Отан мен Туды қорғау

Жақында Таразда ҚР Тұңғыш Президенті күніне арналған “Ордабасы” және Таэквон-до ұлттық командалық ойынынан ашық облыстық турнир аяқталды.

Іс-шараның мақсаты – балаларды, жасөспірімдер мен жастарды салауатты өмір салтына тарту, компьютерлік тәуелділікті жою және жеңу, ұлттың салауатты генофондын жақсарту және қалпына келтіру, жастарды Қазақстан армиясы қатарында қызмет етуге психологиялық және физикалық тұрғыдан дайындау, Қазақстанның нағыз патриоттарын тәрбиелеу. Естеріңізге сала кетейік, бірнеше жыл бұрын бұл ойынды ҚХА мүшесі, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Руслан Исмазов әзірлеп, патенттеген болатын. “Ордабасы” спорт ойынының ережелері бойынша екі команда ту үшін таласады, шығыс жекпе-жегінің шеберлігін көрсете отырып, өз шекараларын қорғайды. Жарысқа “Тайчи”, “Джитай”, “Ястреб”, “Хаммер” және ПСК “Тимур”спорт клубтарының командалары қатысты. Барлығы-250-ден астам жауынгер. 5-6 жас, 7-8 жас, 9-11 жас, 12-14 жас және 15-17 жас аралығындағы бес жас санаты ұсынылды.

– Біз баяу, бірақ табанды түрде өз мақсатымызға қарай қадам басып келеміз, – дейді ҚХА мүшесі, ҚР еңбек сіңірген спорт қайраткері Руслан Исмазов. – “Ордабасы” ұлттық командалық ойынын ілгерілетуге және оған қатысуға ниет білдірген спортшылар, ата-аналар мен жаттықтырушылар саны артып келеді. Пандемияға қарамастан, бұл биылғы Қазақстан бойынша бесінші турнир. ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған “Ордабасы” ұлттық командалық ойыны бойынша соңғы республикалық чемпионат 16-19 желтоқсанда Алматыда өтеді.

 

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

«Қоғамдық келісім» КММ баспасөз орталығы