БІРЛІГІ КҮШТІ ЕЛ ОЗАДЫ

Бейбітшілікке,бірлікке, тыныш өмір сүруге ұмтылу-қазақ халқының қанына сіңген асыл қасиеттерінің бірі.Абай атамыз айтқандай: «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп…» демекші қазақ халқы өзге этнос өкілдеріне қамқорлықпен,шексіз махаббатпен қарап келеді.

Ауызбіршіліксіз ешкімнің де,ешбір елдің де ешқашан асығы алшысынан түспеген. Қазақтың тағы бір қасиеті,ешкімнің ала жібін аттамауға,көрші-көлем,ағайын-жұртпен,алыс-жақынмен тату-тәтті,сыйлас болуға үгіттеген.

Киелі қазақ шаңырағына уық болып қадалған өзге этнос өкілдері «Қазақстан-достық пен татулықтың шынайы мекені» дегенді ұранға айналдырған.

Қазақстан халқы Ассамблеясы-өзге халықтарға үлгі-өнеге бола білді. Оның міндеті-достықты нығайту ғана емес,оған қоса әр ұлттың тілін,тарихын,мәдениетін,салт-дәстүрін сақтап, қоғамдағы тұрақтылықты нығайту бағытында түрлі іс-шаралар өткізу болып табылады. Қазақстанның көпэтносты халқының татулығы ынтымақтастығы,бейбітшілігі біздің еліміздің ең басты байлығы. Оны көздің қаршығындай сақтап, нығайта беруіміз қажет. Біздің мемлекетіміздің басты жетістігі-еліміздің халықтарының ұлтаралық және конфессия аралық келісімі,өзара түсіністігі мен сыйластығы.

Эсмира Мамедова

«Мехрибан» әзірбайжан этномәдени

орталығының төрайымы