Entries by Администратор

ТЫЛ АРДАГЕРІН ҚҰТТЫҚТАДЫ

Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жауынгерлерді киім-кешекпен, азық-түлікпен, қару-жарақ сияқты қажетті заттармен қамтамасыз еткендердің қатарында әйелдердің бар екені айтпасақ та белгілі. Олар елде қалған қарттарына қарайласып, бала-шағаның қамын ойлап, майдандағы жақындарынан жырақ жүрсе де жеңіс туын желбіретуге зор үлес қосты. Сондай нәзік жандылардың бірі – тыл еңбеккері Алтаева Фарида Алтайқызы-КСРО, ҚР «Халықағару ісінің озық қызметкері», 94 […]

Ерлігі – ұрпаққа өнеге

  Биыл Ұлы Жеңіске – 79 жыл. Бұл күн – сұм соғыс деген атаумен тарих беттерінде таңбаланған батырларымыздың жанкешті ерлігінің жеңісі. Соғыстан кейінгі 79 жыл ішінде жыл сайын ардагерлеріміз азайып келеді. Ағымдағы жылы айтулы мерекені елімізде 148 ардагер мен бұл күнге үлес қосқан тыл еңбеккерлері мен ақталған азаматтар және т.б 50012 азамат атап өтуде. Бүгінде […]

ДӘСТҮРЛІ ДОДА ЖАЛҒАСЫН ТАПТЫ

Ағымдағы жылдың 6 мамыр күні  Жамбыл облысының  85 жылдығы қарсаңында Қордай ауданы Ауқатты ауылында 7 мамыр – «Отан қорғаушылар күні» мерекесіне орай этномәдени бірлестік өкілдері арасында кіші футболдан ашық турнир өтті. Дәстүрлі турнирді облыс әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» мекемесі ұйымдастырды. Биылғы жарысқа аталған ауданнан 6 құрама қатысты. Олардың сапында Шешен-Ингуш, Ұйғыр, Дүнген, Йинпан этномәдени орталығынан […]

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтаймын!

Бейбітшілік, тұрақтылық, достық, өзара түсіністік, бірлік – бұл құндылықтар әрқайсымызға қымбат. Бұл мереке бізді бір шаңыраққа біріктіреді, бірлік пен ынтымаққа шақырады. Бейбітшілік пен тұрақтылық және ұлтаралық келісім – мемлекетіміздің ең басты негізі, рухани байлығы. Иә, қазақ – қашаннан бауырмал халық. Әр кезеңде елімізден пана іздеп келген өзге ұлт өкілдерінің бәріне құшағын ашып, төрінен орын беріп, […]

Сіздерді 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

Бұл — достық пен ынтымақтың мерекесі. Біздің ең басты құндылығымыз – тәуелсіздік деп Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтағандай сол құндылықты қастерлеу баршамыздың қасиетті парызымыз. Жылдар бойы алған асуларымыз бен жеткен жетістіктерімізде елімізде өмір сүретін барша ұлт өкілдерінің еншісі бар. Баршаларыңызға, әр отбасына, әр қазақстандыққа шынайы көңілмен бақыт-береке тілейміз. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын Қазақстан халқы […]

Құрметті облыс тұрғындары!

Сіздерді еліміздің бірлігі мен татулығы жарасқан 1 мамыр – «Қазақстан халқының бірлігі күні» мерекесімен құттықтаймын! Ынтымағы мен бірлігі жарасым тапқан елдің ырысы қашанда арта бермек. Досқа адалдық, бауырласқа мейірбандық танытып бейбіт өміріміздің негізі қалануда. Бірлігі бекем елдің іргесі мықты, болашағы нұрлы. Біздің тілегіміз бір, мақсатымыз айқын. Қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылық біздің ең маңызды байлығымыз […]

ТАТУЛЫҚ ПЕН КЕЛІСІМ – БАСТЫ БАЙЛЫҚ

Бүгін Достық үйінде 1 мамыр – “Қазақстан халқының бірлігі күні” мерекесіне орай Жамбыл облысының әкімі, өңірлік ассамблеяның төрағасы Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен дөңгелек үстел өтті. Жиынға ұлттық Құрылтай мүшесі, ҚХА төрағасының орынбасары Лугмар Буларов, облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек Ілебаев, облыстық мәслихат депутаттары, “AMANAT”, “RESPUBLIKA”, “Ауыл” т.б. партия өкілдері, аймақтық қоғамдық кеңес мүшелері, ардагерлер кеңесі және […]

ТАТУЛЫҚ – ДОСТЫҚТЫҢ КИЕЛІ БЕЛГІСІ

Бүгін Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 1 мамыр – «Қазақстан халқының бірлігі күні» қарсаңында «Татулық-достықтың киелі белгісі» атты дөңгелек үстел өтті. Аталмыш іс-шараға М.Қашқари атындағы Ұйғыр этномәдени бірлестігінің төрайымы Мухабат Турдыева, «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің Бірлік – қарашай-балқарлардың Жамбыл филиалы» ҚБ төрайымы Леля Узденова, облыс әкімдігі ІСБ «Қоғамдық келісім» КММ Көрме залының меңгерушісі Жазира […]

Тал егу – тәрбие бастауы

Ағымдағы жылдың 29 сәуір күні «Таза Қазақстан» акциясына орай  «Ассамблея бөбектері» жобасы аясында №18 «Еркежан» балабақшасының бүлдіршіндері  ҚХА төрағасының орынбасары Лугмар Буларовпен бірге бейбітшіліктің символы бәйтерек талын отырғызды. 1 мамыр – «Қазақстан халықтарының бірлігі күні» мерекесі қарсаңында өткен шараға  облыс әкімі аппаратының басшысы Лесбек  Ілебаев, облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары  Жалил Аббосов,   «Қазақстан Дүнгендерінің республикалық […]

АРДАГЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛДІ

Бүгін Жамбыл облысы ҚХА ұйымдастыруымен «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Өнегелі ұрпақ» апталығына орай, Тараз қаласындағы тыл ардагері, ғасыр жасаған ана Улсоной Авалованың үйінде тал егу және абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Ардагердің ауласын тазалап, тал егуге Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Буларов, «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мубарак Жинақбаева, Тәжік этномәдени бірлестігінің төрағасы Махкам Орифов […]