Ахыска түріктеріне 75 жыл

Ахыска түріктері түркі халықтарының құрамындағы тағдыры күрделі, тарихи тағдыры ауыр ұлттардың бірі. Бұл халықтың орналасуы қазақ жерінен алыста, тілдік байланыстары алшақ болғанымен, тағдыр ол халықты тоталитарлық қоғамның зұлмат жылдарында қазақтармен бір шаңырақ астында табыстырды. Содан да Жамбыл жерін мекен еткен ахысхалықтардың кешегі тарихы мен бүгінгі тағдыры жамбылдықтарды да бей-жай қалдырмайды.

«Ахыска» түріктері – Сталин режимімен 1944 жылы қарашада Орта Азия мен Қазақстан аумағына қоныс аударған көптеген халықтардың бірі болып келеді.

14 қараша 1944 жылы Грузияның Түркиямен шектесетін шекарадағы Аспиндза, Ахыска, Адыгюн, Ахилкелек және Богдановка секілді аудандарынан ахыска түріктерін Орта Азияға күштеп қоныс аудартты.

Міне, бүгінде Жамбыл облысын мекен еткен Ахыска түріктерінің жер аударылып келгендері 75 жыл толды. Атаулы датаға орай «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігі ас беріп, нәубетті жылдары өмірден өткенден құрбандардың құрметіне құран сүрелерін бағыштады. Жалпы түрік халқының жергілікті жердегі тұрғындары жыл сайын қараша айының 14 күні ата баба рухына арнап ас беруді дәстүрге айналдырған.  «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалы қоғамдық бірлестігінің төрағасы Махмутжон Давришев бұл  бас қосудың әр жыл сайын жалағаса беретіндігі және осы жолғы асқа жастардың қатысуы осы үрдісті ұрпақтан ұрпаққа жалғастыратынына сенетіндігін айтты.

Сонымен қатар, ас үстінде тағдыр тырнағы батқан түрік халқының тарихы туралы облыстық ассамблеяның хатшылық меңгерушісі Қожаева Маржан, түрік этносының ақсақалдар алқасының төрағасы Зулфаров Ибрагим, ҚМДБ Жамбыл облысындағы өкіл имамы Жұмағұл Қанат естеліктер мен  еске алулар айтып, 1944 жылы құрбан болған ата бабаға арналып оқытылған ұран аяттары қабыл болсын деп тіледі.

Жиын барысында тарих толқынынан сыр шертер арнайы дайындалған бейне роликтер көрсетілді.

Тарихқа көз жүгіртсек…

Ішкі істер халық комиссариатының ресми деректеріне қарағанда 1944 жылдың желтоқсан айының ортасында 92 307 адам, оның ішінде ер азаматтар – 18.923 (қариялар мен мүгедектер), – 27.399 әйелдер, 16 жасқа дейінгі балалар 45.085 болатын. Ең алғашқы эшелондар Ташкент облысына 9 желтоқсан 1944 жылы келді. Қоныс аударушылардың екінші жартысы Алматы, Жамбыл, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарына 22 күндік жолдан кейін келіп жетті. Қазақстанға қоныс аударушылар саны 6300 отбасын құрады, яғни 27 833 адам (Бараташвили, 1998: 12). Оларға тек 3 күндік тамақтарын алсын деп бұйрылды, бірақ олар 20 күннен астам жол ISSN 1563-0269 Journal of history. №1 (88). 2018 181 Тұрсұн Х.М., Омаралиев И.М. жүрді. Жол бойы тауарға арналған вагондарда 40 мыңға жуық адам суықтан және аштықтан мерт болды. Себебі, ол вагондар адам жағдайын еш қанағаттандырмады. Біріншіден, вагондардың ішіне 20-30 отбасын сыйғызды. Екіншіден, ол вагондар ешқандай жылулыққа икемделмеген. Ішкі істер халық комиссариатының ресми деректерінде мынандай көрсетіледі: «Қоныс аударушыларға ешқандай эксцесс жүргізілген жоқ және оларға жол бойы әрбір станцияда тоқтап ыстық тамақ берілді» деп жазылған болатын. Бірақ ол мағлұматтардың бұрыс екендігі белгілі. Түнгі сағат 12-де әскери киімдегі адамдар түріктердің үйлеріне келіп, оларды өз тұрғылықты жерлерінен эвакуациялады. Соғыс біткен соң оларды қайтадан өз үйлеріне әкеп жайғастырамыз деген уәде әлі күнге дейін орандалған жоқ. Түннің жартысында кім не аларын білмей, ешқандай дайындықсыз тек құжаттарын алуға үлгерді. Жер аударылғандарды тауар вагондарына салып, сыртынан құлыптап тастады. Вагонның ішінде ашыққандар сырттан көмек сұрай алмады, дәретке шығайын десе есік құлыпталған, іші боран, себебі далада қараша айы және вагонның ішінде пеш орнатылмаған. Осының салдарынан қаншама адамдар жолда үсіп, қайтыс болды. Арнайы мәліметтерде КСРО Ішкі істер халық комиссариатының дерегі бойынша 1948 жылдың маусым айы бойынша 14895 адам қайтыс болды деп келтіреді. Шын мәнісінде алғашқы алты айда 37 мың адамға жуығы қайтыс болды, олардың ішінде 17 мың балаларды құрады (İbrahim Hasanoğlu, 2016: 4). Қоныс аударған түріктердің ешқандай қоғамдық және азаматтық құқықтары болмады. Оларға Қазақстан мен Орта Азияның ауылдық жерлеріне ғана қоныстануға рұқсат берілген.

Тарих қойнауындаға түрік бауырлардың бастан кешкен өмірі осылай.

Әр жылдың 14 қарашасында Тараз қаласында және Жамбыл жерінің әр ауданында  түрік  халқы ата-бабаларына арнап ас беріп, құран бағыштауды әдетке айналдырған.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз орталығы

«КОРЕ» Жамбыл облысы кәрістер қауымдастығы этнос күнін атап өтті

Ағымдағы жылдың қараша айындаөңіріміздегі Достық үйінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының  «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Жамбыл облысы бойынша «КОРЕ» корейлер қауымдастығыөзінің 25-жылдығын атап өтті.

Бұл мереке Жамбыл облысы корейлері үшін ерекеше маңызға ие. Себебі, әр жыл сайын күз мезгілінде этнос күнін атап өтетін кәріс халқы осы жылы 25 жылдықтарын тойлады.

Салтанатты кешке құрметті қонақтардан  Жамбыл облысының “КОРЕ” корейлер қауымдастығының Вице-президенті Кан Анатолий Лаврентьевич, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Ким Ирина Алексеевна, «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мүшесі Ан Антонина Анатольевна, сондай-ақ «Ноиндан» ақсақалдар кеңесі және кәріс этносының өкілдері мен жастары қатысты.

Концертте «Ариран» өнер мектебінің әртістері корей барабандарында өнер көрсетті. Дәстүрлі стильдегі корей музыкалық қойылымы бірінші секундтан бастап көрермендерге мерекелік атмосфера сыйлады.

Шара барысында «Ноиндан» ақсақалдар кеңесінің төрағасы Хе Илья Николаевич құттықтау сөз сөйледі. Ол барлық қатысушыларды осындай айтулы күнмен шын жүректен құттықтап, 25 жыл бойы алған жетістіктері мен нәтижелерін атап өтті. Өз кезегінде «Ноиндан» ақсақалдарының мүшесі Пак Анатолий Иванович кеңес үкіметі кезіндегі этносаралық қатынастар туралы тарихи деректерді егжей-тегжейлі баяндалып, сөз сөйледі. Қазақ жеріне келген сәттен бастап кәрістер тарих шеңберіне кірмегенін, керісінше, өз мәдениеті мен дәстүрлерін сақтап, байытқанын атап өтті.

Жамбыл облысының «КОРЕ» корейлер қауымдастығының Вице-президенті Кан Анатолий Лаврентьевич қонақтарға алғысын білдіріп, сондай-ақ, осы жылы бірлескен күш-жігерміздің арқасында  көптеген мақсаттарға қол жеткізгендігін ерекше атап өтті. Атап айтар болсақ биылғы жылы кәріс этносы «Сэроун Мирэ» кәріс жастарының қозғалысын және «Ариран» өнер мектебінің құрған.

Құттықтау сөзінен кейін мерекелік концерттің салтанатты бөлімі басталды. Бағдарламаға сай кеш барысында дәстүрлі биден бастап замауи биге дейін түрлі би биленді.Сондай-ақ, кәріс этносының ұлттық аспаптарымен түрлі музыкалық шығармалары орындалды. Кештің көркін қыздырған кәріс халқының талантты жастарының асқан шеберлікпен барабанда ойнауларын айтпай кетуге болмас.

Кеш соңында аталмыш этнос өкілдері  кәріс халқының мәдениетіне қызығушылық танытушы қонақтарға алғыс білдіріліп естелік суреттерге түсті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз орталығы

 

Жамбыл облыстық «Полонез» поляк тілі мен мәдениеті қоғамдық бірлестігі облыс аймағында жерленген поляк сарбаздарын еске алды

Польшада 1 қараша күні өмірден кеткен барлық жақын адамдарды еске алатын күн болып саналады. Поляк халқы дүнеиден озған жақындарын жиі еске алып, оларға зор құрметпен қарайды. Қараша айы жақындаған сәтте Польша көшелерінің кез-келген дүкендер сөрелерінен шамдарды жиі кездестіруге болады. Бұл осы күні поляк халқының жақын адамдарының зираттарында тұтататын шам.

Бұл күні зират басы жарықтандырылады. Өйткені әрбір қабірде осындай шамның бір емес, ондағаны жанып тұрады. Бұл зираттарды мұқият жинап, гүлдермен әшекейлейді.

Дәл осы күні зират өте жарықтандырылады, өйткені әрбір қабірде осындай шамның бір емес, ондағаны жанып тұрады. Сондай-ақ, осы мереке қарсаңында зираттарды мұқият жинап, гүлдермен әшекейлейді.

Осыған байланысты жыл сайын осы уақытта Жамбыл облысының «Полонез» поляк тілі мен мәдениеті орталығы қоғамдық бірлестігінің өкілдері Жамбыл облысындағы жерленген поляк сарбаздарын еске алады.

Облыста поляк этносының жауынгерлері үш өңірде жерленген. Олар Мерке, Т.Рысқұлов аудандарында және Шотпак станциясында. Осы жылы олар поляк сарбаздары жерленген барлық орындарды аралап шықты.

Бірінші күні көптеген поляк жауынгерлері жатқан Шотпак станциясына барды. Сондай-ақ, Шымкент қаласының Польша орталығы мен Алматы қаласындағы Польша Республикасының елшісі Михал Богдановичпен кездесу өтті.

Келесі күні Достық үйінде елшінің  Польшадағы білім беру, виза алу, поляк картасын алу мәселелері бойынша кезекшілігі өтті. «Полонез» қоғамдық бірлестігінің өкілдері сондай-ақ, Меркі ауданы Сыпатай Батыр ауылында және Т.Рысқұлов ауданында поляк солдаттарының мазарына барып, гүл шоқтары мен шамдарын қойды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

«2019 жылғы ҚХА-ның үздік медиаторы» облыстық байқауы

ҚР ҚХА-ның даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарының 15-тармағын (2025 жылға дейін) орындау мақсатында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ «2019 жылғы ҚХА-ның үздік медиаторы» облыстық байқауының қорытындысы бойынша салтанатты марапаттау рәсімін өткізді.

Байқау медиация институтын насихаттау және дамыту, қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласында дауларды (жанжалдарды) реттеу бойынша қызмет көрсететін ҚХА-ның кәсіби емес медиаторларын анықтау және ынталандыру мақсатында өткізілді.  Байқаудың негізгі міндеті – қазіргі кәсіпқой емес медиаторлардың патриоттық рухын арттыру.

Іс-шараға Тараз қаласы, Байзақ, Шу, Меркі, Жамбыл, Жуалы аудандарының ҚХА медиаторлары қатысты.

Жиын барысында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Р. М. Убайдуллаева Жамбыл облысындағы медиация институтының дамуына белсенді үлес қосқаны үшін барлық қатысушыларға алғыс білдіріп, сәттілік тіледі.

Байқау қортындысы бойынша Шу ауданының ҚХА медиаторы Абдуллаев Таджир Максим-оғлы – 1 дәрежелі, Жуалы ауданының медиаторы Расилов Тамаша және Байзақ ауданының медиаторы Үрпекбаев Жұматай – 2 дәрежелі, Жуалы ауданының медиаторы Тоқбергенов Сағындық Құралбайұлы, Байзақ ауданының ҚХА медиаторы Жұмағұлов Жиенғали және Тараз қаласының ҚХА медиаторлары Жанисенов Талғат Сугралиұлы мен Сафонова Лариса Владимировна  3 дәрежелі орындарды иеленді.

Қалған медиаторлар алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды, олардың ішінде өңірлік ассамблеясымен серіктес кәсіби медиаторлар да болды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының
«Қоғамдық келісім» КММ
баспасөз қызметі

Жастардың қоғамдық санасын жаңғырту басты назарда

Ағымдағы жылдың  қазанында  Достық үйінде  «Жастардың қоғамдық санасын жаңғырту: әлеуеті, келешегі және мәселелері» тақырыбында Облыстық ғылыми-практикалық конференция өтті . Аталмыш конференцияның ұйымдастырушылары Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті жоғары оқу орындарының оқытушыларын, ғалымдарды, философтарды және этномәдени бірлестіктердің өкілдерін конференция жұмысына қатысуға шақырды.Конференцияда жас ұрпақты қалыптастыру мен ілгерілету және қазақстандық қоғамды дамытудағы сабақтастықты қамтамасыз етудің негізгі факторы ретінде жастардың қоғамдық санасын жаңғыртуға бағытталған мәселелерді талқылады.

Игі істің ұйымдастырушылары ғылыми қоғамдастық пен әлеуметтік-саяси институттардың күш-жігерін біріктіру үшін осындай іс-шаралардың жоғары маңыздылығын атап көрсете отырып, мемлекеттік құрылым өкілдерінің, қоғам өкілдерінің қоғам үшін өзекті мәселелерін  жиынға қатысушылардың назарына ұсынды.

-«Бүгінгі конференцияның мақсаты жастардың қоғамдық санасын ояту, оларды саналы тұлға ретінде қалыптастыру. Өмірлік ұстанымдарын, көзқарастарын кеңейтіп, әлемдік жаһандану үдерісінде болып жатқан көптеген жаңалықтардан қалыс қалмас үшін, олардың білімге ден қоюын қамтамасыз ету. Бүгінгі жиында осы мәселелелер талқыланды. Жастарымыздың конференциядан ойға түйгені көп деп ойлаймыз», – деді Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы ғылыми-сараптамалық тобының мүшесі,М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Философия және саясаттану» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Дина Дүйсебайқызы.

Конференция барысында пленарлық отырыс өткізіліп, бірқатар  секция бойынша өзекті тақырыптарда пікірлер айтылды. Тарқатып айтар болсақ: «Қазіргі жастардың рухани жаңғыруы және оның түрлі салаларда көрініс табуы  – өнер, дін, мораль, ғылым, құқық, идеология, экономика, еңбек және т.б.», «Жас қазақстандықтардың рухани жаңғыруындағы құндылық бағдарлары (базалық ұлттық рухани құндылықтар, рухани құндылықтар жүйесіндегі өзгерістер мен сабақтастық)»,«Нақты жағдайлардан туындайтын жастардың қоғамдық санасының элементтері (әлеуметтік армандар, болжамдар, алдын ала болжам)», «Жастардың жаппай санасы – көрініс, ерекшеліктер, реттеу құралдары»,«Жастардың қоғамдық санасына жаһандық бұқаралық коммуникация құралдарының әсері (БАҚ, интернет)» турасындағы мәселелер талқыға салынды.

Өткізілген конференцияның қорытындысы бойынша пленарлық отырыста және секцияларда ұсынылған баяндамалар тақырыптары бойынша мақалалар жинағы шығарылды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім КММ

Баспасөз орталығы

«Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы әлеуметтік хакатон өтті

Ағымдағы жылдың қазан айында «Болашаққа бағдар:рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында алты әлеуметік хакатондар өтті.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі ұйымдастыруымен өткен іс шара төмендегідей бағыттар қамтылды. Олар: «Прагматизм», «Бәсекеге қабілеттілік», «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы», «Ұлттық бірегейлікті сақтау» («Ұлы даланың жеті қыры»), «Сананың ашықтығы» («Ұлы даланың жеті қыры»), «Білімнің салтанат құруы»(«Ұлы даланың жеті қыры»).

Хакатонның негізгі мақсаты Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасын және Бес әлеуметтік бастамасын ілгерілетуге бағытталған ағартушылық жобаны іске асыру, идеялармен алмасып, оларды одан әрі сүйемелдеу үшін  IT-мамандар мен қатысушыларға коммуникациялық алаң құру, Хакатон бағыттарының тақырыптарын танымал ету, сондай-ақ, дарынды жастар, студенттер, жас мамандар үшін диалогтық, жұмыс алаңын құру және өзгермелі әлем жағдайында Қазақстанның этносаясатын жетілдіру бойынша жаңа идеяларды іздеу.

Шараға этномәдени бірлестіктердің жастары, ЖОО мен колледж оқытушылары, жалпы білім беретін мектептердің мұғалімдері, студенттер, білім беру мектептерінің оқушылары, өзін-өзі жұмыспен қамтыған жастар қатысты.

Хакатон екі кезеңге бөлініп өтті. Бірінші кезеңде қатысушылар 5 командаға бөлініп, берілген бағыттар шеңберінде алдын ала дайындалған өз идеялары мен жұмыстарын таныстырды. Сайысқа барлығы 30 команда жұмылдырылды.Қатысушыларының жалпы саны-262 адамды құрайды.Бәсекеде «Прагматизм» бағыты бойынша М. Х. Дулати атындағы ТарМУ-нің FORWARD командасы ерекше көзге түсті. Жас ғалымдар экологиялық таза және ыдрағыш «QORJYN» эко-сөмкежобасын ұсынды.

«Бәсекеге қабілеттілік»бағыты бойынша «Жас STAR» командасы, «Жамбыл политехникалық колледжі» МКҚК қатысушылары тауарлар мен қызметтер биржасы туралы «10der» сайтын таныстырды. Еріктілік және халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарына көмек көрсету туралы «Қазақстанның революциялық емес, эволюциялық дамуы» бағытында Тараз теміржол көлігі және коммуникация колледжінің «Сұңқар» және «Жамбыл политехникалық колледжі» МКҚК «Оазизис» командалары жобаларын сайттары түрінде айтып, ұсынды.

Хакатонда «Білімнің салтанат құруы» бағыты бойынша Жамбыл  атындағы мектеп-гимназиясының командасы «IT-NEWS» электрондық оқулықтарын ұсынды. Сондай-ақ, осы бағытта 24  гимназиясының  «Тарихи квест» қосымшасы бар «24 bit» командасы және № 41 мектеп-гимназиясының «Астронет» командасы көзге түсті. Бұл хакатонда «Ұлттық бірегейлікті сақтау» («Ұлы даланың Жеті қыры») бағыты бойынша А. Гайдар атындағы 35 орта мектептің мұғалімдері   педагогтарға арналған «Менің портфолио кз» сайтын ұсынды.

Жамбыл политехникалық колледжі МКҚК оқытушылары, «Тәуелсіз елдің-талантты ұстаздары» командасы «SmartCard» жобасын ұсынды. Хакатонда «Сананың ашықтығы» («Ұлы даланың жеті қыры»)бағытына сәйкес «Эверест тайм» командасы «Тректік туристік жорықтар және экспедициялар» жобасымен ерекшеленді.Қатысушылардың жұмыстарын комиссия төрағасы, ғылыми және технологияларды коммерцияландыру басқармасының басшысы – АхметжановМ.А. және комиссия мүшелері педагогика ғылымдарының магистрі – Тапаева А.М., доцент, PhD доктор, –  Молдамұратов Ж.Н., Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері – Метерова Г.К.,М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-нің кафедра меңгерушісі – Кабдушев А. А., гуманитарлық ғылымдар магистрі- Исмаилов З.бағалады.

Хакатонның екінші кезеңде Жамбыл облысы Кәсіпкерлер палатасының бизнес-тренері Метерова Гүлмира тренинг өткізді. Қатысушылар командалық жұмыста өз дағдыларын көрсетіп, тапсырмаларды орындауда белсенділік танытты.

Сайыс аяқталғаннан кейін іс-шараға қатысушыларға дипломдар мен бағалы сыйлықтар табыс етілді. Марапаттау рәсімін жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы УбайдуллаеваР. М. өткізді.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратның

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі орталығы

Отбасы медиациясы

Ағымдағы жылдың  қазанында Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен  «Медиация-бірлік негізі» әлеуметтік жобасы аясында «Отбасылық медиация» атты семинар-тренинг өтті.

Семинар-тренингтің басты мақсаты ерлі-зайыптылар қоғамының толыққанды дамуы мен әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдай жасау.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Максудовна іс – шараны аша отырып, жобаның басты мақсаты-зорлық-зомбылық пен даулы мәселелер деңгейін төмендету, сондай-ақ отбасылық жұптар қоғамының толыққанды дамуы мен әлеуметтенуі үшін қолайлы жағдайлар жасау екенін атап өтті.

Рано Махсудқызы «Біз тәжірибесі бар отбасылық жұптарға қарағанда жанжалдарды жеңу қиын болатын жас отбасыларда ерекше акцент жасауға тырысамыз. Ресми мәліметтер бойынша, елімізде әрбір үшінші отбасы ыдырап жатыр, бұл негізінен жас жұптар арасында. Қазақстан халқы Ассамблеясының міндеті осындай проблемаларды шешуге жәрдемдесу, олардың алдын алу болып табылады. Кез келген жағдайда біз Қазақстанда тұратын этностардың менталитетін, мәдениетін және отбасылық құндылықтарын сақтауға тырысамыз. Бұл медиация арқылы жүзеге асады»,- деп атап өтті Рано Мақсудқызы.

Медиатор-жаттықтырушы, облыстық ҚХА медиаторлар кеңесінің төрағасы Лариса Владимировна Сафонова отбасылық медиация – бұл әділ медиатор даулы отбасы мүшелеріне, негізінен ерлі-зайыптыларға, ата-аналарға, олардың арасындағы қақтығысты, соның ішінде ажырасар алдындағы жағдайды конструктивті талқылауға мүмкіндік беретін процесс екенін айтты.  Ажырасушылардың татуласуы-отбасылық медиацияның басты міндеті емес, эмоциялар ақылға қонымды болған сәтте конструктивті диалог құру тәсілі деп айтуға болады. Ажырасу жағдайында отбасында бала көбінесе манипуляция құралы ретінде пайдаланылатыны құпия емес. Әсіресе, ажырасудың теріс салдарлары тек ересектерге ғана емес: соңында, олар мұны өздері өздеріне қолдан жасалған қиянаты іспеттес және бұл проблемалық жағдайды шешу үшін өмірлік тәжірибесі бар екенін де атап өткім келеді. Бала үшін ажырасу қайғылы, ата-анасы оның өмірі жақсарады деп ойласа да, сәби бастапқыда өмірін жоғалтып алғандай қабылдайды. Бұл жағымсыз әсерді жоюға отбасымедиациясы көмектеседі. Медиатор балалардың эмоционалдық қажеттіліктері мен тілектерін, сондай-ақ ерлі-зайыптылардың әрқайсысының ойларын талқылауға ықпал етеді.

Оқыту интерактивті тренинг форматында өтті. Оқу-жаттығу барысында: мини-дәрістер, өз тәжірибесінен  тәжірибелік жаттығулар, рөлдік ойындар, миға шабуыл, дискуссиялар, жеке байланысы бар имитациялық медиация қолданылды. Қатысушыларға дау-жанжалды жағдайларды шешу кезінде медиацияны қолдану тәсілдері туралы тренинг ұсынылды. Нәтежиесінде олар оқиғаны делдалдық және келіссөздер арқылы табысты шешу жолдарын меңгерді.

Семинар-тренингтен кейін қатысушыларға сертификаттар мен әдістемелік құралдар табысталды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Ұлттық тағамдар этникалық мәдениеттің элементі

Әр халықтың гастрономиялық әдеттері мен ғұрыптары ғасырлар бойы қалыптасқан. Ал ұлттық тағамдар белгілі бір этнос өміріне терең еніп, мәдениеттің бір бөлігіне айналған. Әр халықтың өзіне тиесілі тағам дәмдерінен сол елдің тарихынан бастап қазіргі жай-күйлеріне дейінгі аралықтың дәмі шығатындай. Өзіндік философиясы мен мәдениеті сезілетіндей.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің Достық үйінде «Гастрономиялық дәмдер дастарханы» атты этноаспаздық  фестивалі өтті.

Фестивальдің мақсаты ұлттық тағамдарды дәріптеу және облыс этностарының гастрономиясымен таныстыру, аспаздық дәстүрлерді және тағам мәдениетін сақтау, ұлттық тағамдардың өзіндік ерекшелігін жас ұрпаққа қазіргі заманғы жағдайда көрсету, этникалық тағамдарды дайындауда жаңа технологияларды қолдану.

Шараға Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығы, этностардың ұлттық тағамдарын дайындау шеберлері, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері, облыстың этномәдени бірлестіктерінің жас мүшелері, облыстық және қалалық  БАҚ өкілдерінен құралған барлығы алпыстан астам адам қатысты.

Екі бөлімнен құралған іс-шара «Рухани жаңғыру» жобасы аясында жүзеге асуда. Фестиваль басы «Үкілім-ай» бишілер тобының «Шаттық» биімен және Жамбыл облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылығының меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызының алғы сөзімен басталды. Фестивальдің бірінші бөлімінде  аспаздар ұлттық тағамдардан шеберлік сыныптар көрсетті.  Абай дәуіріндегі қазақ тағамдарынан Сихимбаева Сымбат Қалдыбекқызы «Іш май» және «Бүрме қарын» атты шеберлік сыныбын өткізді. Қарашай-балқар халқының ұлттық тағамдар пісіру бойынша Алдабаева Майса Мушукбекқызы өз тәжірибелерімен бөлісті. Тез дайындалатын тағамдардың шеберлік сыныбын Абдықахарова Лола Әбдірасулқызы өткізді. Сондай-ақ, ол тай халықтарының яғни шығыс елдерінің тағамдарын суши, баклажан және туралған көкөністерді қалай дайындау керектігі туралы да өз тәжірибелерімен бөлісті. Шеберлік сыныптың ұлттық сусындар және замауи коктейльдер дайындау бойынша соңғы сабақты Богданов Александр өткізді. Олқышқыл сүттен «Шалап» сусынын және түрлі коктейльдерді дайындауды көрсетті. Фестивальдің бірінші кезеңі аспаздық үлгіде киінген жастардың би флешмобымен аяқталды.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісі» КММ бас сарапшысы Альбина Тапаева «Қазақстан халқы өңірлік ассамблеясы жанынан жұмыс істейтін ғылыми-сараптамалық топ ұлттық ас үй мәселесіне  етене жақындап, этникалық мәдениеттің бір бөлігі ретінде олардың философисын  көрсетуді шештік. Сондықтан «Гастрономиялық дәмдер дастарханы» фестивалі қатысушыларға гастрономиямен таныстырумен ғана емес, әр этностың мәдени кодын сақтауға мүмкіндік береді. Бұл басқа этностардың мәдениетіне қатысты төзімділікке негізделген қазақстандық бірегейліктің негізі болып табылады.  Ас үй — бұл тек тамақ тұтыну орны ғана емес, сонымен қатар этнос дүниетанымының бір бөлігі, оның дәм философиясының ошағы екенін сезіндіргіміз келеді»,-деді өз сөзінде.

Іс-шараның екінші кезеңі ұлттық асхананың тұсаукесерін, тамақтану мәдениетінде дәстүрлі ұстанымдарды сақтауды көрсетті. Шараның екінші бөлігінде қазылар алқасы мен этномәдени бірлестіктер өкілдері  «Жаңғыру жолы» штабының белсенділері таныстыруымен облысты мекен ететін түрлі ұлттық асханасымен таныстырды. Достық үйінің екінші қабатында орналастырылған алаңшаларда әр ұлттың дастарханы жайылып, әуендері ойнатылып, музыкалық аспаптары жалпы ұлт ретінде ерекше айшықтайтын құндылықтары қойылған. Тау халықтары қонақтарды «Лезгинка» атты ерекше әрі атақты биімен қарсы алды.

Одан әрі барлық қатысушылар, қонақтар мен қазылар алқасы шай дайындау бойынша мастер-классқа қатысты. Онда шайдың пайда болу тарихы, қайнату тәсілдері мен түрлері туралы кеңінен мәлімет берді.

Шеберлік сабағынан кейін қатысушылар арасында марапаттау рәсімі өткізілді. Қатысушылар бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар алды. Қатысушылар ұйымдастырылған іс-шараға алғыстарын білдіріп, жыл сайын осындай іс-шаралар жиі өтсе деген ұсыныстарында білдірді. Фестиваль соңы естелік суреттерге түсіп, дайындалған тағамдардан дәм ауыс тиді.

 Жамбыл облысы әкімі аппаратының

 «Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы

Медиация бірліктің негізі

Ағымдағы жылдың қазанында Жамбыл облысы әкімі аппартының «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің ұйымдастыруымен «Медиация бірліктің негізі» әлеуметтік жобасының шеңберінде «Медиация. Кәсіби емес медиаторлар үшін базалық курс» атты семинар – тренингі өтті.

Семинарға  аудандық би кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің, жеке ұйымдардың өкілдері, жалпы білім беретін мектептердің психологтары мен әлеуметтанушылары бар барлығы отызға жуық адам қатысты.

Семинар өткізудегі басты мақсат  медиация институтының дамуына ықпал ететін қоғамдық медиаторларды медиативтік құзыреттілікке бейімдеу, әлеуметтік және құқықтық жанжалдардың алдын алу, шешу жолдарының тиімділігін анықтау, республикадағы халықтың біртұтастығын және бірлігін нығайту үшін одан әрі ынтымақтастықты арттыру.

Іс-шараның бастауы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Максудқызының сөзімен басталды. Мекеме басшысы «Адамдар арасында туындаған даулы қарым-қатынастарды реттеу үшін, қоғамдағы әлеуметтік, саяси шиеленісті төмендетуге беделді адамдар қатарынан ҚХА-ның кәсіпқой емес медиаторларының пулын қалыптастыру қажет. Ол үшін кабинет жоспарында медиаторлар желісін дамытуға ықпал ететін қоғамдық медиаторларға семинар-тренингтер қарастырылған. Бұл сабақтар қоғамдағы шиеленісті азайту үшін мемлекеттік ұлттық саясат стратегиясын іске асыруға қатысатын медиаторларға базалық білім алуға мүмкіндік береді“.-деді.

Семинарда медиатор-жаттықтырушы Сафонова Лариса Владимирқызы би кеңесінің, этномәдени бірлестік өкілдерін, сондай-ақ, білім беру қызметкерлерін және басқа да қатысушыларды медиацияны қолдана отырып, олардағы қауіпсіз кеңістік және монфликтсіз орта құру жолдарымен таныстырды.

Оқыту интерактивті тренинг форматында өтті. Оқу-жаттығу барысында: мини-дәрістер, өз тәжірибесінен тәжірибелік жаттығулар, рөлдік ойындар, миға шабуыл, дискуссиялар, жеке байланысы бар имитациялық медиация қолданылды. Қатысушыларға дау-жанжалды жағдайларды шешу кезінде медиацияны қолдану тәсілдері туралы тренинг ұсынылды. Нәтежиесінде олар оқиғаны делдалдық және келіссөздер арқылы табысты шешу жолдарын меңгерді.

Семинар-тренингтен кейін қатысушыларға сертификаттар мен әдістемелік құралдар табысталды.

Пресс-служба КГУ «Қоғамдық келісім»

аппарата акима Жамбылской области

Медиация бірліктің негізі

Ағымдағы жылдың қазанында Жамбыл облысы әкімі аппартының «Қоғамдық келісім» КММ медиация кабинетінің ұйымдастыруымен «Медиация бірліктің негізі» әлеуметтік жобасының шеңберінде «Медиация. Кәсіби емес медиаторлар үшін базалық курс» атты семинар – тренингі өтті.

Семинарға  аудандық би кеңесінің, этномәдени бірлестіктердің, жеке ұйымдардың өкілдері, жалпы білім беретін мектептердің психологтары мен әлеуметтанушылары бар барлығы отызға жуық адам қатысты.

Семинар өткізудегі басты мақсат  медиация институтының дамуына ықпал ететін қоғамдық медиаторларды медиативтік құзыреттілікке бейімдеу, әлеуметтік және құқықтық жанжалдардың алдын алу, шешу жолдарының тиімділігін анықтау, республикадағы халықтың біртұтастығын және бірлігін нығайту үшін одан әрі ынтымақтастықты арттыру.

Іс-шараның бастауы Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Убайдуллаева Рано Максудқызының сөзімен басталды. Мекеме басшысы «Адамдар арасында туындаған даулы қарым-қатынастарды реттеу үшін, қоғамдағы әлеуметтік, саяси шиеленісті төмендетуге беделді адамдар қатарынан ҚХА-ның кәсіпқой емес медиаторларының пулын қалыптастыру қажет. Ол үшін кабинет жоспарында медиаторлар желісін дамытуға ықпал ететін қоғамдық медиаторларға семинар-тренингтер қарастырылған. Бұл сабақтар қоғамдағы шиеленісті азайту үшін мемлекеттік ұлттық саясат стратегиясын іске асыруға қатысатын медиаторларға базалық білім алуға мүмкіндік береді“.-деді.

Семинарда медиатор-жаттықтырушы Сафонова Лариса Владимирқызы би кеңесінің, этномәдени бірлестік өкілдерін, сондай-ақ, білім беру қызметкерлерін және басқа да қатысушыларды медиацияны қолдана отырып, олардағы қауіпсіз кеңістік және монфликтсіз орта құру жолдарымен таныстырды.

Оқыту интерактивті тренинг форматында өтті. Оқу-жаттығу барысында: мини-дәрістер, өз тәжірибесінен  тәжірибелік жаттығулар, рөлдік ойындар, миға шабуыл, дискуссиялар, жеке байланысы бар имитациялық медиация қолданылды. Қатысушыларға дау-жанжалды жағдайларды шешу кезінде медиацияны қолдану тәсілдері туралы тренинг ұсынылды. Нәтежиесінде олар оқиғаны делдалдық және келіссөздер арқылы табысты шешу жолдарын меңгерді.

Семинар-тренингтен кейін қатысушыларға сертификаттар мен әдістемелік құралдар табысталды.

Пресс-служба КГУ «Қоғамдық келісім»

аппарата акима Жамбылской области