Entries by Администратор

Таразда «Мәміле» клубы ашылды

Ағымдағы жылдың ақпанында ҚХА мен Тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығы», МКҚК арасында «Мәміле» жобасының тұжырымдамасы әзірленді. «Мәміле» клубы тілді үйренгісі келетіндер мен оған көмек көрсететін, сондай-ақ тілді меңгерген еріктілерге арналған диалог алаңы болып табылады. Мемлекет басшысы Н.Ә.Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVІ сессиясында қазақ тілін, мәдениетін, тарихын, философиясын, қазақ елінің құндылықтарын насихаттауға бағытталған […]

Қалай десек те ажал айтып келмейді

Қалай десек те ажал айтып келмейді. Әлеуметтік желі болсын, басқа сайттарда болсын бұл оқиға турасында жазуда журналистер мен блогерлер алдарына жан салып жатқан жоқ. Қаралы хабарды естіген жұрттың жұбатуы мен көңіл айту жазбаларының қарасы да қалың. Қайткенде де қуаныш пен қайғыны тең бөлетін бауырмалдығымыз тағы бар. Бұл жағдай бүгінгі қазақ қоғамының ең ауыр қасіреті болды. […]

Парламенті Мәжілісінің депутаты жамбылдық этнос өкілдерімен кездесті

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының депутаттық фракциясының мүшесі Сейдуманов Серік Тұрарұлы жұмыс сапарымен Жамбыл облысына келді. Депутат облыспен танысуды Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктер төрағаларымен кездесуден бастады. Кездесу Достық үйі ғимаратының күмбезінде орналасқан дөңгелек үстелде өтті. Жұртшылық тегіс жиналысымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылық меңгерушісі Маржан Қожаева билік […]

«SARQYT» қайырымдылық акциясы

Қаңтар  айының  27 күні облыстық  «Жаңғыру жолы»  жастар қозғалысының жастары және «Ақ желкен жастар лигасының жастары  бірлесіп  «SARQYT» қайырымдылық акциясын өткізді. Ұлы даланың дәстүрлеріне негізделген Қазақстан халқы ассамблеясының  2019 жылға арналған қайырымдылқық  шараларының күнтізбесіне  сәйкес өткізліген бұл игі іс-шара 2019 жыл жастар жылының  алғашқы  бастамасы. Жігерлі де, жұмыр жастар бірлесе отырып ортақ қаржы жыйнаған. Құралған […]

«Медиация кабинеті жұмысының қорытындылары және 2019 жылға жоспарлары туралы»

Ағымдағы жылдың  қаңтарында “Қоғамдық келісім” КММ медиация кабинетінің атқарылған жұмыстарының қорытындылары мен 2019 жылға  жоспарлары  жөнінде медиаторлар кеңесі өтті.  Іс-шараның мақсаты – Медиация институтының қызметін күшейту және жандандыру үшін “Медиация туралы” ҚР Заңын, мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылдың негізгі тетіктерін дамыту және қолдану перспективасын талқылады. Күн тәртібінде 2019 жылға арналған жұмыс, ҚХА “Жаңғыру […]

Жамбыл облысының Қордай ауданы Масаншы ауылында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы мен Қоғамдық келісім кеңесінің көшпелі отырысы болды

Ағымдағы жылдың 18-қаңтарында Жамбыл облысының Қордай ауданында Жамбыл облысы ҚХА хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» КММ және облыстық Қоғамдық келісім кеңесінің ұйымдастыруымен бейбітшілік пен бірлікті,  азаматтық сәйкестік пен этносаралық қарым-қатынастарды  сақтау мақсатында  көшпелі отырыс өтті. Кеңейтілген отырысқа ҚХА хатшылығы, «Қоғамдық келісім» КММ өкілдері – ғылыми-сараптамалық топ, әдістемелік бөлім, «Вынхуа» дүнгендер ассоциациясының мәдени орталығы»  қоғамдық бірлестігі, Қордай […]

Рождество – жарқын мереке

Жаңа жылдың алашқы күндерінде тойланатын, христиан әлемінің басты мерекесі — Рождество.  Әлемнің 145 мемлекетінде тойланатын бұл мейрам православтар мен католиктердің қызықты салттар мен өзіндік салтанатқа толы ерекеше күндері. Аталған бұл мерекелік  күнді барша христиандар шіркеулер мен ғибадатханаларда шоқынумен өткізеді. Осыдан екі мың жыл бұрын басталған Рождество мейрамының тарихы Мария ананың Иисус-Ғайса пайғамбарды өмірге әкелген күнінен […]

Таразда офицерлер мен сержанттарға дәріс оқылды

Ағымдағы жылдың желтоқсанында   мемлекеттік – құқықтық дайындық аясында «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» тақырыбы бойынша «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскерлері  қолбасшысы басқармасының жеке құрамымен бірлескен дәріс өткізілді. Дәріс басталмас бұрын жиылған жұртшылықты Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ғылыми – сараптамалық тобының бас сарапшысы Альбина Тапаева сәні мен сәулеті келіскен Достық үйі ғимратыны аралатып, Елбасы ұсынған […]

Таразда «Сарқыт» қайырымдылық акциясы басталды

Қазақстан халқы Ассамблеясында халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарын қолдауға бағытталған 2019 жылға арналған  іс – шаралар легі басталып та кетті. Өткен жылы «Қайырымдылық керуені»  атауымен көптеген игі істердің басынан табылған жоба, биылғы жылы  «Мейірімділікпен бірлікке!» атты ұранымен өтетін болады. Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары Леонид Прокопенконың айтуынша, акция бір жылға созылып, әр ай белгілі бір тақырыпқа […]