МАҢЫЗДЫ КЕЗДЕСУ

Тараз қаласы, «Қоғамдық келісім» КММ-де қоғам қайраткері, ҚХА Медиация кеңесінің төрағасы, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық Құрылтайдың мүшесі Шерзод Пулатов Жамбыл облысының «Ассамблея Жастарымен» Ассамблеясының өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесу барысында Ш.Пулатов өзі туралы, татулық пен келісімді нығайтуға бағытталған қоғамдық қызметі туралы айтты. Табыскерлік пен кәсіби өсудің құпияларымен бөлісті. Сондай-ақ ҚХА-ның, мемлекеттік тілдің жеке адам мен қоғам өміріндегі рөлі туралы сөз қозғады.

Өз кезегінде жастар өткізіліп жатқан іс-шаралар мен оларды түрлендіріп өткізуге қатысты қызықты форматтарға тоқталды.

«Ассамблея жастары» РҚБ өкілдері этносаралық қатынасты нығайту мен тұрақтылығын сақтау бағытындағы өз ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, “аға толқынның” алдындар әр тақырыпта сауалдар қойысып, тәжірибелі тұлғаның соған сай лайықты жауаптарын алды.

Кездесу еркін форматта, мамыражай көңіл-күймен өтсе де өз деңгейінде маңызды да қызықты, салиқалы кездесуге саналды.

 

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі