Entries by Администратор

ДОСТЫҚ ҮЙІНДЕ КОНСТРУКТИВТІ КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Тараз қаласының Достық үйінде биылғы жылдың 31 қаңтары күні облыс әкімі аппаратының басшысы, өңірлік ҚХА төрағасының орынбасары Лесбек Илебаевтың Жамбыл облысы ҚХА мүшелері және этномәдени бірлестік төрағаларымен келелі кездесуі өтті. Аппарат басшысымен кездесуге ҚХА мүшелерінен өзге “Ассамблея жастары” РҚБ мүшелері, «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері де қатысты. Жиын облыстық ҚХА төрағасының қоғамдық орынбасары, модератор Ғұлам Умаровтың […]

Ассамблея

Тәуелсіз қоғамымыз бен егемен еліміздің негізгі үміті – жастар. Оларға сенім арту – барлық қоғамға тән құбылыс. Қоғам дамуының алғы шарты – адам факторы, адамның білімі мен біліктілігіне тікелей байланысты, қазіргі жастардың білім алуына, таланты мен дарынына орай мінберлерге шығуына баспалдақ болатын мемлекет тарапынан жасалып жатқан іс-шаралар, атқарылып жатқан жұмыстар аз емес. Осы орайда өңірлік […]

ШЫМКЕНТТІК ӨЗБЕК ДРАМА ТЕАТРЫ ТАРАЗ ШАҺАРЫНДА

Биылғы жылдың 30 қаңтарында Шымкент қалалық Өзбек драма театры «Тановор» спектаклін көрермен назарына ұсынды. Театрдың Таразға келіп өнер көрсетуіне Жамбыл облыстық этномәдени бірлестігі мен Өзбек мәдени орталығы себепші болды. Шара екі мерекеге – Халықаралық ана тілі және Алғыс айту күніне арналып өткізілді. Аталмыш қойылым көрермендерінің қатарында Жамбыл облыстық этномәдени бірлестіктерінің өкілдері мен «Қоғамдық келісім» КММ […]

ТАРАЗДЫҚ ӨЗБЕК БІРЛЕСТІГІ КӨМЕК ҚОЛЫН ҰСЫНДЫ

Өңірлік этномәдени бірлестіктер өкілдері мұқтаж жандарға көмек қолын созуға әрқашан дайын. Тараз қаласының Өзбек мәдени орталығы әлеуметтік жағдайы аз қамтылған 25 отбасына қайырымдылық көмек көрсетті. Мұқтаж жандарға көмек ретінде біршама азық-түлік жиынтықтары таратылды. Берілген арнайы азық-түлік қораптары —14 кг тауық еті, 12 кг картоп, 20 кг пияз, 5 кг сәбіз, 10 кг ұн, 5 кг […]

ЖЫЛ ҚОРЫТЫНДЫСЫНА АРНАЛҒАН ЖИНАЛЫС

2024 жылдың 28 қаңтар күні Тараз қаласында «Қоғамдық келісім» КММ-де «Жамбыл облысы Немістер қоғамы» қоғамдық бірлестігінің жыл сайынғы облыстық есеп беру жиналысы өтті. Ұйымның өткен жылғы қызметінің қорытындысын шығаруға Жамбыл облысының этномәдени бірлестіктері мен Немістер қоғамдық бірлестігінің өкілдері қатысты. Айта кету керек, Немістер қоғамының облысымыздағы жұмысы – білім, тіл, әлеуметтік, этномәдени, жастармен жұмыс сияқты бірқатар […]

ДОСТЫҚТЫҢ ДАРИЯСЫ САРҚЫЛМАҒАН ДАРА ШАҢЫРАҚҚА САЯХАТ

Ағымдағы жылдың 24-ші қаңтар күні Оқушылар сарайының «Үлгілі Kamer-тон» эстрадалық вокал студиясының тәрбиеленушілері «Достық татулықтан басталады»  атты шығармашылық жобасы аясында Достық үйіне экскурсия жасады.  Саяхаттау барысында Достық үйінде орналасқан  көрме залымен танысып, өңірлік  Ассамблея тарихына түсірілген   бейнероликті  тамашалады. Сонымен қатар, ең басты 2 құрылым Медиация, Ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімінің атқаратын  жұмыстарынан толық мағлұмат алып, қолөнер шеберлерінің […]

Қолөнер – мол өнер

Орта Азия халықтарының киім кию, тігу, өрнектерінде сан ғасырлы тарих бар. Киімінен мәдениеті, дәстүрі, талғамы мен тәрбиесі ерекше көрініп тұратын халықтың бірі – Өзбек этносы. Бүгін, «Анаға тағзым» орталығында «Қолөнер-мол өнер» атты облыстық ҚХА Аналар кеңесі жобасы аясында қалалық Өзбек этномәдени бірлестігінің Аналар кеңесі «Бойтұмар» шеберлер клубының тігіншілеріне арнап шеберлік сыныбын өткізді. Іс-шара барысында Сабохат […]

Биылғы жылдың 21 қаңтарында

Биылғы жылдың 21 қаңтарында Жамбыл облысының Немістер қоғамы этномәдени бағытта “wer weiß denn sowas” зияткерлік ойындар сериясын бастады. 2024 жылғы ойындар сериясы маусымының алғашқы ойыны Қазақстан немістерінің этникалық мерекелеріне арналды. Зияткерлік сайысқа немістер қоғамының белсенділерінен 7 команда қатысып, КБУ тобы жеңіске жетті. «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі

ТАРАЗДА ОРЫС РОМАНСЫНЫҢ КЕШІ ӨТТІ

2023 жылғы 20 қаңтарда Тараз қаласының Мәдениет үйінде Жамбыл облыстық «Радонеж» орыс қауымдастығы әдемі де әуезді әдеби-лирикалық «Орыс романсы» іс-шарасын өткізді. Шара Рождество мейрамынан кейін орын алатын дәстүрлі шомылдыру рәсімінің мерекелік кеші ретінде өтті. Іс-шараның басында көрермендерге романстың қызықты тарихы таныстырылды. Бұдан соң көрермендер аталған бірлестіктің шығармашылық тобы өнерін тамашалап, жоғары поэтикалық сөз бен сиқырлы […]

ЖАҢА ЖЫЛҒА ЖАҢА ДЕКЛАРАЦИЯ

2024 жылдың 19 қаңтарында «Достық» үйінде ZOOM платформасы арқылы өңірлік «Қоғамдық келісім» КММ қызметкерлері үшін мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар қызметкерлерінің кірістері мен мүлкі туралы декларацияны тапсыру тәртібін түсіндіру бойынша онлайн-семинар өтті. Семинар ҚХА-ның 2022-2026 жылдарға арналған даму тұжырымдамасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспары, сондай-ақ елдегі саяси реформаларды түсіндіру бойынша сарапшыларды даярлау жөніндегі республикалық әдістемелік орталықтың […]