Entries by Администратор

Қазақстан халқы Ассамблеясы Аналар кеңесінің үндеуі

Қымбатты отандастар! Бүгін барша прогрессивті адамзат Семей ядролық полигонының  жабылғанына  25 жыл толғанын атап өтуде. Семей полигонының трагедиясы  –  халқымыздың  ортақ  қасіреті. Ұзақ уақыт бойы ядролық сынақтардың салдарынан зардап шеккен ұрпақтардың  тақсіреті  әр ананың жүрегін  жаралайды. ҚР Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың  бастамасымен әлемде тұңғыш рет ядролық сынақ полигоны жабылып, Қазақстан халықаралық саясатта сенімнің жаңа моральдық […]

Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтайды

Құрметті Отандастар! Қазақстан халқы Ассамблеясы сіздерді Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтайды. Еліміздің Ата заңы саяси және экономикалық жүйенің бастапқы қағидаларын анықтап, жалпы адами және жалпы ұлттық құндылықтарды айқындады. Конституция Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ə.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен жалпыұлттық бірліктің моделі ретінде жүзеге асқан бейбітшілік пен келісім саясатының және қоғамдағы бірліктің қағидаларын […]

Мектепке жол – жарық жол

Дәстүрлі «Мектепке жол» акциясы республикамызда өтетін басқа да қайырымдылық акциялары сияқты Қазақстан халқы Ассамблеясының бастамасымен  жыл сайын өтіп тұрады. Аталған акция 1-ші қыркүйекке дейін жалғасса да бүгінде облыстық ҚХА хатшылығына алдын-ала қорытындысы келіп жатыр. «Мектепке жол» акциясы тек қайырымдылық шарасы ғана емес. 1-20 тамыз аралығында өткен өңірдегі іс-шаралар, бірінші кезекте, «Қазақстан Республикасындағы білім туралы» Заңына […]

Бірінші аймақтық семинар

Жамбыл облысы Шу ауданының Төле би ауылында «Менің Елім-Мәңгілік Ел» атты тақырыпта ғылыми-тәжірибелік семинар болып өтті. Оған облысымыздың ірі үш ауданы Шу, Қордай, Мойынқұмнан қоғамдық келісім кеңестері мен этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Семинар жұмысын кіріспе сөзбен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Рано Убайдуллаева ашты. Мекеменің бас сарапшысы Лариса Лысова өз сөзінде «Мәңгілік Ел» […]

Қазақстан халқы Ассамблеясы – жастар үшін

12-13 тамыз аралығында Берікқара тау шатқалында Жамбыл облысындағы этномәдени бірлестіктердің жастары арасында жыл сайын өткізілетін  «ҚХА жастары – 2016» бесінші форумы өтті. Форумға 80-нен астам бозбала мен бойжеткендер қатысты, оның ішінде аудандық ішкі саясат басқармаларының этносаралық қатынастар саласы бойынша жұмыс істейтін жаңа тағайындалған мамандар да бар. Сондай-ақ, форум жұмысына аудандардан келген үздік оқитын 19 оқушы […]

Медиаторларға арналған семинар-тренинг

Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нде ҚХА жанынан құрылған медиация кабинетінің медиация мектебі «Кәсіби емес медиаторларға арналған этномәдени медиация» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинарға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері, «Бітімгер» медиация және құқық орталығының медиаторлары, Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, сонымен қатар медиаторлар жұмыс жасау менеджері қатысты. Семинардың басты мақсаты кәсіби […]

Жамбыл облысындағы «Медиация күні»

5 тамыз күні республика бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен «Медиация күні» кеңінен аталып өтті. Бұл күн, ендігі кезеңде, жыл сайын, кәсіби мереке ретінде аталып өтеді деп күтілуде, оған жамбылдықтар да атсалысуда. 2011 жылдың тамызында заңды және жеке тұлғалар арасындағы даулар мен жанжалдарды арнайы дайындықтан өткен […]

Өңірлік қоғамдық келісім кеңесі іс жүзінде

Бұдан былай Жамбыл облысының қалалары мен ауылдарында жаңа қоғамдық күш жұмыс атқаруда. Бұл жөнінде, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің конференц-залында өткен, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысында атап өтілді. – Қазіргі уақытта облысымызда 166 қоғамдық келісім кеңестері моноқалаларда, аудан орталықтарында, ауылдық округтерде және ірі кәсіпорындарда үйлесімді жұмыс атқаруда. Бүгінде Қазақстан халқы […]

«Ұлы дала аңыздары»

Облысымызда Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы мен облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған «Ұлы Дала аңыздары» атты этноэкспедиция жолға шықты. Аталған жоба Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Құрамында «Қоғамдық келісім» КММ-нің қоғамдық көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Камал Нарбатыров, сәндік-қолданбалы өнер шебері, аталған мекеменің әдіскері Вера Майкович пен жастармен […]

Мәжіліс депутаты тараздық химиктермен кездесті

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Мәжілісіне депутат Шакир Хахазов жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болды. Тараздағы сапарын халық қалаулысы облыс орталығының тарихи орындары «Қарахан» мавзолейі, «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық парк пен жаңадан құрылысы жүріп жатқан «Бейбітшілік пен келісім» үйімен танысудан бастады.  Ш.Хахазов «Салтанат» мөлтек ауданындағы «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынып жатқан, жаңа құрылыс нысандары, 1000 […]