Entries by Администратор

Қоғамдық келісім кеңесінің бірінші облыстық форумы

Тараз қаласында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің «Қоғамдық келісім – даму мен табыс кепілі» бірінші облыстық форумы болып өтті. Аталмыш іс-шараның басты мақсаты –  елімізде  бейбітшілік пен келісімді нығайту жолындағы, мемлекеттік реформаларды жүзеге асырудағы қоғамдық келісім кеңесінің жұмысын бекітіп, оны әрі қарай дамыту. Форумға ҚХА мүшелері, қоғамдық келісім кеңесі, облыстық «Нұр […]

Дүнген этносының мәдениет күні

Бүгін «Жамбыл облыстық «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен «Дүнген этносының мәдениет күні» өткізілді. Мерекелік кешке ҚХА мүшелері, соғыс және еңбек ардагерлері, ғылым және мәдениет қайраткерлері, жастар, өңіріміздегі барлық этнобірлестік мүшелері және қала қонақтары шақырылды.  Іс-шара барысында қонақтар  дүнген халқының салт-дәстүрлерімен танысты. «Қазақстанда тұрып жатқан  елу алты мыңнан астам дүнгендер халқының кемінде отыз […]

«Этносаралық жағдайдың мониторингі, бағалау және болжау» семинар-тренингі

«Бейбітшілік пен келісім – мемлекет дамуының кепілі» – бұл  Қазақ елінің ұстанымы.  Іс-шараны Жамбыл облысы ҚХА хатшылығы мен Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаменті ұйымдастырды. Семинардың басты мақсаты – этносаралық және конфессияаралық толеранттылықты насихаттау. «Қазақстанның Этносаралық қарым-қатынас тақырыбын кездейсоқ алған жоқпыз. Себебі биыл Тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр. […]

Таразда украин мәдениеті күні аталып өтті

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын тойлау қарсаңында «Этностардың мәдени күндері» жобасы аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы мен Тараз мемлекеттік педагогикалық институтының қолдауымен  Украин мәдениеті күні аталып өтті. Бұл күні Тәуелсіз еліміздің  жеткен жетістіктері, көп ұлтты мемлекетте бірлікте өмірде сүріп жатқан халқымыздың ауызбіршілігі жайында айтылды. Қазақстан халқы ассамблеясы төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева жиналғандарды Республикамыздың […]

«Кемел келешекке – кемеңгер Елбасымен!»

Қазақстан халқы Ассамблеясының ғылыми-сараптамалық тобы «Кемел келешекке – кемеңгер Елбасымен» атты ғылыми-тәжірибелік  конференция өткізіп, оған этномәдени бірлестіктердің белсенділері, медиаторлар, ақсақалдар мен аналар кеңесінің мүшелері қатысты. Конференция жұмысын  ғылыми-сараптамалық топ  төрағасының орынбасары, М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «Қазақстан халқы Ассамблеясы» кафедрасының меңгерушісі, философия ғылымдарының кандидаты Парида Мамедова ашып, жүргізіп отырды. Іс-шараның басты мақсаты қазақстандық  патриотизмді қалыптастыру, […]

Құқық қорғау және арнайы органдар мамандарымен кездесу

Еліміз егемендік алған күннен бастап этносаралық және конфессияаралық  келісімді нығайтуды Қазақстан басшылығы өз қызметінде  басым міндеттердің бірі ретінде белгіледі. «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесінде құқық қорғау және арнайы органдар мамандарының қатысуымен этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласындағы заңдылықтар тұрғысында дөңгелек үстел отырысы болып өтті. Аталмыш жиынға облыстық  Ішкі істер департаменті, прокуратура, облыстық сот органдары мен ішкі істер […]

Халықаралық диалог

Бір жыл уақыт ішінде «Жамбыл облыстық еврей этномәдени орталығы» қоғамдық бірлестігі «Керемет орта» сайты мен еврей ашық телеканалының өкілдері ұйымдастыруымен өтетін халықаралық диалог алаңының белсенді қатысушысы ретінде өздерін көрсетуде. Әлеуметтік желі арқылы байланысқа Израиль, Қазақстан, Ресей, Литва қалалары шықты. Отбасы құндылықтары, рухани және мәдени салт-дәстүрлер, жастар тәрбиесі тақырыптары кеңінен талқыланатын жобаның бейне жазбасы барлық каналдар […]

Қарттар үйіндегі мерекелік концерт

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына орай, «25 жұлдызды күн» республикалық акциясы аясында Жамбыл облысының «Қоғамдық келісім» КММ мен этномәдени орталықтарының өкілдері «№2 әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында» үлкен мерекелік іс-шара ұйымдастырды. Іс-шараға қатысқан облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ басшысының орынбасары Камал Нарбатыров өз сөзінде қарттарды Тәуелсіздігіміздің 25-жылдығымен шын жүректен құттықтай отырып, оларға зор денсаулық тіледі. Іс-шара […]

«Ассамблеяның кішкентай аруы» байқауы болып өтті

Тараз қалалық мәдениет үйінде «25 жұлдызды күн» республикалық акциясы аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Қазақстан халқы ассамблеясының кішкентай аруы-2016» байқауы болып өтті. Байқауды қалалық білім бөлімінің қолдауымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы жанындағы Аналар кеңесі және «Карнавал звезд» мерекелік агенттігі ұйымдастырды. Байқауға облыс орталығындағы бала бақшалардан бес пен алты жас аралығындағы кішкентай бүлдіршіндер […]