Entries by Администратор

Қоғамдық келісім

Жамбыл облысы әкімдігі ішкі саясат басқармасының « Қоғамдық келісім» КММ басшысы Мүбарак Қасымқызы Жинақбаева марапатталды. Облыстық «Тілдерді дамыту» басқармасының басшысы Рахия Тұрмаханбетова Мемлекеттік тілді дамыту қолданысы аясын кеңейтуге қосқан үлесі мен тіл саясаты саласындағы атқарған еңбегі үшін Мүбарак Жинақбаеваға алғыс хат пен бағалы сыйлық тарту етті. Осы орайда ұжым атынан басшымыз М. Қасымқызын марапатымен шын […]

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!

Бейнелеу өнерінің дарынды шебері, біздің жерлесіміз Мұхамет-Омар Паншаевтың жарқын шығармашылығы тағы да лайықты құрметке ие болды! Биыл Қазақстан Суретшілер одағының құрылғанына 90 жыл толады. Осы атаулы датаның құрметіне еліміздің бейнелеу өнері корифейлері естелік наградалармен марапатталды. «Қазақстан Республикасының Суретшілер одағына 90 жыл»  мерейтойлық медалімен марапатталғандардың қатарында дүнген этносының танымал өкілі, Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, ҚР еңбек […]

Игі ана – ізгі қоғам

Бүгін тарихы тереңде жатқан Тараз шаһарының төрінде, «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Республикалық «Мәдениетті ана – мәдениетті ұлт» жобасы аясында «Игі ана – ізгі қоғам» атты ҚХА Аналар кеңесінің слёті өтті. Ақ жаулықты Аналардың жиынына арнайы ҚХА Республикалық Аналар кеңесі төрағасының орынбасары Баян Ахатай мен осы кеңестің өкілі, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, ф.ғ.к. Камал Әлпейісова келді. […]

«ҮЗДІК МЕДИАТОР-2023» ОБЛЫСТЫҚ БАЙҚАУЫ ӨТТІ

Биылғы жылдың 30 қарашасында Достық үйінде «Үздік медиатор-2023» облыстық байқауы өтті. Байқау қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірлік саласындағы дау-жанжалдарды шешу бойынша қызмет көрсететін ҚХА қоғамдық медиаторларын анықтау және ынталандыру, Ассамблея медиаторларының пулын қалыптастыру мақсатында жасалды. Салтанатты бөлімде медиация кабинетінің басшысы В.Досыбива сөз сөйледі. Байқау жеңімпаздары мен жүлдегерлері дипломдармен, мақтау қағаздарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды. «Ақпараттық […]

ЖАМБЫЛДЫҚ ҚАРАШАЙ-БАЛҚАРЛАР МӘДЕНИЕТ КҮНІН АТАП ӨТТІ

Жамбыл облыстық «Архыз» этномәдени бірлестігіне 80 жыл болса, балқарларға 79 жыл толды. Аталмыш қос бірлестік 2023 жылдың 26 қарашасында мәдениет күнін атап өтті. Қонағы мен көрерменін тәнті етіп, талай адамды тамсандырған келелі шарада бірлестіктің бай мәдени мұрасы – этникалық тағамдары мен киімдері ұсынылды. Салтанатты жиында «Қоғамдық келісім» мекемесі басшысының орынбасары Сәуле Құрманқұлова, қарашай-балқар этномәдени бірлестігінің […]

Биылғы жылдың қараша айының 22-24 күндері аралығында Алматы қаласында ҚХА қызметі мен этносаралық қатынастар саласын насихаттау бойынша

Биылғы жылдың қараша айының 22-24 күндері аралығында Алматы қаласында ҚХА қызметі мен этносаралық қатынастар саласын насихаттау бойынша ҚХА Журналистер клубының республикалық көшпелі отырысы өтті. Клуб отырысында ҚР Мәдениет және ақпарат Министрлігі «Қоғамдық келісім» РММ басшыларымен жүзбе-жүз танысудан соң, «Қоғамдық келісім» РММ Ақпараттық жұмыс және жұртшылықпен байланыс басқармасының басшысы Оразалы Төлегенұлы Сарсенов модератор ретінде әр өңірден […]

АҚСАҚАЛДАР АСЫЛДЫҢ СЫНЫҒЫ

Тараз қаласы, Достық үйінде «Ақсақалдар кеңесі – ел бірлігінің кепілі» атты облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесі отырысы өтті. Келелі жиынға Жамбыл облыстық Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, аудандық, ауылдық Ақсақалдар кеңесінің төрағалары мен өкілдері қатысты. Кеңестің отырысы «Қоғамдық келісім» КММ басшысы, модератор Мүбарак Қасымқызы Жинақбаеваның алғы сөзімен басталды. Мекеме басшысы Ақсақалдар кеңесі құрамының жұмысы ауқымды және елдің тыныштығы […]

АЛМАТЫДА ҚХА ЖУРНАЛИСТЕР КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ БАСТАЛДЫ

Алматы қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының журналистер клубының үш күнге жоспарланған көшпелі отырысы басталды. Журналистер жиынына ҚР Мәдениет және ақпарат вице-министрі Қ.Ысқақов, ҚР Президенті Әкімшілігі Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының өкілдері, «Voice Power» консалтингтік компаниясының сарапшылары, журналистер, блогерлер, мемлекеттік және жеке ұйымдардың баспасөз хатшылары мен жастар қатысуда. Көшпелі отырысқа Жамбыл облысынан «Қоғамдық келісім» КММ «Ақпараттық жұмыс және […]

БІР ШАҢЫРАҚ АСТЫНДА ТАТУ-ТӘТТІ ӨМІР СҮРГІН, БАЛАҚАЙ!

Өңірлік ҚХА іс-қимылдарының бірі — облыстық «Ассамблея бөбектері» жобасын ілгерілету және этносаралық қатынасты сақтау, этностар арасындағы бірлік пен келісімді, татулық пен сыйластықты жас жеткіншектерге балабақша қабырғасынан этностардың салт-дәстүрлерін құрмет тұтуды саналарына сіңдіре үйретіп, өміршең ету мақсатында биылғы жылдың қараша айында «Шаңырақ» бейнеролигі түсірілді. Тараз қаласының этнос балалары араласқан «Балдәурен» бөбекжай-балабақшасы бүлдіршіндері және тәрбиешілері, ата-аналарының қатысуымен […]

БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕР

Бүгін  «2023 – 2029 жылдарға арналған  ҚР  Ғылым және жоғарғы білім саласына арналған даму концепсиясы» тақырыбында Zoom конференциясы өтті. ҚХА төрағасының орынбасары Марат Алмасұлы  Әзілхановтың алғы сөзімен бастау алған конференцияға еліміздің әр өңірінен 300-ге жуық  ЖОО-ның мамандары, әкімдіктердің, ішкі саясат бөлімдерінің, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері қатысты. Сонымен қатар Ғылым және білім минстрі Нұрбек Саясат 2023 […]