Манарбек Көшкімбаев «Nur Otan» партиясы Мойынқұм аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, Жамбыл облысы Мойынқұм аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің мүшесі.

Елін сүйген Елбасы.

Мен ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Бірлесе білген ел бәрін жеңеді» атты мақаласын мұқият оқып шықтым.

Тәуелсіздікті алудан көрі оны сақтап қалудың қиындығын білген Елбасы өзінің мемлекетті басқарудағы әр қадамын оның тәуелсізідігін нығайтуға бағыттап отырды. Тәуелсіздікке қол жеткізген 30 жылдың  ішінде кәсіби мемлекеттік аппарат қалыптасып, өзіміздің әскери доктринамыз бекіді.

Біз әлемдік қауымдастықта  ойып алар орны бар, өзіндік геосаяси ортаны қалыптастыруға ықпал ететін, бағыты айқын елге айналдық. Еліміз ядролық қарудан өз еркімен бас тартып, әлемге бейбітшілік шуағын таратып, үлгі көрсетті.

Елбасы әлемді шарпыған індетке байланысты «Nur Otan» партиясының жұмысын жандандырып, қиын кезеңде халыққа қолдау жасап, «Біз біргеміз!» акциясын жариялады.  Акцияны қолдаушылар аз қамтылған отбасыларға, көп балалы, мүмкіндігі шектеулі жандарға жәрдем жасап,  жер-жерде қолдау көрсетуде.

Мақаланы оқи отырып, мен Елбасыны туған жерді, Отанды, халқын әр азаматтың қалай сүю керектігінің үлгі -эталоны,  елін сүйген Елбасы ретінде таныдым.  Ол халыққа ақжолтай  тілегін арнап, ақ батасын берді.

Халқымызда “Іштен шыққан жау жаман” деген сөз бар. Осындай қиын кезеңде үрей туғызып, кереғар сөз айтып, ұрандатқан адамдарға халық болып тосқауыл қойып, сабырға шақырайық.  Елбасы Н.Назарбаев мемлекет тарапынан қажетті барлық шаралар атқарылатынын және бірде – бір адамның қамқорлықсыз қалмайтынын тағы да кесіп айтты.

Ендеше “Бетеге кетсе бел қалар, Бектер кетсе ел қалар, Берекең кетсе нең қалар” деп Бекет атамыз айтып кеткендей, тәртіпке бағынып, берекені келтірейік!

Аты жаман жұқпалы дертті жеңе білу үшін қойылған талапты бұлжытпай орындап, бәріміз бірге темірдей тәртіпке бағынайық!.  Біз Біргеміз!