Entries by Администратор

Еврей этносы күндері өтті

Жамбыл облысының Байзақ ауданында «Үлкен ел – Үлкен отбасы» жалпыұлттық жобасының шеңберінде еврей мәдениетінің күндері болып өтті. Оны аудандық ішкі саясат бөлімі мен «Қоғамдық келісім» мекемесінің қолдауымен «Шиват Цион» еврей мәдени орталығы ұйымдастырды. ушылар ымен Оқушыларды еврей халқының мәдениеті мен Қазақстанның өркендеуіне қосқан үлесмен таныстырды. Байзақ ауданының жас жеткіншектері алдында «Шиват Цион» Жамбыл облыстық еврей […]

Медиация – жаңа даму кезеңдері

Жуырда облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясы қызметкерлері мен «Бітімгер» медиация және құқық орталығының медиаторлары «дөңгелек үстел» отырысында бас қосты. Қатысушылар жиын барысында медиация саласындағы өзгерістер мен жаңалықтарды ортаға салып, талқылады. Орталық басшысы Лариса Сафонова, алдағы  уақытта кәсіпқой емес медиаторлар ретінде есептеліп келген әлеуметтік медиаторлар Қазақстан халқы Ассамблеясының, сонымен қатар қалалық және аудандық әкімдіктер реестрінде есепте тұратынын […]

Ортақ мақсатқа бірге барамыз

Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйытқы болуымен өтіп жатқан «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында және ҚР Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай облыс ассамблея мүшелері мен этномәдени бірлестіктер өкілдерін, сонымен аналар, ақсақалдар және қоғамдық келісім кеңестері мен «Ақ желкен» жастар лигасының мүшелерін Жуалы ауданындағы А.Гайдар атындағы мектепте дәм-тұзбен қарсы алды. «Қайырымдылық керуені» ұлттық қайырымдылық науқанының мақсатымен және алға қойған міндеттерімен облыс […]

«Мәдениет, салт-дәстүр және отбасы құндылықтары» жобасы аясындағы кездесу

Өткен жылы Тараз қаласында салтанатты ашылуы болған «Орен ТВ» телеарнасы бүгінде  онлайн-режимде бірнеше кездесу циклдерін өткізді.  «Мәдениет, салт-дәстүр және отбасы құндылықтары» атты жоба аясындағы кездесуге ҚХА мүшелері, Сантк-Петербург, Челябинск, Астана және Тараз қалаларының «Шиват Цион» еврей этномәдени бірлестігінің, «Машхана» жастар қанатының мүшелері мен қалалық орта мектептерінің педагогтары қатысты. Россияның «Жақсы орта» сайтының басшысы әрі жүргізушісі […]

Ғылыми жобалар байқауы

Тараз қаласында Қазақстан халқы Асамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, Н. Назарбаевтың қоғамдық келісім мен  жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісіне арналған ғылыми жобалардың облыстық байқауы өткізілді. «Бүгінгі байқау ғылыми қауымды Н.Ә.Назарбаевтың қоғамдық келісім мен  жалпыұлттық бірліктің қазақстандық үлгісін ілгерілетуге ықпал ететін зерттеу жұмыстарына тарту аясында […]

Ақсақалдар сөзі – заң

Жамбыл облысының көпұлтты халқының арасында дүнгендер – саны ең көп этнос болып есептеледі. Олар өздерінің мәдениетін, салт-дәстүрлерін сақтап және өз тіліне деген құрметін жылдан жылға арттырып келеді. Жастарын еңбекқорлыққа, өзара сыйластыққа, қонақжайлылыққа және патриоттық сезімге тәрбиелейді. – Нәтижесінде дүнген халқы арасында жастардың  үлкендерден үлгі алып, оларды құрметтеуі, сөздерін екі етпей орындауы қалыптасқан. Жуырда ақсақалдарымыз жастар […]

«Шын жүректен» қайырымдылық телемарафоны

29 қыркүйек сағат 10-00де «Қазақстан»  ұлттық телеарнасында  «Шын жүректен» қайырымдылық телемарафоны бастау алады. Ұйымдастырушылары болып бой көрсеткен Қазақстан халқы Ассамблеясы, «Қазақстан» РТРК, «Қазақстан халқы Ассамблеясы» ҚҚ, көмекке мұқтаж Қазақстан азаматтарына қайтарымсыз жәрдем беруге арналған кең ауқымды шара. Бұл қайырымдылық пен бірлік акциясы – барша халықты  жақсылық пен жылулықты бөлісуге үндеу. Қымбат ем алуды қажет ететін […]

Көне Тараз – достық аумағы

Жамбыл жерінің тарихы терең және бай. Өзіндік ерекшелігі бар жұмбақ өлке. Тауы мен суы, құмы мен шөлейті бар өлке. Кімде кім Жамбыл жерінде болса жүрегінде осы өлке туралы керемет бір естелігін сақтап қалады. Жуырда Ы.Дүкенұлы атындағы қалалық мәдениет үйінде «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен «Көне Тараз – достық аумағы» атты облыстық фестивалі өтті. Көрермендерге толы зал […]

«Менің отбасымның дәстүрі» байқауы

Жамбыл облысында «Үлкен ел-Үлкен отбасы» жобасы аясында, «Нұр Отан» партиясының қолдауымен облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен  «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен этномәдени бірлестіктер арасында «Менің отбасымның дәстүрлері» атты облыстық байқау басталды. Іс-шараға ҚХА мүшелері, мемлекеттік мекемелердің, этномәдени бірлестіктерінің өкілдері, жастар қауымы мен БАҚ қатысты. Байқау қонағы, облыстық Қазақстан  халқы ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі Маржан Қожаева құттықтау сөзінде […]

«Балалар игілігі үшін мейірімділік сыйла»

Осы жолғы «Үміт Үзбеу» ҚҚ басты міндеті  – әлеуметтік жағдайы төмен отбасынан шыққан 80 балаға материалдық және моралльдық көмек көрсету болды. Біз 80 балаға мектепке дайындалуға қолдау көрсеттік, Павлодар қаласынан көп балалы ата-аналар мен қамқоршылар көмек сұрап келді, соның ішінде Ленинский ауылы Май ауданы мен Железинка ауданы. «Павлодар облысы бойынша еңбектеніп жүрген әйелдер ісі жөніндегі […]