Тараз – Худжанд жаңа рейсі

9

Енді міне, Тәжікстан  да Таразға жақындай түсті. Сенбі күні «Әулиеата» халықаралық аэропортына біздің қалалар мен халқымызды берік әуе көпірімен жалғайтын Худжандтан жаңа борт ұшып келді. Бұл – қазақстандық ірі әуе компаниялардың бірі «SКАТ» жүзеге асырған рейс.

Бірінші рейсті қала тұрғындары салтанатты түрде қарсы алды. «Sкат» авикомпаниясының «Boeing»-737-300 ұшағы өрт сөндіруші автокөліктер атқылаған су бұрқағынан жасалған кемпірқосақ сәулелерінің астынан жүріп өтті.

Лайнер жолаушылары мен экипаж мүшелерін траптан ұлттық аспаптар оркестрының  әдем үні мен шығыстың шырайлы жеміс-жидектерін ұстап шыққан қазақ, тәжік және өзбек ұлттық киімдерін киген қыздар күтіп алды. Мұндай салтанатты қарсы алуды, сірә, ешкім күтпеген сыңайлы, себебі барлық жолаушылар таңқалысын жасырмай, көздеріне жас алғандары да кездесті. Әртүрлі жеке және қызмет бабымен Тәжікстанға кеткен жерлестері мен қонақтарды Жамбыл облысы әкіміның орынбасары Бекболат Орынбеков, Тараз қаласы әкімінің міндетін атқарушы Мақсат Ахаев, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының міндетін атқарушы Лариса Лысова және облыстық тәжік этномәдени бірлестігінің президенті Алижон Мулладжанов қарсы алды.

Біз бүгін облыс, қала және «Sкат» авиакомпаниясының басшылығына тарихи отанымызбен байланыстырып тұратын тікелей әуе жолының ашылуына ықпал жасағаны үшін үлкен алғысымызды білдіреміз, – деп атап өтті баспасөз конференциясы барысында Алижон Шукурұлы. – Худжанд (бұрынғы Ленинабад) үлкендігі жағынан Тәжікстанның екінші қаласы болып саналады және тарихи жерлері көп, әлемдегі ең көне қалалардың бірі. Екі ел арасындағы әуе көпір – бұл көне Таразымыз үшін мәдениет пен туризм саласы бойынша жедел әрі әртүрлі байланыс көзін нығайту болып табылады.

Аптасына екі мәрте ұшатын Тараз-Худжант-Тараз жаңа әуе рейсі арқасында, Тәжікстан жолаушылары Алматы, Астана, Москва, Сібір қалаларына бағытталған тіке рейстермен ұша алады.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз-қызметі