Тараз қаласында «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы өтті

Ағымдағы жылдың наурыз айында Тараз қаласында Наурыз мерекесіне және ҚР Тәуелсіздігіне 30 жыл толуына орай, Жамбыл облысы ҚХА ұйымдастырған «Мейірімді жүрек» қайырымдылық акциясы өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ, облыстық ассамблеяның этномәдени бірлестік өкілдерінің ұйымдастыруымен өткен игі іске «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері атсалысты.

Іс-шараның мақсаты – әлеуметтік осал топтағы отбасылар мен қарт кісілерге «Мейірімді жүрек» облыстық қайырымдылық акциясы аясында көмек көрсету. Сондай-ақ, өскелең ұрпақ арасында мейірімділік, қамқорлық сынды ізгі қасиеттерді насихаттау, әлеуметтік жағдайы төмен, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсету, достық, бірлікті нығайту болып табылады.

Айта кетейік, жомарт жандар қаламыздағы 20 ардагер мен әлеуметтік жағдайы төмен 20 отбасыға азық түлік үлестірді.

Жамбыл облысы әкімдігі

ІСБ «Қоғамдық келісім»КММ

Баспасөз орталығы