Entries by Администратор

ТАРАЗДА «НАШАҚОРЛЫҚСЫЗ БОЛАШАҚ» АТТЫ ЖАСТАР АКЦИЯСЫ ӨТТІ

26 маусым – халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күні. Атаулы күнге орай қаладағы Қ.Рысқұлбеков атындағы саябақта «Нашакқорлықсыз болашақ» тақырыбында жастар акциясы өтті. Шараға аймақтық ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктер мен өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері қатысты. Жасөспірімдердің денсаулығын сақтауға бағытталған акция сонымен қатар зиянды әдеттен аулақ болып, салауатты өмір салтын ұстануға үндеді.

МЕДИАЦИЯ – ТАТУЛЫҚ ТІРЕГІ

Этносаралық шиеленісті болдырмауда медиация қызметінің маңызы мол. Осы орайда, бүгін «ҚХА медиациясы. Қазіргі мақсат-міндеттері. Этномедиация орталығын ашу» тақырыбында зум платформасында онлайн отырыс өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын іске асыруға бағытталған жиында ҚР Президент аппараты Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілі Инара Раһимзаде және ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің өкілі Нариман Абдрахманов еліміздегі медиация институтының маңыздылығы […]

АССАМБЛЕЯ ЖАСТАРЫ АСТАНАДА БАС ҚОСТЫ

Күні кеше Астана қаласында ҚР Президентінің ішкі саясат және коммуникация бойынша көмекішісі Руслан Желдібай «Ассамблея жастары» ұйымы төралқасының мүшелерімен кездесті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Президент Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі Марат Әзілханов, Мәдениет және ақпарат вице-министрі Айзада Құрманова, Мәдениет және ақпарат министрлігінің Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Шойкин, сондай-ақ еліміздің барлық өңірлерінен […]

ҰЛТТЫҚ ИДЕОЛОГИЯ – ЕЛ ДАМУЫНЫҢ КЕПІЛІ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» атты XXXIII-ші сессиясында сөйлеген сөзінде: «Ассамблея жұмысын еліміздің жаңа гуманитарлық идеологиялық доктринасымен үйлестіру қажет», – деп айтты. Осыған орай, 2024 жылдың 17 маусым күні аймақ басшысы, облыстық ҚХА төрағасы Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен «Бірлік пен даму: Өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиялық бағдарының басты негіздері» атты […]

ӨҢІРЛІК АССАМБЛЕЯНЫҢ ХХVIІ СЕССИЯСЫ ӨТТІ

Бүгін облыс әкімі Ербол Қарашөкеевтің қатысуымен Достық үйінде «Бірлік пен даму: Өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының стратегиялық бағдарының басты негіздері» тақырыбында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVIІ сессиясы өтті. Аймақтық ассамблеяның алқалы жиынын облыстық ҚХА-ның қоғамдық орынбасары Ғұлам Умаров жүргізді. Жиынға Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Лугмар Буларов, облыc және қала басшылығы, өңірлік басқарма басшылары, мәслихат […]

МУЗЕЙДЕГІ ҚОС КӨРМЕ

Бүгін облыс әкімдігінің мәдениет, мұрағаттар және құжаттама басқармасының «Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде» белгілі журналист, облыстық «Шиват Цион» Еврей этномәдени бірлестігінің өкілі болған Михаил Бунин мен музыкант Людмила Киршнер құрметіне арналған қос көрменің салтанатты ашылуы өтті. Ұлтаралық қарым-қатынасты, бірлік пен келісімді, мәдени мұраны нығайтуға бағытталған шараны «Центр забота- Хэсэд Полина» Республикалық Еврей Қайырымдылық қоғамдық бірлестігінің Тараз […]

ӘЙЕЛДЕР ТӘРБИЕСІ МЕН ДЕНСАУЛЫҒЫ, ҚАУІПСІЗДІГІ – БАСТЫ НАЗАРДА

Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі, ҚХА Аналар кеңесінің төрағасы Назипа Ыдырысқызы Шанаи Жамбыл облысы әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия отырысына қатысты. Отырыс барысында түрлі сала өкілдерінің қатысуымен әйелдер өкілдеріне медициналық қызмет көрсету, білім беру ұйымдары мен жастар ресурстық орталықтарының […]

ҚОРДАЙ АУДАНЫНДА АЙМАҚТЫҚ КОУЧИНГ ӨТТІ

Қордай ауданында облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасы «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімі «Мемлекеттік саясаттың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы қазіргі жай-күйі: өңірлік даму ерекшеліктері» тақырыбында аймақтық коучинг өткізді. Жиынға мемлекеттік қызметкерлер, жергілікті тұрғындар, жастар және этномәдени бірлестік мүшелері қатысты. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы, психология ғылымдарының магистрі […]

ҚАРАШАЙ-БАЛҚАРЛАРДЫҢ ЭТНОС КҮНІ ӨТТІ

Бүгін Тараз қаласында «Қарашай және балқар-бірлік» РҚБ төрағасы Мустафир Бабаевтың басшылығымен және аталмыш бірлестіктің аймақтық филиалының ұйымдастыруымен «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігі – «Бірлік» қарашай-балқарлардың этнос күні өтті. Шара ұлтаралық қарым-қатынасты, бірлік пен келісімді нығайтуға, мәдени мұраны сақтауға бағытталған. Айта кетейік, елімізге балқар этносының қоныс аударғанына биыл 80 жыл толса, қарашай этносының өкілдеріне 81 жыл. Қазақстан […]

ТАРАЗДА «ПУШКИН ОҚУЛАРЫ» ӨТТІ

Биыл орыстың ұлы ақыны Александр Пушкиннің туғанына – 225 жыл. Облыс орталығындағы ақынның ескерткішіне келіп, Пушкин оқуларын өткізу тұрғындар үшін дәстүрлі шараға айналған. Бүгін тараздықтар дәстүрден жаңылмай ұлы ақынның ескерткішіне жиылып, гүл шоқтарын қойды. Ақын құрметіне арналған шара биыл Славян жазуы мен мәдениеті күніне тұспа-тұс келді. Әдеби кешті Жамбыл облыстық «Радонеж» Орыс қауымы қоғамдық бірлестігі, […]