Елбасы туралы фильмдер көрсетілімі

Тараз және Жамбыл облысы этномәдени бірлестіктерінің жастары ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев туралы фильмдердің ашық көрсетілімінде болды. Іс-шара Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған. Мақсаты-Елбасы үлгісінде жастардың көшбасшылық қасиеттерін тәрбиелеу. Көрермендер “Елбасы жолы” және “Назарбаев факторы”деректі фильмдерін көрді. «Елбасы жолы” фильмінде Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлға, көшбасшы ретіндегі қалыптасуының негізгі сәттері көрсетілген. “Назарбаев факторы” фильмі-Елбасының қызметі, еліміз үшін тағдыршешті шешімдер қабылдау, ҚР Тұңғыш Президентінің бастамалары туралы жаңа деректі фильм. Қазақстанның Тұңғыш Президенті-Елбасының еліміздің тарихына қосқан үлесі баға жетпес! Нұрсұлтан Назарбаев тарихтың қиын-қыстау кезеңінде билікте болды және өзінің терең саясатының арқасында елдің тәуелсіз жолын қалыптастыра алды. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың батылдығының, жауапкершілігінің, көшбасшылық қасиеттерінің арқасында еліміздің жетістіктері мен оларды әлемдік қауымдастықтар мойындады.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ

Қоғамдық келісім “КММ Баспасөз қызметі орталығы