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындғаы баспанасынан айырылған отбасыларға үй сатып алынды. Еліміздің Батыс және Солтүстік өңірінде болған жағдай күллі қазақстандықты алаңдатқаны анық. Осындай оқыс оқиғада қиналғандарға демеу болу, қол ұшын созу – азаматтық парыз деп санаймын.

Махкам Орифов, Жамбыл облыстық Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы

Биылғы 2024 жылдың көктемі өзінің ерекшеліктерімен келгені бәрімізге белгілі.

Биылғы 2024 жылдың көктемі өзінің ерекшеліктерімен келгені бәрімізге белгілі.

Соның ішінде қар суының тез еріп, тасқын су болып елді-мекендерді, үй-жайларды басып еліміздің халқын әбігерге салды. Бұрын-соңды болмаған табиғи апаттан зардап шеккендердің ешбірі елеусіз қалмайтындығын ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы баса айтқан болатын. Осындай қиын қыстау кезеңде бірлігімізді бекемдеп, зардап шеккен өңірлерге көмек көрсетуден Қазақстан халқы Ассамблеясы шет қалған жоқ. Тұрғындар үшін баспана жайы басты мәселе болғаны белгілі. Осы тұста, ҚХА мүшелері мен меценаттарының қаражатына Батыс Қазақстан және Атырау облыстарындғаы баспанасынан айырылған отбасыларға үй сатып алынды. Игі іске белсене кіріскен ұйым мүшелері «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасын жалғастыруда.

Сара Даузова, «Республикалық және облыстық «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің төрайымы

Ағымдағы жылдың сәуірінен бастап еліміздің біәрнеше өңірі су тасқынынан зардап шегіп, оларға арналған акция қолға алынған болатын.

Ағымдағы жылдың сәуірінен бастап еліміздің біәрнеше өңірі су тасқынынан зардап шегіп, оларға арналған акция қолға алынған болатын. Күні бүгінге дейін осы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жүректен жүрекке» қайырымдылық жобасы жалғасуда.

Мемлекет басшысы, ҚХА-ның Төрағасы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев ХХХІІІ сессияда Ассамблеяның су тасқынынан зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық және қайырымдылық көмек көрсетудегі маңызды рөлін атап өтіп, баспанасыз қалған тұрғындарға ерекше көңіл бөлу қажеттігін де тапсырған болатын.

Міне бүгінде осы қайырлы істің нәтижесінде ҚХА еліміздің батыс өңірінлегі Атырау және орал облыстарындағы қарғын судан жапа шегіп, қара шаңырағынан айырылғандарға үй сыйлады.

Зайнуддин Махусеев

«Дүнген республикалық

этномәдени орталығы»

республикалық ҚБ төрағасы

АҚПАРАТТЫҚ ТОП ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА

Ағымдағы жылдың 15 шілдесінде мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша «Бейбітшілік және келісім» жобасы аясында Қордай ауданындағы Сарыбұлақ, Ауқатты, Сортөбе, Масаншы, Степной ауылдық округтері және оған қарасты Қызылсай, Бетқайнар, Арал, Қалғұтты, Қайнар ауылының тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Жамбыл облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мубарак Жинақбаева, республикалық ҚХА мүшесі, жергілікті меценат Таня Апаева және «Республикалық және облыстық «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени бірлестігі» Аналар кеңесінің төрайымы Сара Даузова аталған ауылдардың тұрғындарымен жүздесіп, тілектеріне құлақ асты.

Кездесуде жұмыс тобы ауыл тұрғындарына қоғамдық келісім, мемлекеттік саясат, Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы басым бағыттар мен ҚХА сессияларында көтерілген өзекті мәселелерге тоқталып өтті. Сондай-ақ, топ мүшелері этносаралық арандатушылыққа жол бермей, тілдік, нәсілдік топқа жіктелуді болдырмаудың алдын алу жайын да тұрғындармен талқылады. Мемлекеттік тілді меңгеру барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Буларовтың бастамасымен «БІРТҰТАС ҚОҒАМ: КЕЛІСІМ ЖӘНЕ СЕНІМ» жобасы аясында 200-ге жуық аудан тұрғыны тіл үйрену топтарына жазылуға өтініш білдірген екен.

Сонымен қатар, жүздесуде Қордай ауданы бойынша жаңадан тағайындалған маман Людмила Щербинина таныстырылды. Жаңа маман кәсіби медиатор ретінде тұрғындарға медиативтік консультация берді.

Одан кейін ғылыми-сараптау бөлімі тарапынан этносаралық жағдайды анықтау мақсатында терең сұхбат жүргізілді.

Өз кезегінде тұрғындар шет мемлекеттен келген қандастарға азаматтық алу мәселесін оңтайландыру, отбасы бұзылған кездегі баланың жағдайы, ауыз су, жол жөндеу секілді әлеуметтік-экономикалық маңызы бар мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді. Тұрғындар тарапынан туындаған мәселелер жол картасына енгізіліп, бақылауда ұсталатын болады.

«САЛАУАТТЫ САНА» ЖОБАСЫ АЯСЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін Қордай ауданының Сортөбе, Масаншы, Ауқатты, Степной, Сарыбұлақ ауылдарында республикалық «Салауатты сана» жобасы аясында ақпараттық-түсіндіру тобының кездесуі өтті.

«Салауатты сана» ҚР Президентінің ҚХА ХХХІІІ сессиясында сөйлеген сөзі негізіндегі қауіпсіз өмір сүру үшін арылу керек әлеуметтік кеселдермен күресу туралы берген тапсырмасы негізіндегі ҚХА Аналар кеңесінің жасақтаған бірегей жобасы.

Ауыл аналарына аталған жобаны республикалық ҚХА мүшесі, жергілікті меценат Таня Апаева мен «Республикалық және облыстық «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени бірлестігі» Аналар кеңесінің төрайымы Сара Даузова таныстырды.

Жиын барысында әлеуметті әуреге түсірген нашақорлық, құмар ойындарға тәуелділік, отбасы және әлеуметтік зорлық- зомбылық, вандализм, ысырапшылдық секілді бес кеселдің тамырын жою, әйел денсаулығына қатысты алаңдатып тұрған мәселелердің маңыздылығы туралы айтылды.

Қыз-келіншектер мәселесін көтеруде сөз сөйлеген «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени бірлестігі» Аналар кеңесінің төрайымы Сара Манкизқызы мемлекеттік органдармен, мәслихаттармен өзара іс-қимылды күшейту арқылы жалпыұлттық құндылықтарды ілгерілетуге, жалпыазаматтық бірегейлікті, қоғамдағы сенім мәдениетін нығайтуға, қоғамның әлеуметтік кеселдеріне қарсы іс-қимылға, жастарды тәрбиелеуге және жас кадрлар даярлауға бар күш-жігерді салу керектігі жөнінде айтты. Ал, жергілікті меценат Таня Мудалифовна әйел денсаулығының бәрінен маңызды екенін, сау анадан сау балалар тарайтынына ерекше тоқталды.

Мәжіліс барысында аталмыш жоба негізінде атқарылатын жұмыстардың жоспары, Аналар кеңесінің салауатты өмір сүретін саналы қоғам қалыптастыруы, «Адал азамат» тәрбиелеуге бағытталған жаңа жобаны жүзеге асыру бойынша ұсыныстары талқыланды.

Жиын соңында аналардың ұсыныстары мен пікірлері тыңдалды.

«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫМЕН

Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы барлық қалада ауқымды экологиялық-санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде.

Республика көлемін қамтыған айтулы акция Таразда да жалғасуда.

«Ассамблея жастары» РҚБ Төрағасының орынбасары және өңірлік жастар ұйымының жетекшісі Хамида Тұрдыеваның бастамасымен этнос жастары тазалау жұмыстарын жүргізді. Бірлік пен бірегейлікті көздейтін жастар бұл жолы бір ауыздан келісіп Таразды бойлай аққан Таластың жағасын тазалады.

Жастар өзен аумағындағы ағаш діңдерін әктеп, артық шөптерден арылтты. Тазалық жұмыстарына белсене атсалысқан жастар қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосып қана қоймай, туған жерімізді таза ұстауға шақырды.

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ ЖОБАСЫ АЯСЫНДА

Мемлекеттік саясатты жүзеге асыру бойынша «Бейбітшілік және келісім» жобасы шеңберінде Меркі ауданының тұрғындарына ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшысы Мубарак Жинақбаева, облыстық «Ахыска» Түрік этномәдени бірлестігінің өкілі Ибрагим Зуфаров бастаған топ аталмыш ауданға қарасты Жамбыл, Меркі, Сарымолдаев, Ойтал, Андас ауылдарының тұрғындарымен жүздесті.

Кездесуде жұмыс тобы тұрғындарға мемлекеттік саясат, Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысындағы басым бағыттар мен ҚХА сессияларында көтерілген негізгі мәселелерге тоқталып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Сондай-ақ, топ мүшелері этносаралық арандатушылыққа жол бермей, тілдік, нәсілдік топқа жіктелуді болдырмаудың алдын алу жайын да тұрғындармен талқылады.

Өз кезегінде тұрғындар ауылдардағы ауыз су, жол жөндеу, жайылымдық жер тапшылығы, мәдениет үйінің жоқтығы секілді әлеуметтік маңызы бар мәселелерді ортаға салып, ұсыныстарын жеткізді.

Тұрғындар тарапынан туындаған мәселелер жол картасына енгізіліп, бақылауда ұсталатын болады.

ЖАҢА ТУҒАН НӘРЕСТЕЛЕРГЕ ДОМБЫРА ТАРТУ ЕТТІ

Домбыра – атадан балаға жеткен асыл мұра. Ұлттық құндылықтарды бойға сіңіріп, үлкен азамат болып өссін деген тілекпен облыстық перинаталдық орталықта Домбыра күні дүниеге келген нәрестелерге төл аспап тарту етілді.

Өнегелі шараны облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі мен өңірлік ҚХА Аналар кеңесі ұйымдастырды.

«Қасиетті домбыра» атауымен өткен дәстүрлі акцияға аталмыш мекеме басшысы Мубарак Жинақбаева, облыстық «Анаға тағзым» отбасыларды қолдау орталығының директоры, өңірлік ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырзағали және кеңестің белсенді мүшелері қатысты.

-Шілде айының алғашқы жексенбісі күні аталып өтетін Ұлттық домбыра күні – Қазақстан Республикасында халықты ұлттық мәдениет пен бірегейлікті сақтап, ортақ құндылықтардың төңірегінде топтастыруды мақсат ететін мереке. Болашақта нәрестелердің де асыл идеяны іске асырушылар қатарында болатынына сенімдіміз. Өнегелі өмір жолында ұлттық аспап сәбилердің жан серігі болсын!, – деді Мубарак Қасымқызы.

Ұлттық аспапты ұлықтауға арналған шарада ұйымдастырушылар жаңа туылған сәбилерге және олардың жас аналарына төл аспапты «айналайын» деп басталатын ең әдемі сөзбен естелік ретінде сыйға тартып, алдағы өмірлеріне ұзақ ғұмыр тілеп, мемлекетіміздің ұлттық құндылықтарын қадірлей білетін отаншыл ұрпақтар қатарының артуына ақжарма тілектерін білдірді.

Сондай-ақ, ақ жаулықты ана атансын деген ниетпен кеңес мүшелері жас аналарға ақ орамал жауып, батасын берді.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ӘН-ЖЫРЫМ САҒАН, АСТАНА!

Ағымдағы жылы еліміздің бас қаласы – Астананың 26 жылдық мерейтойы. Айтулы күн қарсаңында Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» мекемесі «Караоке-батл» кешін өткізді.

Достық үйінің ауласында өткен мәдени шараға қала тұрғындары мен қонақтары, «Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері қатысып, Астананы әнге қосты. Кешке қатысушылар вокалдық қабілеттерін көрсетіп қана қоймай, уақытты қызықты әрі пайдалы өткізіп тарқасты.