Қадірлі жерлестерім — жамбылдықтар! Құрметті отандастарым — қазақстандықтар!! Қазақ елінің маңызды мерекесімен баршаңызды құттықтаймын!!

Қадірлі жерлестерім — жамбылдықтар! Құрметті отандастарым — қазақстандықтар!! Қазақ елінің маңызды мерекесімен баршаңызды құттықтаймын!!

Тәуелсіздік өздігінен нығая түспейді. Бұған, ұлтына, нәсіліне қарамастан Қазақстанның әрбір азаматы жауапты.

Елдікке қосқан нақты үлес – бұл тек еліне ғана емес, өзін-өзі дамыту, өзінің, отбасының және бүкіл қоғамның игілігі үшін өз саласында адал және қажырлы еңбек ету.

Тәуелсіздік күні өткен тарихымызға көз салып, қайта бағамдау маңызды. Біз жіберілген қателіктерді ескереміз.

Біздің басты міндетіміз – сыртқы факторлардың әсеріне, ақпараттық прокси-шабуылдарға және ішкі деструктивті күштердің әртүрлі көріністеріне қарамастан, біртұтас халық болып қалу.

Ол үшін біз заңды сақтауға, мемлекеттік тәртіпті құрметтеуге, ақпараттық қауіпсіздік қағидаттарын ұстануға, адам құқықтарын сақтауға және қоғамның поляризациясына жол бермеуге міндеттіміз.

Ел іші тыныш, сырты қорғаулы болсын! Жастарымызды үнемі патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеп жүрейік, достарым!

 

Мухаббат Сайдуллақызы Миражапова, Жамбыл облыстық Өзбектер этномәдени бірлестігінің беделді мүшесі, ҚХА Аналар кеңесінің сыйлы ардагері

16-желтоқсан еліміздің сан ғасыр армандаған егемендігіне жеткен ерекше күні

16-желтоқсан еліміздің сан ғасыр армандаған егемендігіне жеткен ерекше күні. Міне бүгін жерінің асты зор байлыққа, жерінің үсті парасатты халыққа толы Қазақстан елі Тәуелсіздігінің 32 жыл толғанына куә болып отырмыз. Көк туын желбіреткен, Әнұранын шалықтатқан еліміздің барша азаматтарына береке-бірлік, жемісті еңбек, толайым табыстар тілейміз

Ата-бабамыз ғасырлар бойы армандап өткен тәуелсіз ел болу мәртебесін көру – бүгінгі ұрпаққа бұйырған зор бақыт.

Осы қуанышымыз құтты, бақытымыз баянды болсын. Жаңа ғасырда қайта түлеген, жасарып, түрленген еліміздің тәуелсіздігі мәңгілікке ұлассын!

 

Жамбыл облысы ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, Асқарбек Ақылшаұлы

Биыл ел Тәуелсіздігіне 32 жыл!

Мерейлі де мәртебелі мейрам – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

16 желтоқсан – ата-бабамыздың сан ғасыр бойы аңсаған асқақ арманы мен асыл тілегі орындалып, жарқын болашақ пен үкілі үміті үстем болған күн. Егемен еліміздің еркін дамуына айқара жол ашылған айтулы күн. Сондықтан бұл мереке Қазақстанымыздың әрбір азаматы үшін қасиетті де қастерлі.

Осынау айтулы күнде егемен еліміздің дүние жүзі қауымдастығы алдында абыройы асқақ, беделінің биік болуын тілейінмін. Мерейлі мерекеміз құтты, тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын!

 

Жамбыл облыстық «Манас Ата» Қырғыз этномәдени бірлестігі қоғамдық бірлестігінің төрағасы Абзалбек Меңдібаев

ЕЛДІҢ БІРЛІГІМЕН ТАТУЛЫҒЫ – БІЗДІҢ ЕҢ ҚҰНДЫ ЖӘДІГЕРІМІЗ

Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі таңда қоғамдағы топтастырушы және біріктіруші күшке айналып отыр. Ол мемлекеттің ұттық саясатының өзекті міндеттерін шешуге белсенді түрде атсалысады. Саяси оқиғалар мен жағдайларға сараптама жасай отырып, қоғамдық келісіммен татулықты сақтауды қамтамасыз етудің жолдары бойынша игі істер атқаруда.

Бүгінгі қоғамдағы өзгерістер халқымыздың ауызбірлігін, белсенділігін, әр азаматтың жеке басының жауапкершілігін талап етуде. Қоғамдағы келісім мен бейбіт өмір, саяси тұрақтылық үшін жан аямай қызмет ету, өз Отанына, отбасына елімен жеріне деген сүйіспеншіліктен ғана туындайды. Қазақтың ұрпақ тәрбиесімен пен дәстүр сабақтастығы, өзге этнос өкілдеріне құрметі секілді қасиеттері әрқашан оң және жоғарғы бағаға ие.

Еліміздегі этносаралық және конфессияаралық татулық көптеген елдерге үлгі себебі, сенімімен көзқарасы әр алуан ұлттар мен ұлыстар бір мемлекетте береке-бірлікте өмір сүріп келеді. Елдің бірлігімен татулығы біздің ең құнды жәдігеріміз!

16-желтоқсан – Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын, Қазақстан халқы!

 

Сулейманов Абдукарим Исаевич, ҚХА Ақсақалдар кеңесінің мүшесі, Облыстық «Барбанг» Күрділер этномәдени бірлестігінің өкілі

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.

16 желтоқсан – ата бабамыздың арманы орындалып, жасампаздығымызды жаңа белеске көтерген Тәуелсіздік күні.

Бұл күн – тарихы тереңде жатқан елдің жаңа заманда өз алдына қайта егеменді ел болған күні.

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанымызға биыл 32 жыл толып отыр. Осындай мерейлі шақта еліміздің гүлденіп – көркеюі жолында аянбай етіп жүрген қазақстандықтарды Ұлттық мерекемізбен құттықтағым келеді.

Ынтымақты ұран, татулықты ту еткен бейбіт халқымыз болашаққа нық сеніммен қадам басуда. Рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты – азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын!

 

Турдыева Мухабат Абрахмановна, «Жамбыл облыстық Махмұт Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

«VOLONTER_ GROUP_ 08» ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМЫ ЕКІ ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫН АТАП ӨТТІ

«GAUHARTAS» мейрамханасында (ресторатор М. Лештаева) Тараз қаласындағы Өзбекстан орталығы төрағасының орынбасары, осы еріктілер тобының төрағасы Р.Ташметов бастаған «Volonter_ group_ 08» қоғамдық ұйымының волонтерлері 2 жылдық мерейтойын атап өтті.

Мәртебелі меймандар қатарында кәсіпкерлер, мейрамханашылар, облыстық және қалалық мәслихат депутаттары, «Қоғамдық келісім» КММ басшылығы, қала мен ауданның қоғам белсенділері бар. Құттықтауды Тараз қаласы әкімінің орынбасары Дәуір Дәулетов жеткізді.

Келесі кезекте мерекелік іс-шараға қатысушыларға демалыс агенттігінің аниматорларының қатысуымен тамаша шоу-бағдарлама, шынайы қуыршақтар, шығармашылық қойылымдар, сиқыршылардың, «Балауса» циркінің әртістерінің, танымал музыканттардың және т.б.

Сондай-ақ «Enigma models» модельдік агенттігінің қатысуымен сән көрсетілімі өтті.

Іс-шараға серіктестер қатарында – «Desert», «Somin» кондитерлік өнімдері, сондай-ақ «Olympus pizza doner», «Tatami sushi taraz» тікелей өз қолдауын білдірді.

Шара барысында бірқатар еріктілерге сертификаттар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Мереке қатысушыларға көптеген жағымды эмоциялар сыйлады.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

«БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ» ЖОБАСЫ АЯҚТАЛДЫ

Облыстық «Бейбітшілік пен келісім» жобасы аясында Тараз қаласында қоғамдық қабылдау да өз жұмысын жалғастырған еді.

Өзге этнос өкілдерінің бірлік пен тұрақтылыққа негізделген екі күндік кездесуде этнос өкілдері көп шоғырланған елді-мекендердің тұрғындарымен кездесу ұйымдастырылды.

Қабылдау іс-шаралары бүгін де «Қоғамдық келісім КММ — Достық үйі ғимаратында № 5 және №37 мектеп гимназияларының қатысуымен өтті.

Аталған мекеме басшысы Мүбарак Қасымқызының жетекшілігімен облыстық этномәдени бірлестіктер мен ҚХА құрылымдарының өкілдері – Тараз қалалық Өзбектер мәдени орталығының төрағасы Абдрахман Зайнутдинов, «Ахыска» Түріктер этномәдени орталығының ардагерлер кеңесінің төрағасы Ибрагим Зуфаровтар қоғамдық қабылдаулар жұмысына белсене қатысты.

Шара барысында келушілер түрлі салаға қатысты көкейтесті мәселелер мен талайдан толғандырған сұрақтарына көңілдеріне қонымды жауаптар алды.

Айта кетейік, аталмыш жоба аясында жүзеге асырылған бұл іс-қимылдардың этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту жолындағы маңызы өте зор саналады.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

 

БЕЙБІТШІЛІК ПЕН КЕЛІСІМ” ЖОБАСЫ ЖҮЗЕГЕ АСУДА

Жамбыл облысы әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ өңірдің өзгеде басқармаларымен біріге отырып «Бейбітшілік пен келісім» жобасын іске асыру бойынша өз жұмысын бастады.

Жоба аясында этносаралық және конфессияаралық келісімді нығайту үшін өзге этнос өкілдері көп шоғырланған елді мекендердің тұрғындарымен кездесіп, жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізді.

Бүгін тұрғындарды тыңдау үшін жиылған топ қаладағы №6 және Шөлдала шағын ауданындағы №19,59 жалпы білім беретін орта мектептерде болды.

Өзге этнос өкілдерінің сұрағына жауап беріп, бірлік пен тұрақтылыққа негізделген кездесу жұмысы екі күнге созылатын болады.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ЗАҢҒАР ЖАЗУШЫ ШЫҢҒЫС АЙТМАТОВҚА 95 ЖЫЛ

Астанадағы республикалық ҚХА-ның Достық үйінде Ш.Айтматовтың 95 жылдығына орай «Шыңғыс Айтматов. Дәуір. Тұлға. Гуманизм» атты Халықаралық конференциясы өтті. Конференцияны Қазақстан халқы Ассамблеясы Қырғыз Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігімен бірлесіп ұйымдастырды.

Келелі жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясының басшылары мен мүшелері, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары, Астанада аккредиттелген елдердің Төтенше және Өкілетті Елшілері, Қазақстанның, Қырғызстанның, Германияның, Ұлыбританияның, Вьетнамның қоғамдық және саяси қайраткерлері, ТҮРКСОЙ халықаралық түркі мәдениеті ұйымының өкілдері қатысты.

Атап өтейік, алқалы жиынға Жамбыл облысынан «Манас ата» қырғыз этномәдени бірлестігінің төрағасы Абзалбек Меңдібаев барды.

Жиында заңғар жазушы Шыңғыс Айтматовтың шығармашылығы мен өнегеге толы өмірі бастан-аяқ қазақ халқымен тығыз байланысты болғандығы және мерейлі датаға орай өткізілетін жиындар жоспары туралы ұсыныстар талқыланды.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ – ИГІ ІСТЕРДІҢ НҰРЛЫСЫ

Қайырымдылық – адамның рухани қазынасы. Мұндай қасиет адам бойынан ерекше мейірімділік және таза ниетімен ерекшеленіп тұрады. Мұқтаж адамдардың қажеттіліктеріне немқұрайлы қарамай, оларға барынша көмек көрсетуге тырысады. Жамбыл жері қайырымдылықты қайырлы іс деп қарайтын жаны жомарт жандардың тұрағы. Сөзімізге дәйек болсын ағымдағы жылдың 5 желтоқсанында «Ақпараттандыру, байланыс және технологиялар» колледжінің студенттері мен «Қамқор» қайырымдылық  іс-шарасын жасады. Еріктілер күні мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған аталмыш шараның   демеушісі колледж директоры  Қаражігітова Саният Есенқызы.

Атап айтқанда , аз қамтылған және көпбалалы отбасыларға қой сойып, 7 бөлік етіп, таратты.

Айта кетейік, аталмыш колледж білімгерлері «Ассамблея жастары»  РҚБ ІСБ белсенді жастарының мүшесі.

Бұл Жамбыл облысы ассамблеясының жасап жатқан игі істерінің соңы емес, қайырымдылық акциясы әлі де өз жалғасын табады.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен» байланыс бөлімі