Таразда «Калинка» вокалдық ансамблінің 5 жылдығы атап өтілді

Жамбыл облыстық «Радонеж» орыс қоғамы қоғамдық бірлестік ретінде 1993 жылдың наурыз айынан бастап  тіркелді, содан бері этномәдени бірлестік облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы ұйымдастырған, өңірлік этносаралық келісімді нығайтуға, патриотизмді насихаттауға, мемлекеттік бірегейлікті құруға бағытталған іс-шараларға белсенді қатысатын ұжымдардың қатарына кірді. Ал «Калинка» ансамблінің алғашқы кәсіби қойылымы Тараз қаласының Мәдениет үйінің сахнасында орыс халқының ою-өрнектерімен көмкерілген кестелі ұзын ақ-қызыл сарафандарын киген әйелдер ұжымы және «Радонеж» орыс этномәдени бірлестігі мүшелерінің орындауында «Ой, цветет калина» әнімен басталған болатын.

«Хоровод» биін және «Ой, цветет калина» әнін осы шығармашылық топтың негізін қалаушы және көркемдік жетекшісі Владимир Владимирович Сорокин сахнаға шығарып, облыста айтарлықтай жетістікке жетті. Осы қойылымнан кейін «Калинка» ансамблі атауын алған болатын.

Бес жылдан астам шығармашылық қызметінде В.Сорокин халықтық негізде аталмыш ансамбльдің көмегімен отыздан астам сахналық туындыларды ел назарына ұсынды. Өңірде барлық қоғамдық маңызы бар мәдени іс-шараларға қатысатын «Калинка» шығармашылық ұжымы әрдайым сұранысқа ие. Бұл жөнінде неге сөз қозғап отырмыз?!

Себебі, осыған орай, ағымдағы жылдың ақпан айында Тараз қаласының Достық үйі ғимаратында «Радонеж» Жамбыл облыстық орыс қоғамы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Калинка» вокалды ансамблінің бес жылдығы атап өтілді.

Іс-шара барысында Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева ансамбль мүшелерін 5 жылдығымен

құттықтап, Жамбыл облысы өңірлік ҚХА іс-шараларына белсенді қатысқаны үшін шын жүректен алғысын білдірді. –«Кеше ғана біз «Калинка» ансамблінің ашылуында болған сияқты едік, ал бүгін сіздер осы көркемдік ұжымның 5 жылдық мерекесінің куәгерлері мен қатысушылары болып отырсыздар. Ансамбльдің әндері мен билері 5 жыл ішінде өз көрермендерінің жүректеріне жол таба білді. Шығармашылық топтың белсенді мүшелерінің ерен еңбегі мен өміріне шығармашылық табыс және отбасылық амандық тілеймін! Бүгін «Радонеж» орыс қоғамының бірлестігі ұйымдастырған кеш барлығына ерекше көңіл-күй сыйласын!».

Концерт барысында сахнада «Шолпан» қазақ әні, «Ляйсан тамчилары» вокалдық тобының қатысуымен «Эх, Тала, Тала» татар әні, «Ой нэ свиту мисяченьку» украин халық әні сияқты композициялары қойылды. Сондай-ақ, бұған қоса, «За тихой рекою», «Голубая ночь», «Хмель», «Кумушка», «Не грусти, калинка», «Ночка луговая» және т.б. әндер шырқалды. В.Сорокин өз ұжымының шығармашылығы туралы былай деді: – «Біздің кез-келген жұмысымыздың бел ортасында орыс «хороводы» немесе лирикалық және көңілді әндер болсын, мұның бәрі орыс этникасының символы болып табылады. Біз орыс халық өнерінің этностық ерекшелігін барынша айқын білдіргіміз, көрсеткіміз келеді. Бұл біздің ансамблімізге шабыт көзін сыйлайды».

Аталған іс-шарада «Жас дәурен» үлгілі хореографиялық ансамблі «орыс хороводы», «орыс биі» және «Домбыра» қазақ биі билерімен өнер көрсетті. Сондай-ақ, Дон казактарының әні «Как за Доном за рекой», песни «Хуторок», «Крапива Лебеда» т.б.әндер шырқалды.

Іс-шара соңында «Радонеж» орыс қауымдастығының төрағасы және «Калинка» вокалдық ансамблінің көркемдік жетекшісі Владимир Сорокин шығармашылық топтың барлық мүшелеріне алғыс айтып, қатысушыларды алғыс хаттармен марапаттап, оларға естелік сыйлықтар табыс етті.

Қазіргі уақытта да облысымызда «Калинка» ансамблі шығармашылық қызметін жалғастыруда және кеңінен танымал.

Жамбыл облысы әкімдігінің

ішкі саясат басқармасының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы