Entries by Администратор

Республика күніне орай Достық үйінде биылғы жылдың

Республика күніне орай Достық үйінде биылғы жылдың 30-қазанында Жамбыл облыстық «Манас Ата» атындағы қырғыз этномәдени бірлестігінің өкілдері кездесу өткізді. Этносаралық қатынастарды нығайту, бейбітшілік пен келісімді сақтау мақсатында өткен іс шарада жиналған қауымға Қазақстан- Қырғыздар қауымдастығы заңды тұлғалар бірлестігінің құрылуы таныстырылды. Шарада президентіміз Қ. Тоқаевтың бастамасымен қайта аталып өтіп жатқан 25 қазан Республика күні ұлттық мерекеміздің […]

Елім менің еңселі

25 қазан-Республика күніне орай, Тараз қаласы ОККЖ- ның #5 филиал кітапханасының ұйымдастыруымен ” Елім менің еңселі” атты дөңгелек үстел өтті. Іс-шара қонақтары Жамбыл облысы әкімдігінің ішкі саясат басқармасының “Қоғамдық келісім ” КММ-нің ” Ғылыми-сараптамалық қолдау ” бөлімінің жетекші сарапшысы Жазира Шілдебаева, “Шерхан Мұртаза” атындағы Руханият және Тарихтану орталығының қызметкері, облысымызға белгілі жас ақын Дидар Аббасов, […]

ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР, ЖЕРЛЕСТЕР!

Сіздерді ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестік өкілдері және «Қоғамдық келісім» мекемесі басшылығы мен ұжымы атынан баршаңызды бүгінгі ұлттық мереке – Республика күнімен шын жүректен ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!! Бүгінгі Қазақстан -тыныштық пен тұрақтылықтың ордасы. Еліміз бірліктің бесігіне,татулықтың тірегіне айналды. Ел тарихындағы жасампаз жылдар тұғырлы болды. Көк байрағы желбіреген бүгінгідей абыройлы да айбынды,беделді де берекелі,ынтымағы мен бірлігі жарасқан Еліміздің тәуелсіздігі […]

Президент, ең алдымен еліміздің ең басты мейрамы

Президент, ең алдымен еліміздің ең басты мейрамы – Республика күнімен құттықтай отыра бірқатар жаңалықтармен бөлісті . “Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту”ұлттық жобасы басталды. Осы жобаның аясында 655 амбулатория және фельдшерлік-акушерлік нысан салынады, құрал-жабдықпен толық қамтамасыз етіледі. Бұған қоса 20 ауданаралық көпбейінді емхана ашылады, ал 12 емхана заман талабына сай жаңарады. Яғни, төрт миллионнан астам ауыл азаматына […]

«ҚЫРАН ЕЛІМ – ҚАЗАҚСТАН!» ПАТРИОТТЫҚ АКЦИЯСЫ

Бүгін, 25 қазанда Тараз қаласындағы Тұңғыш Президент саябағында Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстан!» патриоттық іс-шарасы өтті. Қатысушылар бірге әнұранды шырқап, еліміздің егемендігінің символына айналған Қазақстанның мемлекеттік туын көтерді. Аталған акцияға облыс әкімі, өңірлік ҚХА төрағасы Ербол Қарашөкеевтен бастап, әкім аппараты қызметкерлері, облыс әкімдігінің ІСБ, қалалық ІСБ, барлық басқармалар өкілдері, өңірлік ҚХА мүшелері мен […]

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Биылғы жылдың 24 қазанында облыс әкімі, өңірлік ҚХА төрағасы Ербол Қарашөкеев Республика күні қарсаңында Ж.Баласағұн атындағы орталық концерт залында марапаттау рәсіміне қатысып, Мемлекеттік марапаттармен бірқатар ҚХА мүшелері мен құрылымдары, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлерін де марапаттады. Марапатталғандардың қатарында – Жалил Аббосов («Құрмет» ордені), Абдрахман Зайнутдинов (ҚХА Қоғамдық «БІРЛІК» алтын төсбелгісі), Таня Апаева («Қазақстанның […]

Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Құрметті қазақстандықтар! Ардақты жерлестер! Бүгін еліміздегі ұлық мерекенің бірі – Республика күнін атап өтудеміз. Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев Республика күні қарсаңында түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтарды кеше марапаттады. Мемлекет басшысының наградасы мен марапатына ие болғандардың қатарында түрлі саланың өкілдері бар. Жерлестеріміздің марапаты құтты болсын! Құрметті отандастар, жамбылдықтар, Сіздерді ұлттық мерекемізбен шын жүректен құттықтаймын! Бұл мерекені […]

БЕРЕКЕСІ КЕТКЕН ЕЛДІҢ БОЛАШАҒЫ ЖОҚ

Бүгін қаламызда баршаңызға атаулы ұлттық мейрам – Республика күні мерекесі еліміздің тәуелсіздігі мен егемендігінің символына айналған көк байрақты көтеру рәсімінен басталды. Қазақстан халқының бірлігі мен қоғамдық келісімді нығайтудың негізі – Қазақстан халықтары арасындағы өзара сыйластық, татулық, бірлік болғандықтан, бұл күнді өңірлік ҚХА өкілдері мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің қызметкерлері бірге атсалысып атап өту жылда ортақ парызымызға […]

Құрметті Отандастар!

Сіздерді айтулы мереке Республика күнімен құттықтаймын! Республика күні— еліміздің игілігі,баға жетпес құндылық. Бүгінгі Қазақстан -тыныштық пен тұрақтылықтың ордасы. Еліміз бірліктің бесігіне,татулықтың тірегіне айналды. Көк байрағы желбіреген,бүгіндей абыройлы да айбынды,беделді де берекелі,ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміз баянды болғай! Өркениет көшіне ілескен халқымызға гүлдену мен көркею тілеймін. Еліміздің тұрақты дамуы мен кемелденуі жолындағы еңбектеріңіз табысты, жетістіктеріңіз мол, […]

ТАРАЗДА — ЕГІН ЖИНАУ МЕРЕКЕСІ ӨТТІ

Биылғы жылдың 22-қазанында Жамбыл облыстық Немістер қауымдастығы 25 қазан ұлттық мереке — Республика күніне және өздерінің салт-дәстүріне сәйкес егін жинау мерекесіне арнап «Еrntedankfest» атты мерекелік концерт өткізді. Мерекелік шараға этномәдени бірлестік өкілдері, «Қоғамдық келісім» мекемесінің басшылығы, Немістер қауымдастығының мүшелері, шығармашылық топтары, жастар қанаты қатысты. 🔷Концерттік бағдарлама Қазақстанның бұл этнос үшін тыныштық пен бейбітшілікті сақтап, талай […]