Entries by Администратор

Таразда А.Л.Нахмановичтің 95 жылдығына орай еврейлердің этнос күні өтті

2019 жылдың мамыр айында Жамбыл облысының Байзақов ауданы, «Түймекент»  ауылында Ғазиз Байтасов атындағы орта мектепте А.Л. Нахмановичтің 95 жылдығына арналған «Шиват-Цион» еврей этномәдени орталығының этнос күні өтті. Іс-шара «Өмірлері қиын жағдайда қалған балалар» орталығының тәрбиеленушілерімен бірлесіп ұйымдастырылды. Іс-шараның мақсаты – этносаралық қарым-қатынастарды үйлестіру және Жамбыл облысындағы еврейлердің этносының мәдениетін, тарихын, салт-дәстүрін сақтау.    Этнос күні Жамбыл […]

Жамбылда халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

31 мамыр саяси қуғын – сүргін құрбандарын еске алу күні. Солақай саясаттың зардабын тартқан құрбандарды еске алып Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы және Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізді. «Қазақстан халқының жады мен бірлігі – қоғамдық келісімді нығайтудың негізі: департациялаудың тарихи сабақтары» атты конференцияға Жамбыл облысы Қазақстан халқы […]

«МӘМІЛЕ» КЛУБЫНЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ

2019 жылдың 17 мамыр күні сағат 15.00-де Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасы Тілдерді оқыту орталығының облыстық Қазақстан халқы ассамблеясымен бірлескен «Мәміле» клубының отырысы өтті. Бұл клуб – тілді үйренгісі келетіндер мен оған көмек көрсететін, сондай-ақ тілді меңгерген еріктілерге арналған диалог алаңы болып табылады. Қатысушылар диалог алаңында «Мінез – характер, Ырымшыл – суеверный, Білімді – […]

Таразда сайлау алды кездесу өтті

Елімізде сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары қарқын ала бастағаны баршаға мәлім. Осыған орай өңіріміздегі Достық үйінде “Нұр Отан” облыстық Штабының мүшелері мен  этномәдени бірлестік өкілдерінің кездесуі өтті. Кездесуді Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы мен еліміздің бас партиясы «Нұр Отанның» облыстық филиалы ұйымдастырды. Сайлауалды кездесуге Жамбыл облысы ҚХА этномәдени бірлестігінің жетекшілері мен мүшелері, Аналар мен ақсақалдар кеңесінің […]

Медиация мектеп қабырғасынан басталады

Жамбыл облысы әкімі аппаратының “Қоғамдық келісім” КММ-нің өскелең ұрпақ арасында Шексіз ортаны дамыту мақсатында өңірдің мектептері мен колледждерінде бірқатар іс-шаралар ұйымдастырылды.  Даулар мен жанжалдарды шешуге медиативтік тәсілді қолдану туралы құқықтық түсіндіру жұмысын ҚХА медиаторлары  және Аналар кеңестерінің өкілдерімен жүргізді. Жамбыл облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотымен ынтымақтастық туралы меморандумын іс жүзінде жүзеге асыру […]

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!

Ағымдағы жылдың алтыншы мамырында облыстық «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы және «Aibyn» әскери-патриоттық клубының белсенді жастары   жеңіс күні қарсаңында Жамбыл облысы Тараз қаласында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің үйлеріне барып құттықтап қайтты. Белсенді жастар бірінші  Тараз қаласы, Сатпаев көшесінің тұрғыны Иванов Геннадий Ивановичтің шаңырағына барды. 1926  жылы дүниеге келген ардагер қазір 93 жаста. Жасының қарттығына қарамастан […]

Конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі

Ағымдағы жылдың мамырында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының хатшылығы және облыс әкімдігінің дін істері басқармасының ұйымдастыруымен Тараз қаласы, «Достық үйінде» «Конфессияаралық келісімнің қазақстандық үлгісі» тақырыбында облыстық конференциясы өтті. Аталған шараға облыс аумағында қызмет атқаратын Ислам, Христиан бағытындағы діни бірлестіктері мен филиалдары, этномәдени бірлестіктері, БАҚ-ның өкілдері қатысты. Жиын дін істері басқармасының басшысы Жангелді Омаровтың  төрағалық етуімен […]

Конго-Қырым геморрагиялық қызбасы туралы

Конго Қырым геморрагиялық қызбасы табиғи ошақты аурулар қатарына жатады. Аурудың қоздырғышы вирус табиғатта жануарлар арасында үнемі айналыста болуына байланысты ауруды мүлдем жойып жіберу мүмкін болмағандықтан табиғи ошақта орналасқан елді мекендерде ауру орын алып жатады. Аурудың белсенді табиғи ошағында орналасқан Тараз қаласы және Байзақ, Жамбыл, Талас, Мойынқұм, Сарысу аудандарының елді мекендерінде аурудың алдын алу шаралары жүйелі […]

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы

3 мамыр күні Достық үйінде, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» пікірталас алаңы ұйымдастырылды. Жиынға облыстық этномәден бірлестік басшылары мен өкілдері және «Ақ желкен» жастар лигасы, «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының жастары қатысты. Жиын барысында азаматтардың санасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы құндылықтарды дамыту, кедергісіз орта құру, «партиципаторлық» бюджеттеуді кеңінен тарату […]

Өзара іс – қимыл-мақсатқа жетудің кілті!

Жамбыл облысы “Қоғамдық келісім” КММ-де “Мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл”атты Жамбыл облысы ҚХА медиаторлар кеңесінің кезекті отырысы өтті. Оған облыстық және қалалық соттардың судьялары, адвокаттар, билер, ҚХА медиаторлары және БАҚ өкілдері қатысты. Медиаторлар кеңесінің төрағасы-Сафонова Лариса Владимировна біздің аймақта медиацияны дамыту үшін ортақ пікірлестер мен серіктестерді, оның дамуына мемлекеттік органдармен ынтымақтастығы үлкен серпін бергенін атап өтті. […]