Париж-2024: Жеңісті күндеріміз көп болсын!

Париж Олимпиадасының алғашқы күндерінде-ақ ел қоржынына 3 жүлде түсті. Айтулы аламанда қазақстандық спортшылар Ислам Сатпаев пен Александр Ле жұбы нысана көздеуден қола медальге ие болса, жерлесіміз, жамбылдық дзюдошы Елдос Сметов алтыннан алқа тағынып, татами шебері Ғұсман Қырғызбаев қола медальді қанжығалады. Баршаңызды осынау айтулы нәтижемен шын жүректен құттықтаймын! Ел намысын қорғауға аттанған спортшыларымыз алдағы уақытта да жанкүйер қауымды қуантады деп сенемін. Бұл жетістік еліміздегі спорт түрлерінің қарқынды дамып келе жатқандығының жарқын көрінісі.

#TeamKazakhstan

#kazakhstanolympics

 

Абдурахман ЗАЙНУТДИНОВ, Тараз қалалық Өзбек этномәдени орталығының төрағасы