Сабри Асанович құттықтау

Атом бомбасынан қазақтың көрген азабын айтып тауысу қиын. Кеңес Одағы артынша Семейде 1949 жылдың 29 тамызында 22 тонналық ядролық бомбаның алғашқы сынағын өткізді. Қуатты жарылыстан аймақ бір мезетте радиациялық күлге оранған.
Мәліметтер бойынша Семей жерінде 40 жыл бойы сынақтан өткен ядролық зарядтардың жиынтық қуаты Хиросимаға тасталған атом бомбасынан 2,5 мың есе асып түседі екен. Яғни, бір мезетте 350 млн адамның өмірін жалмауға қауқарлы. Семей полигонында өткізілген соңғы ядролық жарылыс 1989 жылдың 19 қазанында болды. Осыдан кейін, яғни 1991 жылдың 29 тамызында Семей полигоны Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың жарлығымен жабылды. Елбасымыздың арқасында еліміз егемендігін алғаннан кейін полигон жабылып, өз еркімен ядролық қарудан бас тартқан алғашқы мемлекет біз болдық.
Ел ішінде ұлтаралық татулыққа дем бере отырып, Тәуелсіздік алғанға дейінгі қалыптасқан жағдайды бірден өзгертуге әрекет жасамады. Есесіне мемлекет басшысы ұлттың ұзақ уақыттағы арман-тілегін жүзеге асыруды ұзақ мерзімді даму сатыларына негіздеді. Мемлекеттік тілімізде, қазақы ұғым-түсінік тұрғысынан алғанда «батпандап кірген аурудың мысқалдап шығатын» заңдылығын ұмытқан жоқ, қарапайым халықтық философияның түйінді тұсын алыс мақсаттарға арқау ете білді. Оған қоса, бірнеше ғасырға созылған бодандық езгіден есеңгіреген елдің болашағын тыныштықпен байланыстырды. Қару тұрған жерде тыныштық болмайтынын тереңнен түсінді, сөйтті де ядролық қарудан өз еркімен бас тартты.
Басқасын айтпағанда жаңа заманаға сай экономикасы мен қорғанысы жағынан да дербес саясат жүргізіп көрмеген Қазақстанның сол тұстағы жағдайы қорғансыздың күнімен бірдей еді. Сондай бір сындарлы тұста қолда бар қарудан бас тарту аса үлкен ерлік пен болашаққа деген көреген сенімді қажет ететін еді. Осындай өжеттілік пен қайраттылық танытқан Тұңғыш президентіміз Н.Назарбаевтың алапат қарудан бас тарту шешіміне орай берілген бұл ризық берекелі мәртебе деп сенімді айта аламын!
Қазақ елі аман болсын!
Жамбыл облыстық «Барбанг» күрділер ассоциациясының өкілі, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Ақсақалдар кеңесінің мүшесі Асанов Сабри Асанович