Entries by Администратор

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР-ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗДІҢ БАСТЫ ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫ

Бүгін, Қазақстан республикасының мемлекеттік рәміздер күніне орай Достық үйінде «Туымыз – төрімізде» жалпыреспубликалық флэшмобы өтті. Мақсаты – баршамызға ортақ Отан тағдырына қатыстылық сезімін арттыру, қоғамдағы өзара түсіністік пен келісімді нығайту, әлеуметтік интеграцияны күшейту, патриотизм мен азаматтық сезімге тәрбиелеу және оны дамыту, біртұтас ұлтты қалыптастыру. Маңызды шараға ҚХА «Ассамблея жастары» РҚБ белсенді қатысып, Мемлекеттік рәміздердің айбыны […]

БІРЛІК – БАҚЫТТЫ БАЛАЛЫҚТЫҢ КІЛТІ

Халықаралық балаларды қорғау күні – ерекше қуаныш пен мейірімге толы шуақты мейрам. Баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ екенін осы мерекеде айқын сезінеміз. Жаз айының алғашқы күнімен тұспа-тұс келген айтулы күн қарсаңында облыстық ақпарат және қоғамдық даму басқармасының «Қоғамдық келісім» мекемесінің ұйымдастыруымен «Бірлік – бақытты балалықтың кілті» атты балаларға арналған мерекелік концерт өтті. Оған […]

ТАРИХТАН ТАҒЫЛЫМ, ӨТКЕНГЕ ТАҒЗЫМ

Тарих тағылымы! Жүректен өшпейтін із! 31 мамыр – ресми түрде саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Солақай саясаттың сызын тартқан қаншама боздақ өмірімен қоштасты. Балалар жетім, әйелдер жесір қалды. Алаштың ардақтылары жазықсыз жапа шегіп, көршілес елге жер аударылды. Қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай бүгін жамбылдықтар репрессиядан жапа шеккендерге арналған ескерткішке гүл шоқтарын қойып, ел […]

БОЛАШАҚ ҮШІН ЕСТЕЛІК

Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай Достық үйінде «Болашақ үшін естелік» атты кеш өтті. Атамекенінен алысқа ұзап, нәубетті жылдарды бастан өткерген этностарға арналған кеш «Дулати жастары» театрының «Қанмен жазылған хат» атты тарихи қойылымымен басталып, 1 минут үнсіздікке ұласты. Тоталитаризмнен зардап шеккен көптеген ұлт өкілдері үшін қазақ жері құтты мекенге айналғаны белгілі. Осыған орай, кеш […]

ҰЛТТЫҚ ОЙЫНДАР МЕН ОЙЫНШЫҚТАР ТАНЫСТЫРЫЛДЫ

Бүгін «Қоғамдық келісім» мекемесінде «Ассамблея бөбектері» жобасы аясында №17, №18 және №7 балабақша педагогтерінің ұйымдастыруымен ұлттық ойындар мен ойыншықтардың презентациясы өтті. Онда балақайлардың ой-өрісін дамытатын, ұлттық құндылықты ұлықтайтын түрлі формадағы патенттелген ойыншықтар қойылған. Мұндағы мақсаты – өнертапқыш педагогтерді қолдау, тәжірибе алмастыру арқылы халық мұрасын ұлықтап, қайталанбас мәдениетті дәріптеу болатын. «Ассамблея бөбектері» жобасы өскелең ұрпақпен жұмыс […]

МЕМЛЕКЕТТІК РӘМІЗДЕР – ЕЛ МАҚТАНЫШЫ

Мемлекеттік рәміздер күніне орай Жамбыл облыстық ҚХА өкілдерінің қатысуымен Шу ауданының білім беру ұйымдарында бірқатар іс-шаралар өтті. Абай атындағы және Мұқағали Мақатаев атындағы мектептерде, №10 колледжде мемлекеттік рәміздерді насихаттауға және ұлтаралық қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған шаралар ұйымдастырылып, оған Тараз қалалық Өзбек мәдени орталығының төрағасы, облыстық ҚХА Ақсақалдар кеңесі төрағасының орынбасары Абдурахман Зайнутдинов қатысты. Жиында қатысушыларға А.Зайнутдинов […]

БАБАЛАР РУХЫНА ТАҒЗЫМ

Өзбекстанның астанасы Ташкент қаласында қазақтың Ұлы жүзінің Дулат тайпасынан тараған Шымыр руының негізін қалаушы абыз баба жерленген. Жылдағы дәстүрге сай жуырда өз ағайынымыз өзбек елінің бас шаһарында ата-баба рухына тәу етіп, еске алу рәсімі өтті. Еске алуға қатысушылардың басым көпшілігі Шу ауданынан келген Шымыр руының ұрпақтары. Баба аруағына құран бағыштауға Жамбылдан арнайы ат арытып барған […]

ҚАРАКЕМЕРДЕ ЖАҢА ЗАМАНАУИ ФУТБОЛ АЛАҢЫ АШЫЛДЫ

Ағымдағы жылдың 25 мамырында Жамбыл облысы Қордай ауданы Қаракемер ауылында Қазақстан халқы Ассамблеясының қолдауымен заманауи үлгідегі жабық футбол алаңына арналған спорттық нысанның салтанатты ашылу рәсімі өтті. Іс-шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары – Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі ҚХА Хатшылығының меңгерушісі М.Әзілханов, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Этносаралық қатынастарды дамыту комитетінің төрағасы Ғ.Шойкин, Жамбыл облысы […]

МАСАНШЫДА “ТАЗА ҚАЗАҚСТАН” АКЦИЯСЫ ОРЫН АЛДЫ

Президент бастамасымен қолға алынған «Таза Қазақстан» акциясы Қордай ауданында ерекше қарқынмен өтуде. Тазалық десе тасада қалмайтын қордайлықтар осы аралықта үлкен жұмыстар атқарып, ауыл ажарын ашуға, туған жерді көркейтуге барын салған болатын. Масаншыда болған «Біз «Таза Қазақстан» акциясын қолдаймыз!» атты шараға Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Марат […]

СОРТӨБЕДЕ ЕРЕН ЕҢБЕК ЕТКЕНДЕР ЕЛЕНДІ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен 8 сәуірде басталған «Таза Қазақстан» акциясы аясында Сортөбеде ауқымды жұмыстар қолға алынған болатын. Тіпті ауыл болып арнайы техника сатып алып, тек тазалық айында ғана емес, өзге де табиғатқа байланысты төтенше жағдай кезінде олар ауданның кез-келген ауылына көмекке жетуге әзір екендіктерін де білдірді. Сол техникалар жанында ауыл халқымен, белсенділермен Қазақстан халқы Ассамблеясы […]