ТАРИХ — ЖАСТАР КӨЗІМЕН” республикалық жастар форумы «Turan» демалыс аймағында

Бүгін, үстіміздегі жылдың 5 қарашасында Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бір ел» тарихи-танымдық жобасы  аясына шоғырланған «Тарих – жастар көзімен»  республикалық жастар форумының   қатысушылары —  этномәдени бірлестіктердің белсенді жастары, «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері, жастар ұйымдарының өкілдері мен еріктілер Жамбыл облысы облысының Меркі ауданы «Turan» демалыс аймағына келіп тоқтады.

Еске сала кетейік, атаулы форумға Астана, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Павлодар, Манғыстау, Қызылорда, Түркістан, Орал, Қарағанды, Ұлытау, Жетісу, Абай, Жамбыл облыстары, Шымкент қалаларынан 60-тан аса жастар  жиналған болатын. Таңғы жаттығу мен таңертеңгілік астан соң тау самалымен тыныстап, демалыс аймағын тамашалаған жастар әдістемелік жұмыстарға кірісіп кетті.

Шараның республикалық деңгейде «Ассамблея жастары» РҚБ жетекшілері мен төрағалары сөз алған бөлімінде «Қазақстан Ұйғыр жастары одағы» РҚБ төрағасы, «Ассамблея жастары» РҚБ төрағасының кеңесшісі Рустам Кайрыев «Медиа кеңістіктегі ҚХА: өзара әрекеттесу тенденциясы» тақырыбында тренинг өткізіп, тақырып шеңберінде әлеуметтік желілерде жарияланатын хайп-ақпараттардың дұрыс берілуі, паразит сөздерді қолданбау, жалған ақпараттардан аулақ болу, корректі дұрыс эксперименттер, трендтермен жұмыс жасау, қазіргі замандағы заманауи креативтілік, сондай-ақ осындай шығармашылық индустриясын ояту, креативті экономиканы дамыту, таныту жөнінде жастарға дәріс беріп, ақпарат жариялаудағы өзінің тәжірибелік құнды әдістемелерімен бөлісті