Entries by Администратор

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Жамбыл облыстық ҚХА өкілдерінің қатысуымен Шу ауданының білім беру ұйымдарында бірқатар іс-шаралар өтті. Абай атындағы және Мұқағали Мақатаев атындағы мектептерде, №10 колледжде мемлекеттік рәміздерді насихаттауға және ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған шаралар ұйымдастырылып, оған Тараз қалалық Өзбек мәдени орталығының төрағасы, облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Абдурахман Зайнутдинов қатысты. Жиында қатысушыларға А.Зайнутдинов […]

БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында қазақтың Ұлы жүзінің Дулат тайпасынан тараған Шымыр руының негізін қалаушы абыз баба жерленген. Жылдағы дәстүрге сай жуырда өз ағайынымыз өзбек елінің бас шаһарында ата-баба рухына тәу етіп, еске алу рәсімі өтті. Еске алуға қатысушылардың басым көпшілігі Шу ауданынан келген Шымыр руының ұрпақтары. Баба аруағына құран бағыштауға Жамбылдан арнайы ат арытып барған […]

ҚАРАКЕМЕРДЕ ЖАҢА ЗАМАНАУИ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен заманауи үлгідегі жабық футбол алаңына арналған спорттық нысанның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, Жамбыл облысы […]

МАСАНШЫДА “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ ОРЫН АЛДЫ

Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы Қордай ауданында ерекше қарқынмен өтуде. Тазалық десе тасада қалмайтын қордайлықтар осы аралықта үлкен жұмыстар атқарып, ауыл ажарын ашуға, туған жерді көркейтуге барын салған болатын. Масаншыда болған «Біз «Таза Қазақстан» акциясын қолдаймыз!» атты шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат […]

СОРТӨБЕДЕ ЕРЕН ЕҢБЕК ЕТКЕНДЕР ЕЛЕНДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 8 сәуірде басталған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Сортөбеде ауқымды жұмыстар қолға алынған болатын. Тіпті ауыл болып арнайы техника сатып алып, тек тазалық айында ғана емес, өзге де табиғатқа байланысты төтенше жағдай кезінде олар ауданның кез-келген ауылына көмекке жетуге әзір екендіктерін де білдірді. Сол техникалар жанында ауыл халқымен, белсенділермен Қазақстан халқы Ассамблеясы […]

ОБЛЫСТЫҚ АССАМБЛЕЯ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

Бүгін аймақ басшысы, облыстық ҚХА төрағасы Ербол Қарашөкеевтің төрағалық етуімен Жамбыл облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы кеңесінің отырысы өтті. Кеңес жұмысына ҚХА төрағасының орынбасары Лугмар Буларов, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының құрылым мүшелері және этномәдени бірлестіктердің жетекшілері қатысты. Жиынның күн тәртібінде Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХХІІІ сессиясы талқыланып, «Қоғамдық келісім» мекемесінің атқарған жұмыстары баяндалды. Басқосудың алғы баяндамасын ҚХА […]

ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚҰРЫЛЫСШЫНЫ ЕСКЕ АЛУ КЕШІ ӨТТІ

Халықаралық отбасы күніне орай «Қазақстандық Татарлар мен башқұрттар конгресі» РҚБ Жамбыл филиалының төрағасы Фарида Нақыш бастаған педагогикалық ұжым және қазіргі заманғы гуманитарлық-техникалық колледж студенттері аталған колледжде оқу орнында отбасылық құндылықтарды насихаттауға бағытталған іс-шара ұйымдастырды. Шара кеңестік құрылыс саласының озық үлгісі, социалистік Еңбек ері, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген құрылысшысы, Тараз қаласының Құрметті азаматы – Гончаров Петр […]

15 МАМЫР – ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ОТБАСЫ КҮНІ

Құрметті қазақстандықтар! Сіздерді Халықаралық отбасы күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Әрбіріміз үшін отбасы – қасиетті ұғым, қастерлі құндылық. Адам баласына берілетін тәрбиенің ең негізі осы отбасында қалыптасады. «Отан – қуат, отбасы – шуақ» дегендей, жанұя – мемлекеттің тірегі. Қоғамдағы әр отбасының босағасы берік, мерейі үстем болса, мемлекетіміз мықты болмақ. Отбасының жемісі – тәрбиелі ұл мен […]

Аналар күні тойланды

Бүгін Достық үйі – «Қоғамдық келісім» КММ ғимаратында Жамбыл облыстық Немістер қоғамы Аналар күніне орай «Muttertag» – «Бар жақсы саған, қымбаттым!»  атты мерекелік концерт өткізді. Қазақ биінен басталған іс-шара «Инфинити» тобының биіне жалғасып, түрлі концерттік әндер мен билер, өлеңге толы шығармашылық кешке ұласты. Мамыр айы — қуанышты мерекелердің легінен болса, оған Мемлекет басшысының жарлығымен бекітілген […]

АШЫҚ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ТУРНИР ӨТТІ

Бүгін Жақсылық Үшкемпіров атындағы «Тараз-Арена» спорт кешенінде 7 мамыр – “Отан қорғаушылар күні” мерекесіне орай «Таэквон-до WT» және «Ордабасы» командалық ойынынан ашық Республикалық турнир басталды. Жарысқа отандық және Өзбекстаннан келген 10 команда қатысуда. Оның ішінде 5 команда Жамбыл облысының атынан жекпе-жекке түсуде. Бәсеке тәртібіне сай ойын жас ерекшеліктеріне қарай 5 санатқа бөлініп жүргізіледі. Бүгінгі ойында […]