Теміржолшылармен кездесу
Ағымдағы жылдың 11 ақпанында Қоғамдық келісім кеңесі мүшелері Тараз қаласындағы «ҚТЖ – Жүк тасымалы» АҚ Жамбыл бөлімшесінің жұмысшыларымен кездесуі өткізілді.
Кездесудің басты мақсаты – Қоғамдық келісім кеңестері құрылған кәсіпорындарда қоғамдық бірлік пен келісімді насихаттау.
Отырысқа «Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Парида Мамедова, Жамбыл облысы ҚХА қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Абдурахман Зайнутдинов, «Қазақстан темір жолы – Жүк тасымалы» акционерлік қоғамының «Жамбыл жол бөлімшесі ЖТ» ЖШС филиалы директорының міндетін атқарушы Дүйсенбек Сыдықов және кәсіпорын активтері мен жұмысшылар қатысты.
«Қоғамдық келісім» КММ-нің басшысы Парида Мамедова Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесінің атқарып жатқан жұмыстары туралы, ҚХА-ның ұлттар арасында татулық пен бірлікті насихаттаудағы рөлі айтып өтті.
Қоғамдық келісім кеңесі төрағасының орынбасары Абдурахман Зайнутдинов ұжымда қоғамдық бірлік пен келісімді сақтауға шақырды. Сондай-ақ, мекемеде құрылған кеңестің жұмысын жанданыру құрамына белсенді жұмысшыларды, кәсіподақ ұйымын, ардагер теміржолшыларды тарту мәселесін баса айтты.
Ал, Дүйсенбек Сыдықов жалпы кәсіпорынның жұмысы жайында хабарлады. Айтуынша, кәсіпорында жұмысшылардың 91% қазақтар, қалғандары басқада этнос өкілдері. Жалпы облыс бойынша кәсіпорында 7500 тарта адам жұмыс істейді. Мекемеде ұлтаралық сипаттағы келеңсіз жағдайлар тіркелмеген. 2022 жылдан бастап теміржол қызметкерлерінің айлық жалақысы 40 пайызға дейін жоғарылаған. Жалақы негізінен төмен айлық алатын қызметкерлерге көбірек қосылған. ҚР мемлекеттік мерекелерінде ұлтына қарамай барлық жұмысшылар бірдей марапатталады.
Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ “Қоғамдық келісім” КММ
Баспасөз қызметі орталығы