Entries by Администратор

Медиаторларға арналған семинар-тренинг

Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нде ҚХА жанынан құрылған медиация кабинетінің медиация мектебі «Кәсіби емес медиаторларға арналған этномәдени медиация» тақырыбында семинар-тренинг өткізді. Семинарға ҚХА мүшелері, этномәдени бірлестіктердің төрағалары мен белсенді мүшелері, «Бітімгер» медиация және құқық орталығының медиаторлары, Аналар кеңесі мен Ақсақалдар кеңесінің мүшелері, сонымен қатар медиаторлар жұмыс жасау менеджері қатысты. Семинардың басты мақсаты кәсіби […]

Жамбыл облысындағы «Медиация күні»

5 тамыз күні республика бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясы мен ҚР Жоғарғы Соты жанындағы соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің ұйымдастыруымен «Медиация күні» кеңінен аталып өтті. Бұл күн, ендігі кезеңде, жыл сайын, кәсіби мереке ретінде аталып өтеді деп күтілуде, оған жамбылдықтар да атсалысуда. 2011 жылдың тамызында заңды және жеке тұлғалар арасындағы даулар мен жанжалдарды арнайы дайындықтан өткен […]

Өңірлік қоғамдық келісім кеңесі іс жүзінде

Бұдан былай Жамбыл облысының қалалары мен ауылдарында жаңа қоғамдық күш жұмыс атқаруда. Бұл жөнінде, облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің конференц-залында өткен, Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы қоғамдық келісім кеңесінің кезекті отырысында атап өтілді. – Қазіргі уақытта облысымызда 166 қоғамдық келісім кеңестері моноқалаларда, аудан орталықтарында, ауылдық округтерде және ірі кәсіпорындарда үйлесімді жұмыс атқаруда. Бүгінде Қазақстан халқы […]

«Ұлы дала аңыздары»

Облысымызда Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы мен облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйытқы болуымен ұйымдастырылған «Ұлы Дала аңыздары» атты этноэкспедиция жолға шықты. Аталған жоба Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай ұйымдастырылып отыр. Құрамында «Қоғамдық келісім» КММ-нің қоғамдық көпшілік іс-шараларды ұйымдастыру бөлімінің басшысы Камал Нарбатыров, сәндік-қолданбалы өнер шебері, аталған мекеменің әдіскері Вера Майкович пен жастармен […]

Мәжіліс депутаты тараздық химиктермен кездесті

Жақында Қазақстан халқы Ассамблеясынан ҚР Мәжілісіне депутат Шакир Хахазов жұмыс сапарымен Жамбыл облысында болды. Тараздағы сапарын халық қалаулысы облыс орталығының тарихи орындары «Қарахан» мавзолейі, «Көне Тараз» ашық аспан астындағы археологиялық парк пен жаңадан құрылысы жүріп жатқан «Бейбітшілік пен келісім» үйімен танысудан бастады.  Ш.Хахазов «Салтанат» мөлтек ауданындағы «Нұрлы жол» бағдарламасымен салынып жатқан, жаңа құрылыс нысандары, 1000 […]

Тараз – Худжанд жаңа рейсі

Енді міне, Тәжікстан  да Таразға жақындай түсті. Сенбі күні «Әулиеата» халықаралық аэропортына біздің қалалар мен халқымызды берік әуе көпірімен жалғайтын Худжандтан жаңа борт ұшып келді. Бұл – қазақстандық ірі әуе компаниялардың бірі «SКАТ» жүзеге асырған рейс. Бірінші рейсті қала тұрғындары салтанатты түрде қарсы алды. «Sкат» авикомпаниясының «Boeing»-737-300 ұшағы өрт сөндіруші автокөліктер атқылаған су бұрқағынан жасалған […]

Этномәдени бірлестіктер спартакиадасы

«Тараз – Арена» спорт сарайында этномәдени бірлестіктер арасында кезекті облыстық Қазақстан халқы ойындарының спартакиадасы болып өтті. Биылғы жылы спартакиада спорттың төрт түрінен: стол теннисі, шахмат, арқан тарту және халық ойындары түрлерінен эстафетадан тұрды.  Оған әртүрлі ұлт өкілдерінен жасақталған алты команда қатысты. – Біздің команда осындай этнобірлестіктер арасындағы спартакиадаға бірінші жылы қатысып отырған жоқ, – деп […]

Өнердің сиқырлы күші

Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-дегі этномәдени бірлестіктер жастарымен жұмыс жасау бойынша әдіскер Дарья Бурмакина мен «Ақ желкен» жастар лигасы, облыстық орыс драма театрында алғаш рет көрсетілген «Клетка» атты спектакльды бірге тамашалап, одан кейін оның қоюшы-режиссері Ольга Избасарова мен театрдың жас труппасын кездесуге шақырды.  Осы кездесу барысында скайп байланыс арқылы Москва қаласында тұратын, аталған […]

Тараздың он екі жұлдызы

Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы қала тұрғындары мен қонақтарын жан-жақты, мазмұнды және әсерлі іс-шаралармен қуантып келеді. Бүгінгі болып өткен үлкен айтулы іс-шара, Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай ұйымдастырылған «Ассамблея аруы-2016» байқауы да көптің көңілінен шықты. Байқаудың ұйымдастырушылары: ассамблея жанындағы Аналар кеңесі мен «Қоғамдық келісім»  КММ байқаудың әрбір сәтіне, сахнаның көркемделуіне, әділ қазылар алқасының құрамына аса зор […]

Ана тілім – айбыным!

Ана тілім – айбыным!          «21 ақпан – Халықаралық ана тілі» күніне орай 2016 жылғы 18 ақпан күні Тараз қалалық Мәдениет үйінде облыс әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы және Тараз қаласы әкімдігі мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім»КММ және облыстағы этнос өкілдерінің қатысуымен «Ана тілім – айбыным!» атты фестиваль болып […]