Таразда Сергей Есениннің мерейтойы аталып өтті

Поэзия кешін ағымдағы жылдың қазан айында Жамбыл облысының «Радонеж» орыс қауымдастығы ұйымдастырды.
Биылғы Сергей Есениннің 125 жылдығына арналған поэзия кешіне Тараз қаласының мектеп оқушылары мен колледж студенттері мен мұғалімдері, этникалық бірлестіктердің өкілдері, барлық жастағы поэзия сүйер қауым қатысты.
Тараздағы Есенин оқулары он жылдан астам уақыт дәстүрлі түрде еркін форматта өткізіліп келеді. Ескерткіш алдында Ұлы ақынның естелігі мен құрметіне, Есениннің поэтикалық стилінің әсемдігімен бөлісуге тілек білдірушілер жарыса өнер көрсетті. «Радонеж» орыс қауымдастығының төрағасы, «Калинка» вокалдық ансамблінің көркемдік жетекшісі Владимир Сорокиннің жетекшілігімен Есениннің халық әндеріне айналған өлеңдері де орындалды. Іс-шараға орай, Владимир Сорокин: – Есениннің өлеңдерінде оның Отанға деген сүйіспеншілігі бейнеленген. Бұл поэзия интернационалды себебі ол мейірімділік пен сүйіспеншілікке толы әрбір жүрекке жақын. Бұл біздің жыл сайынғы дәстүрге айналған іс-шараларымыздың бірі. Есениннің шығармалары бүгінде әлемнің көптеген тілдеріне аударылған. Міне, өз кезегінде қазан айындағы Есенин оқулары, қаламыздағы поэзияға құштар жандарды жинай білді»-деп өз ойын білдірді.
Жыл сайын мектеп оқушылары осындай әдеби оқуларға белсене қатысады. Өскелең ұрпақтың көркем әдебиетке деген ынтасы да зор.
Поэзия кешінде тек өлеңдер ғана оқылып қоймай, ақын ескерткішіне гүл шоқтары да қойылды.

Жамбыл облысы әкімі аппараты
«Қоғамдық келісім» КММ
Баспасөз қызметі орталығы