Таразда офицерлер мен сержанттарға дәріс оқылды

Ағымдағы жылдың желтоқсанында   мемлекеттік – құқықтық дайындық аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбы бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері  қолбасшысы басқармасының жеке құрамымен бірлескен дәріс өткізілді.

Дәріс басталмас бұрын жиылған жұртшылықты Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми – сараптамалық тобының бас сарапшысы Альбина Тапаева сәні мен сәулеті келіскен Достық үйі ғимратыны аралатып, Елбасы ұсынған «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының бөлімдеріне сай атаулармен аталған алаңшалармен танысты. Ғимарат ішінің бірінші этажында офицерлер мен сержанттартардан құралған 80 адамға  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында слайд көрсетіліп, аталған мақала негізінде жүзеге асқан жобалардың нәтежиесімен танысты.

Экускурсия жасап, ғимарат ішімен танысып болған офицерлер мен сержанттартарға арнап Достық үйінің үшінші этажында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы ғылыми-сараптамалық тобы төрағасының орынбасары – Мамедова Парида Иманжанқызы  «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбында дәріс оқыды.

– Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы ел дамуының жарқын үлгісі мен нақты қадамдарын көрсететін келелі ой, салиқалы пікір, батыл шешімдерге құрылған маңызды құжат. Аталған мақала нгізінде халықтың санасын  жаңғырту, ұлттық болмыс пен ұлттық кодтан айырылып қалмай, оны әлемдік құндылықтармен теңестіру, еліміздің игілігіне жарату жолындағы мақсат-мүдделер туралы өзекті мәселе көтеріліп отыр. Осы бағдарламалық мақала негізінде мазмұн ауқымдылығымен, идеологиялық маңыздылығымен құнды «100 жаңа есім», «Жаһандағы заманауи қазақстандық мәдениет», «Қазақ тілін біртіндеп латын әліпбиіне көшіру жұмыстары», «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық», «Туған жер», «Қазақстаның қасиетті рухани құндылықтары» немесе «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» атты жобалар жүзеге асты…

Ал, облыс көлемінде аталған бағдарлама төңірегінде атқарылған істер бойынша дәріс оқыған «Рухани жаңғыру» жобалық офисінің менеджері Байдешова Жамиля Абдрахманқызы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыс бойынша тиісті жоспар бекітіліп, жүйелі жұмыстар атқарылуда.

2017 жылы өңірде «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жалпы құны      1,1 млрд. теңгеге 24 жоба ұйымдастырылып, 120 мыңға жуық адам қамтылды.

2018 жылы өңірлік реестрге жалпы құны 1,4 млрд. теңгені құрайтын 149 жоба енгізілді. Оның ішінде жергілікті бюджет 369 млн. теңге, демеушілер есебінен 1 млрд. теңге тартылды.

Бүгінге 149 жобаның 115-і жүзеге асырылып, қалған 34 жоба бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда. Ұйымдастырылған іс-шараларға 400 мыңға жуық адам қамтылды»-дейді.

Жиын соңы аталған мәселелер мен атқарылған жұмыстар негізін талдап, пікір алмасумен аяталды.

 Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі