Entries by Администратор

ЕРІКТІ ДОНОР

Жарық дүниеде адамзаттың өмірі мен оның денсаулығынан асқан бағалы ешнәрсе жоқ. Сын сағаты соққанда ақ халаттылармен бірге қарапайым адамдардың да өзгенің өмірін сақтап қалуға тырысатыны рас. Адамзаттың бұл саналы әрекеті – донор болу, яғни, ерікті түрде қан тапсыру деп аталады. Жыл сайын наурыздың алғашқы күні «Алғыс күніне» арналған іс-шаралар шеңберінде өтетін осынау игілікті іске Жамбыл […]

Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Құрметті жерлестер! Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! 1 наурыз – Алғыс айту күні түрлі этнос өкілдерінің арасындағы адамгершілік қарым-қатынастың өнегелі өлшеміне айналды. Айтулы күн жақсылықты бағалай білуге, әр іске игілікпен қадам басуға, өзара сыйластық пен құрметке бастайды. Жалпықазақстандық бірегейлігі бекем еліміздің барлық қоғам қайраткерлері мен ардагерлерімізге,отаншыл жастарымызға, еліміздің шекарашылары мен […]

«Алғысым саған, туған ел»

Қоғамдық келісім мекемесінде 1-наурыз Алғыс күніне орай ұйымдастырылған «Алғысым саған, туған ел» атты Достық үйіне саяхат экскурсия жалғасуда. Бұл жолы Жамбыл жеріндегі этнос өкілдерінің қара шаңырағына айналған Достық үйіне келген жас қонақтар Жамбыл атындағы №5 мектеп гимназиясының оқушылары. Қонақтарға мекеменің жұмысы, этностық бұйымдар және ғимарат сәулетімен Көрме залы меңгерушісі Жазира Шілдебаева таныстырды. Ақпараттық жұмыс және […]

Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүрекпен құттықтаймын!

Сіздерді 1 наурыз – Алғыс айту күнімен шын жүрекпен құттықтаймын! Жыл құсындай болып жеткен көктемнің алғашқы мерекесі саналатын бұл күнді барша қазақстандықтар үлкен қуанышпен қарсы алады. 2016 жылдан бері тойланып келе жатқан Алғыс айту күні – барлық қазақстандықтарға арналған, қоғамдағы бейбітшілік пен келісімді, еліміздің бірлігі мен тыныштығын айшықтайтын жалпыұлттық мереке. Бұл күн – тарихтың түрлі […]

ДОСТЫҚ ПЕН БІРЛІК ЫНТЫМАҚ НЕГІЗІ

Жамбыл ауданы, Гродеково орта мектебінде 1 наурыз – Алғыс айту күніне арналған «Достық пен бірлік ынтымақ негізі» атты тәрбиелік іс- шарасы өтті. Балалардың сыйластық құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, ризашылық пен алғыс туралы кеңес беру, үлкен-кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым – қатынасын дамыту іс-шараның басты мақсаты. Сондай ақ, жиын барысында қатысушылар Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күні […]

«АҚЫРЫН ЖҮРІП, АНЫҚ БАСА» ЖАҢА ДЕҢГЕЙГЕ

2024 жылғы 21 ақпанда ZOOM платформасында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғалым Нұрмағамбетұлы Шойкиннің қатысуымен Республикалық әдістемелік кеңестің онлайн-отырысы өтті. Іс-шараға «Қоғамдық келісім» КММ, өңірлік Достық үйлерінің қызметкерлері қатысты. Отырыс барысында ҚХА құрылымдары мен этномәдени бірлестіктермен жұмыс істеу тәсілдерін жандандыру, ақпараттық жұмысты ұйымдастыру, «Қоғамдық келісім» КММ және Достық үйлерінің қызметін […]

2024 жылдың 16 ақпанында Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ өңірлік

2024 жылдың 16 ақпанында Достық үйінде «Қоғамдық келісім» КММ  өңірлік «Ассамблея жастары» РҚБ және Ш.Мұртаза атындағы  Халықаралық Тараз инновациялық институты студенттерімен бірлесіп,  Алғыс айту күніне орай бірқатар игілікті іс-шараларды  өткізді. «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі https://www.youtube.com/watch?v=D_lt65Aa-eE

Давришев

Облыстық «Ахыска» Түріктер этномәдени орталығы  қоғамдық бірлестігінің Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Давришев Махмуджон Мираддинович Алғыс айту күні мерекесімен құттықтайды! «Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс»  бөлімі https://www.youtube.com/watch?v=tz43ikDY_ZM

Алғыс айту күніне орай, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастыруымен құттықтаулар акциясы басталды

Алғыс айту күніне орай, Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім” КММ ұйымдастыруымен  құттықтаулар акциясы  басталды. Соның бірегейі — 2019 жылдан бері аталмыш мекемемен қолға алынып, ілгерілетіліп келе жатқан  облыстық  «Ассамблея бөбектері» жобасы. Аталмыш жоба аясында  Тараз қалалық  №33  «Айсәуле»  бөбекжай-балабақшасындағы өзге этнос өкілдерінің бүлдіршіндері өз туған еліне, жеріне мемлекеттік тілде алғыс айтты. Жалпы, “Ассамблея бөбектері” […]