«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫМЕН
Елімізде «Таза Қазақстан» акциясы басталғалы барлық қалада ауқымды экологиялық-санитарлық тазалық жұмыстары жүргізілуде.
Республика көлемін қамтыған айтулы акция Таразда да жалғасуда.
«Ассамблея жастары» РҚБ Төрағасының орынбасары және өңірлік жастар ұйымының жетекшісі Хамида Тұрдыеваның бастамасымен этнос жастары тазалау жұмыстарын жүргізді. Бірлік пен бірегейлікті көздейтін жастар бұл жолы бір ауыздан келісіп Таразды бойлай аққан Таластың жағасын тазалады.
Жастар өзен аумағындағы ағаш діңдерін әктеп, артық шөптерден арылтты. Тазалық жұмыстарына белсене атсалысқан жастар қоршаған ортаны таза ұстауға, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға өз үлестерін қосып қана қоймай, туған жерімізді таза ұстауға шақырды.