ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ КОНСТРУКТИВТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Тараз қаласының Достық үйінде биылғы жылдың 31 қаңтары күні облыс әкімі аппаратының басшысы, өңірлік ҚХА төрағасының орынбасары Лесбек Илебаевтың Жамбыл облысы ҚХА мүшелері және этномәдени бірлестік төрағаларымен келелі кездесуі өтті.

Аппарат басшысымен кездесуге ҚХА мүшелерінен өзге “Ассамблея жастары” РҚБ мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері де қатысты.

Жиын облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, модератор Ғұлам Умаровтың сөзімен басталды.

Кездесу барысында «Әулие Ата» Қазақ мәдени орталығының белсенді мүшесі, өңірлік ҚХА Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Асқарбек Сейілханов, «Днепро» Украин мәдени орталығының жетекшісі Федор Клименко, «Анаға тағзым» орталығының басшысы, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің төрайымы Эльмира Мырза-Ғали, «Жамбыл облыстық «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени орталықтары» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Лугмар Буларов сөз сөйлеп, пікірлерін білдірді.

Сонымен қатар, облыстық «Айнұры» Татар-башқұрт мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Амир Халиков және «Ахыска» Түрік этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махмутжон Давришев және «Вайнах» Шешен-ингуш мәдени орталығының төрағасы Рамзан Магомадов толғандырып жүрген түйткілді мәселелер төңірегінде өздерінің ұсыныстарын білдірді.

Жиын соңында Лесбек Илебаев Достық үйі қызметкерлерінің жұмыстарымен танысты.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Ассамблея

Тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміті – жастар. Оларға сенім арту – барлық қоғамға тән құбылыс. Қоғам дамуының алғы шарты – адам факторы, адамның білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай мінберлерге шығуына баспалдақ болатын мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес.

Осы орайда өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ 2024 жылғы іс – шаралар жоспарын талқылап тың ойлары мен кеңестерін ортаға салды.

Бірлестік төрайымы Хамида Турдыева алдағы уақытта атқарылатын шаралардың біршамасын жастарға егжей-тегжейлі баяндап шықты.

Аталмыш бірлестік өз жұмысын бастаған сәттен жастардың күш біріктіріп қоғамдық-мәдени жұмыстарға белсене араласуымен көптеген өзекті мәселелер оң шешімін тапқан болатын. Осы негізде ассамблея жастарының жарқын идеялары мен бастамалары жүзеге асырылмақшы. Елімізде қашанда жастарға кең қолдау, зор мүмкіндіктерге жол ашық.

Атқарылған жұмыстар ауқымды, алда тұрған міндеттер де аз емес. Жалынды жастары бар елдің рухы биік болмақ.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ШЫМКЕНТТІК ӨЗБЕК ДРАМА ТЕАТРЫ ТАРАЗ ШАҺАРЫНДА

Биылғы жылдың 30 қаңтарында Шымкент қалалық Өзбек драма театры «Тановор» спектаклін көрермен назарына ұсынды.

Театрдың Таразға келіп өнер көрсетуіне Жамбыл облыстық этномәдени бірлестігі мен Өзбек мәдени орталығы себепші болды.

Шара екі мерекеге – Халықаралық ана тілі және Алғыс айту күніне арналып өткізілді.

Аталмыш қойылым көрермендерінің қатарында Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері де болды. Бұл өзбек тіліндегі этникалық ерекше мюзикл-спектакль саналды.

Қойылымда Өзбек этносының төл мәдениетінен хабар беретін бірқатар салт-дәстүрлер енгізіліп, шынайы этнофольклор бейнеленді.

Өзбек театрының өнерпаздары ұсынған этностильдік сахналық қойылым концерттік бағдарламамен аяқталып, көрермендердің зор ықыласына бөленді.

Атап өтейік, айтулы мерекеде Өзбек драма театрының барлық өнерпаздары өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемесі мен қос бірлестіктің марапаттарына ие болды.

Өзбек мәдениетін жұртқа паш етуде айрықша атсалысқан тұлғалар— Жамбыл облыстық Өзбектер этномәдени бірлестігінің президенті Бахром Тохтасынұлы Муминов пен Тараз қалалық Өзбек мәдени орталығының төрағасы Абдырахман Юлдашұлы Зайнутдинов.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ТАРАЗДЫҚ ӨЗБЕК БІРЛЕСТІГІ КӨМЕК ҚОЛЫН ҰСЫНДЫ

Өңірлік этномәдени бірлестіктер өкілдері мұқтаж жандарға көмек қолын созуға әрқашан дайын.

Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 25 отбасына қайырымдылық көмек көрсетті.

Мұқтаж жандарға көмек ретінде біршама азық-түлік жиынтықтары таратылды.

Берілген арнайы азық-түлік қораптары —14 кг тауық еті, 12 кг картоп, 20 кг пияз, 5 кг сәбіз, 10 кг ұн, 5 кг күріш, 5 кг макарон өнімі және 4,5 л.күнбағыс майынан құралды.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫНА АРНАЛҒАН ЖИНАЛЫС

2024 жылдың 28 қаңтар күні Тараз қаласында «Қоғамдық келісім» КММ-де «Жамбыл облысы Немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жыл сайынғы облыстық есеп беру жиналысы өтті.

Ұйымның өткен жылғы қызметінің қорытындысын шығаруға Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктері мен Немістер қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты.

Айта кету керек, Немістер қоғамының облысымыздағы жұмысы – білім, тіл, әлеуметтік, этномәдени, жастармен жұмыс сияқты бірқатар бағыттарды қамту.

Конференцияда бақылау-тексеру комиссиясының 2023 жылға арналған қызметі туралы есебі тыңдалды.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ДОСТЫҚТЫҢ ДАРИЯСЫ САРҚЫЛМАҒАН ДАРА ШАҢЫРАҚҚА САЯХАТ

Ағымдағы жылдың 24-ші қаңтар күні Оқушылар сарайының «Үлгілі Kamer-тон» эстрадалық вокал студиясының тәрбиеленушілері «Достық татулықтан басталады»  атты шығармашылық жобасы аясында Достық үйіне экскурсия жасады.  Саяхаттау барысында Достық үйінде орналасқан  көрме залымен танысып, өңірлік  Ассамблея тарихына түсірілген   бейнероликті  тамашалады. Сонымен қатар, ең басты 2 құрылым Медиация, Ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің атқаратын  жұмыстарынан толық мағлұмат алып, қолөнер шеберлерінің киізден бұйымдар жасау әдіс-тәсілдері,шеберлік сыныптарынан хабардар болды. Шағын саяхатты көрме залының меңгерушісі  Жазира Шілдебаева жүргізді.

 «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Қолөнер – мол өнер

Орта Азия халықтарының киім кию, тігу, өрнектерінде сан ғасырлы тарих бар. Киімінен мәдениеті, дәстүрі, талғамы мен тәрбиесі ерекше көрініп тұратын халықтың бірі – Өзбек этносы.

Бүгін, «Анаға тағзым» орталығында «Қолөнер-мол өнер» атты облыстық ҚХА Аналар кеңесі жобасы аясында қалалық Өзбек этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесі «Бойтұмар» шеберлер клубының тігіншілеріне арнап шеберлік сыныбын өткізді. Іс-шара барысында Сабохат Худайбергенова бастаған аналар кеңесінің шебер өкілдері келіндер, ерлер, күнделікті киетін және той киімдерінің тігілу техникасын көрсетті. Этностық ерекшелікті айшықтайтын ою-өрнектерімен таныстырды. Өзбек аналары киімнің пішілу жолдары, заманауи тігін тігу ерекшеліктері туралы тігіншілерге толыққанды ақпарат берді.

Өзбектердің дәстүрлі киімдері негізінен көйлек, шапан, орамал және этикадан тұрады. Ал, олардың заманауи хит-сарпасы (ұлттық шапандары) қазіргі таңда заманауи үлгіде, әсіресе еуропалық киімдердің ағынымен сипатталады.

Жиын барысында сөз сөйлеген «Анаға тағзым» орталығының басшысы, облыстық ҚХА Аналар кеңесінің басшысы Эльмира Мырза-Ғали әр ай сайын түрлі этномәдени бірлестік аналарының шеберлік сыныбы дәстүрлі түрде өз жалғасын табатынын атап өтті.

Тігін тігіп, ою ойған қыз-келіншектер әсем әуен, әсерлі әңгіме айтып, шеберлік сыныбының шырайын келтірді. Аналар айтқан ақыл мен келісті кеңестер, терең тәжірибелер «Бойтұмарлық» тігіншілердің қабілетін тыңайтты.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

Биылғы жылдың 21 қаңтарында

Биылғы жылдың 21 қаңтарында

Жамбыл облысының Немістер қоғамы этномәдени бағытта “wer weiß denn sowas” зияткерлік ойындар сериясын бастады.

2024 жылғы ойындар сериясы маусымының алғашқы ойыны Қазақстан немістерінің этникалық мерекелеріне арналды.

Зияткерлік сайысқа немістер қоғамының белсенділерінен 7 команда қатысып, КБУ тобы жеңіске жетті.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ТАРАЗДА ОРЫС РОМАНСЫНЫҢ КЕШІ ӨТТІ

2023 жылғы 20 қаңтарда Тараз қаласының Мәдениет үйінде Жамбыл облыстық «Радонеж» орыс қауымдастығы әдемі де әуезді әдеби-лирикалық «Орыс романсы» іс-шарасын өткізді.

Шара Рождество мейрамынан кейін орын алатын дәстүрлі шомылдыру рәсімінің мерекелік кеші ретінде өтті.

Іс-шараның басында көрермендерге романстың қызықты тарихы таныстырылды. Бұдан соң көрермендер аталған бірлестіктің шығармашылық тобы өнерін тамашалап, жоғары поэтикалық сөз бен сиқырлы әуен әлеміне еніп кетті.

Бұл полиэтникалық аудитория әр түрлі этностың басын біріктірген жарқын да көңілді, әрі әсерлі концерт болды.

Кеште орыс халқының данышпан ақындары мен композиторларының сөзі мен музыкасына жазылған шынайы және жарқын сезімдерге толы лирикалық романстары шырқалды.

Концерттік бағдарламада әдемі және өміршең орыс романсы жанры ғана емес, орындаушылардың өз көрерменіне өз музыка мерекесін сыйлаған 12 шығарма ұсынылды.

Мәселен, Борис Пастернактың, Иван Тургеневтің, Белла Ахмадуллинаның, Роберт Рождественскийдің романстарын Оксана Дьяченко, Надежда Карпенко, Любовь Шахова және Лилия Новичкова, Рустам Гаппасовтвң және басқалардың орындауындағы композициялар жиналған жұртты ерекше таң қалдырды.

Көпшілігімізге танымал «Свеча горела на столе», «Утро туманное», «А на последок я скажу…» әндері осынау кеште талайлардың жүрегіне жол тапты.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»  бөлімі

ЖАҢА ЖЫЛҒА ЖАҢА ДЕКЛАРАЦИЯ

2024 жылдың 19 қаңтарында «Достық» үйінде ZOOM платформасы арқылы өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері үшін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру тәртібін түсіндіру бойынша онлайн-семинар өтті.

Семинар ҚХА-ның 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ елдегі саяси реформаларды түсіндіру бойынша сарапшыларды даярлау жөніндегі республикалық әдістемелік орталықтың қызметі аясында өткізілді.

Іс-шараға ҚХА қоғамдық құрылымдары өкілдері, өңірлік «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері қатысты.

Маңызды жиында ҚХА мүшесі, «Алматы қаласының Түркімен қоғамдық-мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, экономика ғылымдарының кандидаты Аннакулиева Гүлнара Атаевна, «Жеке тұлғаларды басқару және жалпы декларациялау» бөлімінің бас маманы Алматы қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Анарқұлова Нұржамал Ғалиқызы мемлекет тарапынан жүргізіліп жатқан салық саясаты туралы толығырақ мағлұмат берді.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі