Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

3 мамыр күні Достық үйінде, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» пікірталас алаңы ұйымдастырылды.

Жиынға облыстық этномәден бірлестік басшылары мен өкілдері және «Ақ желкен» жастар лигасы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жастары қатысты.

Жиын барысында азаматтардың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды дамыту, кедергісіз орта құру, «партиципаторлық» бюджеттеуді кеңінен тарату (халықтың бюджетті қалыптастыруға тікелей қатысуы) сынды бірқатар мәселелер қаралды.

Сыбайлас жемқорлық – бұл екі жақ арасындағы қылмыстық «мәміле» деп тұжырымдауға болады, оның бірі – өз лауазымдық өкілеттігін заңға қарсы пайдаланатын мемлекттік немесе жеке қызметте жұмыс істейтін тұлға, екіншісі – мемлекеттік немесе жеке құрылымды өз басының пайдасы, яғни материалдық жағдайын көтеру, артықшылық алу, заңда көзделген жауапкершіліктен таю үшін пайдаланатын адам. Жиын барысында мұндай әлеуметтік құбылыстың қаншалықты қауіпті екендігі, қоғамға және қоғамның мүшелеріне, саяси, материалды және басқа зиян келтіретіндігі жөнінде сөз болды.

Жиын соңында әсіресе жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы қалыптастырудың маңыздылығына тоқталып, барлық қатысушыларды мемлекетке адал қызмет етуге үндеді.

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ Баспасөз қызметі