ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА “МЕКТЕПКЕ ЖОЛ” ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫ ЖАЛҒАСУДА

Акция аясында мейірімге мұқтаж жандарға көмек беруде өңірлік ҚХА этномәдени бірлестіктерінің қай-қайсысы болса да бейқам отырған жоқ.

Осы шараға этнобірлестіктердің барлығы да өз мүмкіндіктерінше бір кісідей атсалысып, демеушілік көрсетіп жүр.

“Әрбір жасалған жақсы істің қайыры бар” демекші, акция бойынша ең алғашқылардың бірі болып, “Қазақстандық татар-башқұрт конгресі” республикалық ҚБ-нің Жамбыл облысындағы филиалы жаңа оқу жылы басталмастан бірнеше балаға қуаныш сыйлап, аталмыш акцияға өз үлесін қосқан болатын.

1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне арнап, татар-башқұрт этномәдени бірлестігінің төрайымы Фарида Фаридқызы Нақыш қаламыздағы аз қамтылған, көп балалы отбасыларының мектеп жасындағы оқушы балаларына барлық қажетті мектеп құралдарын сыйлады.

Көмекке зәру балалардың нәумездігіне жол бермей, мектепке ел қатарлы қысылып-қымтырылмай баруына зор себепші болған қайырымды істеріңіздің берекесін берсін, этнос өкілдері!

”Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс” бөлімі