Ауыл әкімі болғым келеді!

Ағымдағы жылы  Достық үйінде Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»   КММ  ұйымдастыруымен Елбасы Н.Назарбаевтың 2018 жылғы     5 қазандағы «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асырудыңЖедел жоспарының «Жаңғырған ауыл» және «Ауылым – ел бесігі»тармақтарындағы тапсырмаларға  және Жастар жылы аясындағы облыстық Жол картасына сәйкес«Ауыл әкімі болғым келеді!»  әлеуметтік жастар жобасыныңбайқауы өтті.

Байқаудың мақсаты  жастарды өз идеялары мен бизнес-жобаларын белсенді түрде жүзеге асыруға ынталандыру, стартап-жобалары бар және кәсіпкерлік негіздерін игерген ауыл жастарымен қарым-қатынасты нығайту және қолдау. Сондай-ақ, ауылдың әл-ауқаты, тұрмысын жақсартып, ауылдағы жұмыссыздықты азайтуға бағытталған.

Байқау екі кезеңнен тұрды. Бірінші кезеңде  аудандардағы ауыл жастарыныңауылды көркейтуге арналған инновациялық жобалары таңдалды, олардың өндірістегі жетекшілері бекітілді.Бақ сынасып байқауға қатысқан25 жобаның ішінен  екінші кезеңге, яғни облыстық турда тек ауданнан жолдама алған 9 жоба бәсекелесті. Жобасын жүзеге асырсам деген жастарға әділқазылық еткен қазылар құрамында «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының кәсіпкерлері және аймақтағы ЖОО оқытушылары болды.

Жобалар байқауының нәтижесі бойынша бірінші орынға Құлан ауылшаруашылығы колледжінің Ветеринария мамандығының студенті – Гордеев Денис Геннадьевичтің «Баламалы энергия көзі негізіндегі агрономия мамандығының тәжірибелік алаңы» атты бүгінгі таңда өндірістік сынақтан өтіп жатқан  өндірістік жобасы лайық деп табылды. Екінші дәрежелі орынды  Қызылорда, Жамбыл облыстарының шөлейт жерлерін құнарландыруға бағытталғанЖамбыл облысы әкімдігінің жастар саясаты мәселесінің басқармасының қызметкері – Олжабаев Асхаттың «Жоңышқа – табиғи тыңайтқыш» атты бірнеше жас ізденушілердің республикалық жобасы иеленді. Кезекті үшінші орынның тұғырынан М.Х. Дулати атындағы ТарМУ студенті – Талғат Жарқын Мұхтарұлының жаңа стандарттағы  «Құсфабрикасы» жобасы көрінді.

Сайып келгенде, «Ауыл әкімі болғым келеді» байқауына ұсынылған жұмыстардың тақырыбы  мүмкіндігі шектеулі жандарға көмек, жұмыссыз жастарды демеу сияқты әлеуметтік саланы, ауылда мал шаруашылығын дамыту, өндірістер ашу, инфрақұрылымды дамыту сияқты сан-салалы мәселелерді қамтыды.

Жобалар бақ сынасқан бәсеке мәресіне  жеткеннен кейін жеңімпаздар мен қатысушыларға бағалы сыйлықтар мен алғыс хаттар табыс етілді.

Жастар жылының қорытынды жобасына дүнген этномәдени бірлестігі,  ҚХА-ның «Ақ желкен» жастар лигасының жетекшісі, жас кәсіпкер Зайнуддин Махусеев, «Ахыска» түрік этномәдени бірлестігінің жастар қанаты жетекшісі Зульфия Фарманова демеушілік етті.

 

Жамбыл облысы әкімі аппаратының

«Қоғамдық келісім» КММ

Баспасөз орталығы