Елдің бірлігімен татулығы – біздің ең құнды жәдігеріміз
Қазақстан халқы Ассамблеясы бүгінгі таңда қоғамдағы топтастырушы және біріктіруші күшке айналып отыр. Ол мемлекеттің ұттық саясатының өзекті міндеттерін шешуге белсенді түрде атсалысады. Саяси оқиғалар мен жағдайларға сараптама әрі болдам жасай отырып, қоғамдық келісіммен татулықты сақтауды қамтамасыз етудің жолдары бойынша өздерінің нақты ұсыныстарын жасап отырады.
Бүгінгі қоғамдағы түбегейлі өзгерістер халқымыздың ауызбірлігін, белсенділігін, әр азаматтың жеке басының жауапкершілігін талап етуде. Қоғамдағы келісім мен бейбіт өмір, саяси тұрақтылық үшін жан аямай қызмет ету, өз Отанына, отбасына елімен жеріне деген сүйіспеншіліктен ғана туындайды. Қазақтың ұрпақ пен дәстүр сабақтастығы, өзге этнос өкілдеріне құрметі сияқты қасиеттері шетелдік сарапшылар тарапынан да оң бағасын алды. Әлі де жалғасын табуда.Ел тыныштығына мән беру – міндет.
Еліміздегі этносаралық және конфессияаралық татулық көптеген елдерге үлгі себебі, сенімімен көзқарасы әр алуан ұлттар мен ұлыстар бір мемлекетте береке-бірлікте өмір сүріп келеді. Елдің бірлігімен татулығы біздің ең құнды жәдігеріміз!
16-желтоқсан – Тәуелсіздік мейрамы құтты болсын, қазақстандықтар!
Жамбыл облысы Жамбыл аудандық
түрік өкілдерінің төрағасы,
«Ақбұлым» ақсақалдар алқасының мүшесі
Ладиф-Оглы Нафиз Ладифович