Entries by Администратор

Республикалық «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени орталығының» облыстық филиалы апат…

Республикалық «Вынхуа» Дүнгендер этномәдени орталығының» облыстық филиалы апат аймағына гуманитарлық көмектің кезекті легін жіберді. Азық-түлік, дәрі-дәрмек секілді қажетті тұрмыстық заттарды Қордай ауданы, Масаншы және Сортөбе ауылдарының тұрғындары 2 жүк көлігіне тиеп, жөнелтті.

ӨЗБЕК БІРЛЕСТІГІНІҢ АНАЛАРЫ НАУРЫЗ МЕРЕКЕСІН АТАП ӨТТІ

Олыстық Өзбек этномәдени бірлестігі Аналар кеңесінің өкілдері Түркі халықтарына ортақ Наурыз мерекесін атап өтті. «Сумаляк-Наурыз» атауымен ұйымдастырылған мерекелік жиында өзбек ұлтының бесікке салу, беташар секілді дәстүрлері дәріптеліп, ұлттық құндылықтары ұлықталды. Кеңестің төрайымы Дилиорум Каримова бастаған аналардың ұйытқы болуымен келген меймандарға кең дастархан жайылып, мерекенің бас тағамы бидай дәнінен сумаляк әзірленіп, қонақтарға ұсынылды. Жиын басы қалалық […]

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ – ҰЛТ БОЛАШАҒЫ

Жас буынды ұлттық тәрбиемен сусындату керек. Ш.Мұртаза атындағы Халықаралық Тараз инновациялық институтында жастармен кездескен ҚХА республикалық Аналар кеңесінің төрағасы Нәзипа Шанай және Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, жазушы-аудармашы Камал Әлпейісова осылай деді. Келелі кездесудің қонақтары жастарға Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында айтылған отбасы құндылығы, лудомания мен діни ағымдарға көзқарас, мәдениет пен руханият тұрғысында кеңінен баяндады. Күні кеше […]

ОТБАСЫЛЫҚ ҚҰНДЫЛЫҚТАР — ҰЛТТЫҚ ТӘРБИЕ НЕГІЗІ

Бүгін Таразда ҚХА республикалық Аналар кеңесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия мүшесі Нәзипа Шанай аймақтағы ҚХА Аналар кеңесінің мүшелері және іскер әйелдермен кездесті. Облыстық «Анаға тағзым» отбасын қолдау орталығында өткен басқосуда Нәзипа Ыдырысқызы ҚР Сенатында тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы жазаны күшейтетін заң жобасының мақұлданғанын ерекше атап, аналардың ортақ жеңісі […]

Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері, этномәдени бірлестіктің мүшелері Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, жазушы-аудармашы Камал Әлпейісовамен кездесті.

Жамбыл облысы ҚХА Аналар кеңесінің өкілдері, этномәдени бірлестіктің мүшелері Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, филология ғылымдарының кандидаты, жазушы-аудармашы Камал Әлпейісовамен кездесті. Қазақтың зиялы қауымы мүшелерін тарта отырып, этностарды қазақ қоғамында интеграциялау, ұлттық бірлік пен азаматтық құндылықтарды дамыту мақсатында өткен жиында этнос аналары жазушының шығармашылық қырларымен етене таныса түсті. «Жамбылдықтар шығармашылық шабытымды аша түседі» деп ағынан жарылған […]

Көгалдандыру – көптің ісі

Елімізде «Таза Қазақстан» республикалық акциясы басталды. Экологиялық шара бүгін аймақта «Таза аула! Таза өлке! Таза ел!» атауымен ұйымдастырылды. Игі іске облыс әкімі Е.Қарашөкеев қатысты. Қаланың көркеюіне бағытталған берекелі бастамада облыстық этномәдени бірлестік өкілдері мен өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ мүшелері және өзге де мекемелер белсенділік танытты. Науқанға қатысушылар Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінің аумағына қара ағаш, […]

Қандай қиындық болмасын ел болып еңсеріп келеміз.

Қандай қиындық болмасын ел болып еңсеріп келеміз. Талай нәубетке төзген, бірлігі жарасқан еліміз бұл қиындықты да бірге жеңеді. Дана қазақ халқында төртеу түгел болса төбедегі келеді деген жақсы сөз бар. Ең бастысы әрекет. Әрекет барда берекет болары хақ. Бүгін мемлекет басшысы Қ.Тоқаев халыққа үндеу жолдады. Соңғы сексен жылдан кейін орын алып отырған апатқа қатысты зардап […]

Халық біріксе алынбайтын қамал жоқ.

Халық біріксе алынбайтын қамал жоқ. Бұл сөзіме елдің басынан өткен түрлі қиын жағдайлар дәлел. Қай кездеде халық болып, ел болып қиындықтарды еңсергенбіз. Бүгін еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевта өз үндеуінде дәл осылай деді. Ол жағдай өте күрделі болса да, біз қиындықты міндетті түрде еңсеретінімізді, барлығын қалпына келтіретінін айтты. Соынмен қатар, ең бастысы – азаматтардың амандығы екен […]

Азаматтардың амандығы маңызды

Елімізде орын алып жатқан табиғи апат барша қазақстандықтарды елең еткізді. Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнап Үндеу жариялап, алдағы ахуалға алаң болған жұрттың көкейіндегі сан сауалға нақты жауап берді. Президенттің айтуынша Үкімет қарғын судың салдарын жоюға бар күшін салып жатыр. Сондай-ақ, мұндай ауқымды апат соңғы 80 жылдан бергі ең ірісі болып отыр. Қазіргі […]

Бүгін мемлекет басшысы өз үндеуінде…

Бүгін мемлекет басшысы өз үндеуінде су тасқынымен күресуге Төтенше жағдайлар министрлігінің барлық ресурсы тартылып, құтқару жұмыстарына Ішкі істер министрлігі, Ұлттық ұлан, Қарулы Күштер және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандары белсене атсалысып жатқанын айтты. Сонымен қатар зардап шеккен аймақтрдың әкімдіктері күндіз-түні жұмыс істеп ондаған мың волонтер де көмектесіп жүргені белгілі. Ия, ел бірлігі, ынтымағы осындай да көрінбейді […]