Таразда «Мәміле» клубы ашылды

Ағымдағы жылдың ақпанында ҚХА мен Тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы», МКҚК арасында «Мәміле» жобасының тұжырымдамасы әзірленді. «Мәміле» клубы тілді үйренгісі келетіндер мен оған көмек көрсететін, сондай-ақ тілді меңгерген еріктілерге арналған диалог алаңы болып табылады.

Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІ сессиясында қазақ тілін, мәдениетін, тарихын, философиясын, қазақ елінің құндылықтарын насихаттауға бағытталған «Қазақтану» жобасын жүзеге асыру жөнінде тапсырмасы екендігін атап өтті. «Қазақтану» жобасының басты міндеттері – қазақстандық этностар арасында қазақ халқының гуманитарлық және адамгершілік қағидаттарын қалыптастыру, Қазақстан халқының бірлігі мен достық дәстүрлерін ұрпақтан ұрпаққа беру мен сабақтастық тетігін құру.      «Мәміле» клубындағы барлық азаматтарға қазақ тілі арқылы қазақ халқының тасын түртсе тарихы көрінетін әрбір салт-дәстүр, әдет-ғұрыптары, олардың тереңдігі мен шынайы мағынасы түсіндіріледі. Сондай-ақ, күнделікті өмірде қолданылатын стереотипті тілдік шаблондарды меңгереді.

Клубтың негізгі мақсаты – қазақ халқының тарихи және мәдени мұрасын, салт-дәстүрлерін, менталитетін және өмірлік құндылықтар жүйесін зерделеу арқылы мемлекеттік тілді үйрену, ортақ мақсаттарға бірлесіп қол жеткізуге ынталандыру, ұлттық интеллигенцияның бейресми беделін арттыру, әр түрлі жағдайларда конструктивті диалог дағдыларын қалыптастыру, ұйымшылдық сезімін күшейту, «БІЗ» деген тұрақты сезімді қалыптастыру болып табылады.

Клубтың ашылу салтанатына жиылған жұртшылықтың алдында алғашқы болып сөз сөйлеген Жамбыл облысы әкімдігінің  тілдерді дамыту басқармасының басшысы Құрманбекова Сұлушаш Сәтбекқызы: «Қазақтану» жобасы бойынша халық Ассамблеясы қарқынды жұмыс істеуде. Қазақтағы «ата тегі», «жеті ата», «бата-тілек» т.б.    сияқты жоралғыларды сонау ата-бабамыздан бері мұра ретінде сақтап келеміз. «Қазақтану» оқуларында тіл үйренумен бірге салт-дәстүр, әдет-ғұрыптардың да терең  мағынасы түсіндіріледі. «Мәміле» дегеніміз – келісім, бітім деген мағынаны білдіреді. Ассамблеямыздың жұмыстарының да негізгі мақсаты – қоғамдық келісім болғандықтан, мәміле, келісімдердің біз үшін  маңызы өте зор»,-дей келе, жиылған жұртты «Мәміле» клубының атқаратын бірқатар міндеттері мен мақсаттарымен таныстыра кетті.

Жиын барысында сөз алған Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызы да биылғы жылдан бастау алып отырған игі бастаманың мән-жайын көпшілікке ұғынықты етіп түсіндіріп берді: «Сонау шағатай тілінен бері қазақ тіліне дейін тілдік қорымыз бай халықпыз. Қазақ тілі арқылы ұлттық құндылықтар, ұлы мұраларды қайта жаңғыртуға болады. «Мәміле – өз халқының болашағын ойлайтын әрбір азаматтың көкейкесті арманы мен қазақ тілін үйрену арқылы  Қазақстан жеріндегі бүкіл халықтың бірлігі мен берекесін арттыруға негізделген тың дүние. Аталған жоба еліміздің рухани құндылықтарын, ата-бабаларымыздың даналықтарын қазақ тілі арқылы насихаттау болып табылады».

Клубтың ашылуына тілдің кәсіби оқытушылары, креативті және жарқын спикерлер де келіп қатысып, аталған жоба төңірегінде өз ойлары мен ұсыныстарын ортаға салды.

Өте қызықты өткен іс-шараның соңында «Мәміле» клубында өткізілетін қазақ тілінде сөйлеу өрнектері, ұлттық мақал-мәтелдер, фразеологизмдері тақырыптары тұрғысында түрлі мысалдар келтіріліп, сонымен бірге дәріске қатысушылардың сөйлеуге деген ынта-жігерін арттыру, қызықтыру мәселелері талқыланды. Ұйымшылдық, ынтымақтық сезімдерді ояту сабақтарының алғашқы дәрісі ойдағыдай қорытындыланды.

 

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

 

 

Қалай десек те ажал айтып келмейді

Қалай десек те ажал айтып келмейді. Әлеуметтік желі болсын, басқа сайттарда болсын бұл оқиға турасында жазуда журналистер мен блогерлер алдарына жан салып жатқан жоқ. Қаралы хабарды естіген жұрттың жұбатуы мен көңіл айту жазбаларының қарасы да қалың. Қайткенде де қуаныш пен қайғыны тең бөлетін бауырмалдығымыз тағы бар. Бұл жағдай бүгінгі қазақ қоғамының ең ауыр қасіреті болды. Естігенде қайғының ауырлығы қабырғаны қайыстырды. Әттең, әлі де көрер жарықтары көп болғанда ертең ел игілігіне жарар азаматтар болар еді-ау, бүгінгі жоқтап отырған халықтың жоғын бүтіндейтін отансүйгіш арулар болар ма еді, бес қыз бес үйдің шырағын жағатын аяулы аналар болар ма еді?! Бәрінен бұрын бұл қасірет ата-ананың жүректерін талқан еткені белгілі. Әрине, бір күнде жүрегін жарып шыққан бес бірдей бүлдіршіннен айырылу деген өте ауыр азап, ауыр қайғы.

Осыған орай, бақилық болған балалардың ата-аналарының қайғыларына ортақтасып көңіл айтып, сабыр тілейміз.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі

Парламенті Мәжілісінің депутаты жамбылдық этнос өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Сейдуманов Серік Тұрарұлы жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Депутат облыспен танысуды Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағаларымен кездесуден бастады. Кездесу Достық үйі ғимаратының күмбезінде орналасқан дөңгелек үстелде өтті.

Жұртшылық тегіс жиналысымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева билік басынан арнайы келген қонақпен таныстырды.

– Тараз, бұл Мен үшін туған қаламдай екенін бірден айтқым келеді, – деп атап өтті мәжіліс депутаты сөз баында. Мәскеу химиялық машина жасау институтын аяқтаған соң, 40 жыл бұрын мені химия-технологиялық процестерді автоматтандыру жөніндегі инженер ретінде Жаңа – Жамбыл фосфор зауытына жіберді. Екі жыл азот-оттегі цехының КИПиА шебері болып жұмыс істедім. Мені жұмыс сапарымен Таразға баратынымды естігенде, барлығы есіме түсті, тіпті көшелердің орналасуына дейін есімде екен. Сондай-ақ, мен мұнда болмаған 38 жыл ішіндегі өзгерістер мені  таң-тамаша етті және осы отырған Достық үйіні ғимараты тек Тараз қаласы үшін емес еліміздің Оңтүстік бөлігінің сәулеті әсем ғимараты десем артық емес.

         Жыл басынан, яғни 31 қаңтар мен 9 ақпан аралығында Парламент Мәжілісінің депутаттары еліміздің барлық өңірлерінде іс-сапарда болады. Біздің сапарымыздың мақсаты бір: біздің еліміз, біздің халқымыз қалай өмір сүріп жатқанын білу. Халық арасында қандай мәселелер бар және оларды қалай шешу керек. Бұл бірінші мәселе.  Сапардың екінші себебі, 30 қаңтарда Президент өткен жылды қорытындылады. Осыған орай біздің жұмысымыз туралы есеп беру.

         Таразға кірер кезде, мен бір жарнамаға назар аудардым: “Таразда алты студенттік жатақхана салу жоспарланған”. Бұл Президент өз Жолдауында айтылған әлеуметтік мәселелерді жүзеге асыру болып табылады. Өткен жылдың екінші жартыжылдығында ғана Қазақстан Парламенті Президент қойған міндеттерді шешуге қатысты 50-ден астам заң мен заңға тәуелді актілер қабылдады. Қазір 70-тен астам заң жобасы Парламент Мәжілісінің қарауында. Негізінен бұл әлеуметтік бағыттағы мәселелер: халықты жұмыспен қамту, зейнетақымен қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, медициналық сақтандыру, міндетті тегін медициналық көмек және басқа да әлеуметтік мәселелер. Бізде пайдаланылмаған жерлер көп болғандықтан, экологиялық таза азық-түліктің жетіспеуіне байланысты әлемде сұранысқа ие аграрлық секторды қолдау, шағын және ірі ауыл шаруашылығы бірлестіктерін, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу кәсіпорындарын қаржыландыру бағдарламаларын әзірлейміз. Парламент ең төменгі жалақы көрсеткіштерін үнемі қайта қарайды және көтереді. Мемлекеттік сатып алулар бойынша көптеген проблемалық мәселелер туындайды. Бұл бүгінгі күнің ең басты проблемасы. 21 қаңтардан бастап “мемлекеттік сатып алу туралы” ҚР жаңа Заңы енгізілді. Бұл мәселені парламент өз бақылауында ұсмтайтын болады.

Жиын барысында мәжіліс депутаты кездесуге қатысушылардың бірқатар сұрақтарына жауап берді.

ҚР «Барбанг» күрділер ассоциациясының Жамбыл облысындағы республикалық филиалы» төрағасы және кәсіпкер Латиф Айдаров “Мемлекеттік сатып алу туралы Заңға” қатысты өз пірікін білдірді. Сонымен қатар, “Днипро” украин мәдени орталығының төрағасы Федор Клименко депутаттан этномәден бірлестіктердің жыл сайынғы гранттарын бөлу туралы мәселеге  бұрынғыдай тәртіппен қарауды сұрады.

Федор Клименко: «Биылғы жылы бұл жүйе жойылды. Грант ұсынылады, тендерге шығарылады және көбінесе этнобірлестіктер жұмысының ерекшеліктерін білмейтін заңды тұлға ұтады. Осылайша, бірлестіктердің өз іс-шараларын өткізуге қызығушылығы жоғалады, жұмыстың бұрынғы рухы жоқ. Парламент арқылы этномәден бірлестіктердің гранттарын берудің бұрынғы тәсілін заңдастыруды сұраймыз» -деді.

Парламент мәжілісінің депутаты Серік Тұрарұлы: «Мен сіздің сұранысыңызды,  гранттарды бөлуқатысты пікіріңізді толық қолдаймын, себебі елімізде гранттарды бөлу жөніндегі сараптамалық комиссияның төрағасы болып табыламын.  Сондықтан, бұл мәселеге қатысты  заң шығару мен қоғамдық даму министрлігіне осы мәселені шешу үшін тапсырма беремін. Бұл мәселені өз бақылауыма алу үшін ҚХА хатшылығымен де байланысамын. Менің Қазақстан халқы Ассамблеясымен ерекше қатынастарым бар. 1995 жылы мен оны құрудың бастауында тұрған адамдардың бірі болдым.  Сіз әлі күнге дейін пайдаланатын ҚХА эмблемасының авторы болып табыламын. Тараз қаласына барған кезде, алғашқы нысан облыстық ассамблея болады деп нық шешкен едім және сіздердің ұсыныс, пікір,талап-тілектеріңізді естігеніме өте қуаныштымын» – деп аяқтады мәжіліс депутаты өз сөзін.

Жиын соңына дейін қойылған барша сұрақтар мен ұстыстар депутат назарынан тыс қалмады.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

 

«SARQYT» қайырымдылық акциясы

Қаңтар  айының  27 күні облыстық  «Жаңғыру жолы»  жастар қозғалысының жастары және «Ақ желкен жастар лигасының жастары  бірлесіп  «SARQYT» қайырымдылық акциясын өткізді. Ұлы даланың дәстүрлеріне негізделген Қазақстан халқы ассамблеясының  2019 жылға арналған қайырымдылқық  шараларының күнтізбесіне  сәйкес өткізліген бұл игі іс-шара 2019 жыл жастар жылының  алғашқы  бастамасы.

Жігерлі де, жұмыр жастар бірлесе отырып ортақ қаржы жыйнаған. Құралған  қаражатқа азық түлік және басқада керекті заттарды алып,Тараз қаласындағы   көп балалы  және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған, тұрмысы төмен бес отбасыға табыс етті. Әрине, шеттей бала-шаға мен тұрмыстың тақыметін тартқан отбасылар үшін бұл қайырымдылық шарасы айтарлықтай көмек болды.  «SARQYT» қайырымдылық акциясы мақсаты ежелден салт- дәстүрімізден  келе жатқан халқымыздың сарқыт әдет – ғұрпын дәріптеу, келер ұрпаққа  насихаттау арқылы қайырымдылқ жұмыстарын жүргізу көзделген. Акциясы барасында қайырымдылық ісімен қаттар Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының атқарып жатқан барша істерін, сонымен қатар ассамблея жастарының  ұйытқы болумен жолға қойылған жобалар жайлы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Аталған акция негізінде тек жастар ғана  емес өзге этнос өкілдерінің үлкенді- кішілі буындары да жаңа жыл мерекесінен кейін ата – ана қамқорлығынсыз қалған, арнайы мектептерде тәрбиеленетін бүлдіршіндерге сый жасап, көңілдерін шаттықтан күпті еткен еді. Міне осы игілігі мол іс бүгінде жастарға үлгі болып, оларда  қайырымдылықта қайыр барын түсін. Қолдарынан келген бар жақсылықтарын аямай, жомарттықтарын танытқан «Ақ желкендік» жастар «Қайырымдылық шарасын осы жерден аялдатпай, ары қарайда жалғастыратын боламыз. Халықымызға,  елімізге, жерімізге қолдау көрсетуге, жәрдем беруге қашанда дайынбыз. Отанымыз, Елбасмыз бізді қолдап, алдыңғы толқын ағалар жүйелі жұмыстарымен үлгі болып жатса неге жақсы іс жасамасқа? Осынау сара жолды жалғап, ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының жастарға артқан сенімін ақтаймыз, сарабдал саясатының орындалуы жолында берілген тапсырмаларын орындаймыз. Бұл, біз және біздің болашағымыз үшін аса маңызды екені хақ», – дейді.

Бұл жастардың алғашқы рет жасаған қайырымдылығы емес. Бұған дейін де көптеген ауыз толтырып айтарықтай мейірімі мол істерден төбе көрсеткен. «Ақ желкендік» жастар алдағы уақытта да алған бертерінен қайтпақ емес.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз қызметі

Назерке Оңғар

Жамбыл облысының Қордай ауданы Масаншы ауылында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы мен Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы болды

Ағымдағы жылдың 18-қаңтарында Жамбыл облысының Қордай ауданында Жамбыл облысы ҚХА хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ және облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің ұйымдастыруымен бейбітшілік пен бірлікті,  азаматтық сәйкестік пен этносаралық қарым-қатынастарды  сақтау мақсатында  көшпелі отырыс өтті.

Кеңейтілген отырысқа ҚХА хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері – ғылыми-сараптамалық топ, әдістемелік бөлім, «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы»  қоғамдық бірлестігі, Қордай ауданы әкімдігі, аудандық білім бөлімі, ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері мен жастар ресурстық орталығы, жергілікті полиция бөлімшесі және облыстық, аудандық БАҚ өкілдері қатысты.

Күн тәртібінде көрсетілгендей аталмыш мәжілісте жоғарыда аталған мекемелердің жалпыұлттық бірлік саласындағы жұмыстарының атқарылуы, Қордай аудандық қоғамдық келісім кеңесі төрағасының ҚХА кезекті ХХҮІ сессиясында берілген жергілікті бюджеттердің тиімді пайдалануын қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік секторда прогресстік технологияларды ілгерілету жөніндегі тапсырмаларының орындалуы және басқа да түрлі мәселелер талқыланды. Сондай-ақ, Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі мен облыстық Қоғамдық  келісім кеңесі төарағасының қоғамдық қабылдауы болып өтті.

Көшпелі  отырысты Қордай ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы міндетін атқарушы Самақова Гүлмира Батырәліқызы бастады. – Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту кезінде «Мәңгілік Ел» идеясының маңыздылығын сабақта және сабақтан тыс уақытта білім беру саласындағы оқу пәндерінің үлгілік оқу жоспарларына кіріктіру арқылы көрсетілуде. Атап айтсақ, барлық мектептерде 7-сыныптарда «Өлкетану» курстары, ал 8-сыныптарда «Туған өлке тарихы» курстары енгізілді. Барлығы, мұражайлар мен мектептен тыс тарихи орындарда 235 сабақ өткізіліп, 5548 оқушының қатысуы қарастырылды. «Мәңгілік ел» – халқымыздың болашаққа бағыт берер шамшырағы. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін – елдің бірлігі. «Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі – бірлігі мен берекесі» деп айтқан Елбасшымыз  Қазақстан халқына,-дей келе Гүлмира Батырәліқызы,  аудандық білім бөліміне қарасты білім беру ұйымдарында «Мәңгілік ел» патриоттық актісі мен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұлтымыздың барлық салт-дәстүрлерін, мемлекеттік тіліміз бен әдебиетімізді, мәдениетімізді, ұлттық рухымызды жаңғырту және ұлтаралық келісімді нығайту мақсатында мынадай жұмыстардың жүргізіліп жатқандығын көрсете келе, оның ішінде 1326 сынып сағаттар, 35 дөңгелек үстел және әр түрлі форматтағы 41 іс-шара өткізіліп, 29506 оқушы, 2725 педагог-қызметкерлер мен 18230 ата-ананың қамтылғанын атап көрсетті. Аудандық білім басқармасының іс-шараларының бұл көрсеткіші жиналған жұртты қуантпай қоймады.

Семинар кеңеске қатысқан 35 адамның ішіндегі  аудандық «Жастар ресурстық орталығы» КММ директоры Қапархан Елжас Ерболұлы да өзінің  есеп беру баяндамасында бірқатар ірі шаралардың орындалғанын атап өтті. – «Жасыл ел»  бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында абаттандыру жұмыстарына 86 белсенді жас жұмысқа тартылды. Жастардың бос уақытын тиімді пайдалану мақсатында ауданымызда 6 аула клубы жұмыс істеуде, соның бірі Масанчи ауылдық округінің мәдениет үйінде орналасқан. Клубта жастар  шахмат, дойбы, үстел теннисі үйірмелеріне қатыса алады. 12ай ішінде 4600 жастың бос уақыттары пайдалы іс-шаралармен қамтылды, – дей отырып, жыл басынан нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласы бойынша, сыбайлас жемқорлық әрекетімен күресу, жастарды жемқорлыққа бармауға тәрбиелеу мақсатында бірқатар кездесулер, флешмобтар, спорттық жарыстар, дәрістер, акциялар өткізілгендігін тілге тиек етті.

Сонымен бірге отырысқа қатысушылар қылмыстың  алдын  алу, дінтану сияқты жұмыстардың аясында  орындалған  шаралардан  да  хабардар болды.  Қордай аудандық ІІБ ЖПҚБ-нің бастығы, полиция подполковнигі Н.Төлеуішовтың баяндамасы бойынша Қордай ауданында 2018 жылдың 12 айының қорытындысымен,  былтырғы жылмен салыстырғанда қылмысты істердің саны 989 дан 758-ге, ауыр қылмыстардың саны 79-дан 45-ке, аса ауыр қылмыстар 19-дан 15-ке, орта дәрежедегі қылмыстардың саны 634-ттен 404-ке, кіші дәрежедегі қылмыстар 22,5 пайызға, яғни сан жағынан 151-ден 117-ге дейін төмендегені  нақты деректер арқылы көрсетілді. Қордай ауданы аумағында АІІБ ЖПҚ-нің  қызметкерлерімен 2018 жылдың 12 айында қылмыстар мен құқық бұзушылықтың алдын алудың және жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде 3702 тұлғаға айыппұл салынып,  17405507,5 сомманың 10491133 теңге сомасы өндірілді, өндіру пайызы 64,3 пайызды құрайтындығын айшықтап көрсету арқылы қосымша түрде ұрлық, алаяқтық, тонау, қарақшылық, бұзақылық, зорлау, адам өлтіру қылмыстарын да ауданнан бөлек ауылдық округтер бойынша да талдап шықты. Басқа да мекеме өкілдері жыл бойына атқарылған іс-шаралардың жалпы қорытындыларымен таныстырып есеп берді.

Көшпелі  отырыс соңында  Жамбыл облысы ҚХА төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызы мен Жамбыл облысы ҚХА Қоғамдық келісім Кеңесінің төрағасы Тілеумұрат Шәбденұлы,  достық пен ынтымақты ту етіп, бірлік пен татулықты жыр еткен Қордай ауданының барша тұрғындарына  өздерінің жылы лебіздерін білдірді.

 

 

 

Б.Утепова

Жамбыл облысы әкім аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ    

Баспасөз қызметі

 

Рождество – жарқын мереке

Жаңа жылдың алашқы күндерінде тойланатын, христиан әлемінің басты мерекесі — Рождество.  Әлемнің 145 мемлекетінде тойланатын бұл мейрам православтар мен католиктердің қызықты салттар мен өзіндік салтанатқа толы ерекеше күндері. Аталған бұл мерекелік  күнді барша христиандар шіркеулер мен ғибадатханаларда шоқынумен өткізеді.

Осыдан екі мың жыл бұрын басталған Рождество мейрамының тарихы Мария ананың Иисус-Ғайса пайғамбарды өмірге әкелген күнінен бастау алған. Міне, содан бері христиан дінін ұстанушылар бұл мерекені  20 ғасыр бойы тойлап келеді. Аталған күннің басты ерекшелігі әр үйдің төрінде орын алатын  әсем безендірілген шырша, халықтың жақын – жұрағаттарына серуендеп сыйлықтар беруі, шыршаны айнала ән салып, би билеу мен түрлі карнавалдар.  Рождество мерекесін – католиктер 25 желтоқсан күні, ал православтар 7 қаңтарда тойлайды. Ал, батыс елдері бұл мерекені отбасы мерекесі деп есептейді.

Аталған мереке, Жамбыл облысы аймағында да ескерусіз қалмады. Облыстық ассамблеяның қолдап, «Радонеж» Орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Баласағұн» ОКЗ «Рождество» мерекесі аталып өтті.

Аталған мерекелік кештің басты мақсаты, келер ұрпақты ізгілік пен мейірімділікке бағыттау, оларға өз салты мен дәстүрін, әдеті мен ғұрпын насихаттау.

Шара басы  Тараз қаласындағы Покров ғибадатханасының бастығы  Димитрийдің шіркеу хорымен басталды. Кеш барысы   «Радонеж» Орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің белсенді мүшелерінің өнер көрсетуімен жалғасты. Концертте  Елена Дубровская, Михина Валерия, Диляра Сорокина, Лилия және Александра Новичковалар, Андрей Власов, Андрей Фирсов, кештің ең жас қатысушысы Ксения Зайцева және «Гармоня» вокалдық квартеттері ән салса, Ярёменко София және Қуанышбай Есіркегенов  орыс халқының белгілі ақындарының атаулы мерекеге арналған жыр шумақтарын оқыды. Сондай-ақ, кеш  барысында орыс халықының аспаптарынан құрылған «Русский наигрыш»,  «Сельский найгрыш»  оркестрлары, Владимир Сорокиннің жетекшілігімен «Калинка», «Днипро» украин этномәдени бірлестігінің белсенді мүшелерінен құрылған  «Маричка», «Красная гвоздика» халықтық ардагерлер хорлары және «Жас дәурен» үлгілі хареографиялық би ансамблі, «Эдельвейс» заманауи би тобы өнер көрсетті.

Концерт барысында  Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызы және облыстық «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева осынау жарқын мерекемен барша жиылған жұртшылықты құттықтады: «Раждество мерекесімен баршаңызды құттықтаймын. Аталған мереке мұсылмандар қауымында «Құбан айт» мерекесімен ұқсас келеді. Осынау жарқын мереке отбасыларыңызға береке мен бірлік, қуаныш пен шаттық сыйласын. Еңбектеріңізге табыс тілеймін. Ал, бүгінгі «Радонеж» Орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырып отырған кеш баршаларыңызға ерекше көңіл – күй сыйлады деп ойлаймын.»

Құттықтау сөзінен кейін Маржан Төреғұлқызы «Радонеж» Орыстар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің бірқатар белсенділерін марапаттады.

«Рождество» мерекесіне арналған кештің соңы қоғамдық жұмыстарға белсене атсалысқан бірлестік мүшелеріне алыс хаттар таратумен аяқталды.

Дәл осы күні, Қордай ауданында «Рождество» мерекесіне арнап «Соседушки» фольклорлық ән ансамблі кеш берді. Кеште Станислав Насыров, Любовь Лебедина, Лариса Бабешко, Светлана Османова, Виктор Ильницкий, Анатолий Бабешко және «Ромашка» балалар вокалдық тобы ән салды. Сондай-ақ, «Рассвет»  халық аспаптарыннан құрылған ансамблі және «Аққу» би тобы өнер көрсетті.

Айта кетейік, 2019 жыл “Соседушки” халықтық фольклорлық ән ансамблі үшін мерейтой жылы болып табылады.  Бұл өнер ұжымы аудан сахнасы және одан тыс жерлерде өз көрермендерін қуантып келе жатқанына 20  жыл толуда.

 Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

Таразда офицерлер мен сержанттарға дәріс оқылды

Ағымдағы жылдың желтоқсанында   мемлекеттік – құқықтық дайындық аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбы бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері  қолбасшысы басқармасының жеке құрамымен бірлескен дәріс өткізілді.

Дәріс басталмас бұрын жиылған жұртшылықты Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми – сараптамалық тобының бас сарапшысы Альбина Тапаева сәні мен сәулеті келіскен Достық үйі ғимратыны аралатып, Елбасы ұсынған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бөлімдеріне сай атаулармен аталған алаңшалармен танысты. Ғимарат ішінің бірінші этажында офицерлер мен сержанттартардан құралған 80 адамға  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында слайд көрсетіліп, аталған мақала негізінде жүзеге асқан жобалардың нәтежиесімен танысты.

Экускурсия жасап, ғимарат ішімен танысып болған офицерлер мен сержанттартарға арнап Достық үйінің үшінші этажында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары – Мамедова Парида Иманжанқызы  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында дәріс оқыды.

– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Аталған мақала нгізінде халықтың санасын  жаңғырту, ұлттық болмыс пен ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен теңестіру, еліміздің игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Осы бағдарламалық мақала негізінде мазмұн ауқымдылығымен, идеологиялық маңыздылығымен құнды «100 жаңа есім», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстары», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобалар жүзеге асты…

Ал, облыс көлемінде аталған бағдарлама төңірегінде атқарылған істер бойынша дәріс оқыған «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің менеджері Байдешова Жамиля Абдрахманқызы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс бойынша тиісті жоспар бекітіліп, жүйелі жұмыстар атқарылуда.

2017 жылы өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы құны      1,1 млрд. теңгеге 24 жоба ұйымдастырылып, 120 мыңға жуық адам қамтылды.

2018 жылы өңірлік реестрге жалпы құны 1,4 млрд. теңгені құрайтын 149 жоба енгізілді. Оның ішінде жергілікті бюджет 369 млн. теңге, демеушілер есебінен 1 млрд. теңге тартылды.

Бүгінге 149 жобаның 115-і жүзеге асырылып, қалған 34 жоба бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Ұйымдастырылған іс-шараларға 400 мыңға жуық адам қамтылды»-дейді.

Жиын соңы аталған мәселелер мен атқарылған жұмыстар негізін талдап, пікір алмасумен аяталды.

 Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі

 

Таразда «Сарқыт» қайырымдылық акциясы басталды

Қазақстан халқы Ассамблеясында халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған 2019 жылға арналған  іс – шаралар легі басталып та кетті. Өткен жылы «Қайырымдылық керуені»  атауымен көптеген игі істердің басынан табылған жоба, биылғы жылы  «Мейірімділікпен бірлікке!» атты ұранымен өтетін болады.

Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Прокопенконың айтуынша, акция бір жылға созылып, әр ай белгілі бір тақырыпқа арналатын болады. Мысалы, қаңтар – «Сарқыт», ақпан – «Сыбаға», Наурыз – «Шашу», сәуір – «Асар» және т. б. ұрандарымен өтеді. Байқағаныңыздай әр айға бөлінген іс – шара қазақ халқының әдет – ғұрпына сай және мерекелік күндер қарсаңында  өтетін көрінеді.

Аталған акцияны ерекше ықыласымен қолдаған Жамбыл облысы, 2019 жылдың алғашқы іс-шарасын өңірдегі Достық үйі ғимаратында «Сарқыт» қайырымдылық акциясымен бастап, жыл бойына жалғасатын қайырымдылық шараларының шымылдығын түрді.

Сарқыт – сый-құрмет көрсетудің көрінісі. Той-томалақ, айт, түрлі мерекелер болғанда шақырылған қонақтың үйіне үлестіріліп берілетін дастарханнан «ауыз тисін» деп  ала келетін арнайы дәмі. Мұндай дәстүр, қуанышымыз сіздің үйге де жұғысты болсын, жолын берсін деген мағынаны білдіреді. Жақындарына «Сарқыт» беру – онымен қуаныш пен бақытты бөлісіп, жылулықпен және қамқорлықты сезіндіреді.

Тараздағы Достық үйінде  бастау алған шара, облыстық этномәдени бірлестіктердің балаларына арналған «Балалар шығармашылығының мектептен тыс сыныптан тыс жұмыс орталығындағы» мерекеік дәстүрлі шыршамен жалғасыты. Онда  Аяз Ата мен Ақшақар, ертегі кейіпкерлері, жаңа жылдық сыйлықтары мен мерекелік бағдарламаны тамашалаған бүлдіршіндер дәстүрлі жаңа жылдық шыршаға келгендеріне дән риза. Сонымен қатар, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі көп балалы және әлеуметтік жағдайы аз қамтылған балаларға, сондай-ақ мүгедек балаларға арналған  қайырымдылық шыршасын өткізді. Сонымен қатар, поляк, күрді, еврей, әзірбайжан, этномәдени бірлестіктері Рождестволық мерекелер қарсаңында «Өмірлері қиын жағдайдағы балаларды қолдау орталығының» тәрбиеленушілеріне жаңа жылдық сыйлықтар мен тәттілер табыс етті. Облыстық ассамблеяның мұндай шаралары жыл сайын жаңа жыл қарсаңында балаларды қуантып, бүлдіршіндерге базарлық таратуды дәстүрге айналдырған. Балалар еліміздің ертеңі, Отанымыздың болашағы деп білетін ассамблеялықтар Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы балалар мен жасөспірімдерге арналған арнайы мектептің тәрбиеленушілерін де назардан тыс қалдырған жоқ. Еліміз бойынша небәрі 7арнайы мектептің бірі осы Тараз қаласында орналасқан. Тәртібін түзеп, тәрбиесін жақсартуға ниеттілерді жиған арнайы мектеп бүгінде 30 жуық тәрбиеленушіге жағдай жасап отыр. Жасөспірімдер мен баларларды құттықтап, жаңа жылдық сыйлықтарын табыс етуге барған облыстық  этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдеріне, ҚХА Аналар кеңесіне, “Жаңғыру жолы” жастар қозғалысының жастарына арнап арнайы мектеп тәрбиеленушілері   мерекелік концерттік бағдарламаларын ұсынды.

Қорыта айтқанда «Мейірімділікпен бірлікке!» атты ұранымен бастау алған  «Сарқыт» қайырымдылық акциясы аясында өткен жаңа жылдық шара осылайша тәмамдалды. Әр жыл сайын еркеше дайындықпен өтетін дәстүрге айналған шара келер жылыда жалғасын табады деп күтілуде.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз бөлімі қызметі