Тараз қаласының Достық үйінде өзбек этносының күні аталып өтті

Тараз қаласының Достық үйінде өзбек этносының салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпы, мәдениеті мен тарихына арналған этнос күні аталып өтті. Іс-шараға ақсақалдар кеңесі, аналар кеңесі, «Тараз қаласының өзбек орталығы» жастар қанаты, сондай-ақ жамағат өкілдері қатысты.

Мерекелік кеште өзбек этносының мәдениетінен сыр шертетін дәстүрлі әндері орындалды. Атап айтар болсақ, Ашрафи Алишер Науаи, Мұхтар, Фахриддин Умарова, Шерали Жураев сияқты танымал өзбек композиторлары мен классиктерінің шығармалары және Шоюсупов Бахтиярдың орындауындағы «Утар» әндері, Акрамов Каримнің орындауындағы «Өзбегім» әні, Балтаходжаев Абдурашид және басқалардың орындауындағы «Науаи» әні шырқалды.

Өңірдегі өзбектер этносының тарихы, салт-дәстүрі, мәдениетін дәріптеу, келер ұрпақтарына тың тарихынан сыр шертіп, құндылықтарды насихаттау мақсатында сурнай,гиджак, дойра, дутар сынды ішекті-ыспалы музыкалық аспаптарының сүйемелдеуімен керемет әндер орындалды.