Entries by Администратор

Ақыртас қаласына саяхат

Ақыртас қаласы Тараз қаласының шығысында қырық шақырым жерде, Ақшолақ теміржол бекетінен алты шақырым оңтүстікте орналасқан. Көне қаланың қалдықтары бүгінде тек еліміздегі жұртшылыққа ғана емес, алыс-жақын шет елден келетін саяхатшылардың көзайымына айналған құтты мекені. Осынау тарихи жәдігерді көзбен көруге Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының этномәдени бірлестіктері өкілдері де барып қайтты. Аты тарихта алтын әріппен жазылар Ақыртас қаласының орналасқан […]

Тараз қаласында «Ару қала астана!» атты көрме өтті

Ағымдағы жылдың шілде айында «Ару қала астана!» атты еліміздің елордасы Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне орай өткізілген көрмеге қатысушы  мүмкіндігі шектеулі бүлдіршіндерді марапаттау салтанаты өтті. Көрмені өткізудегі басты мақсат өскелең ұрпаққа патриоттық тәрбие беру, балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық әлеуетін дамыту, Қазақстан халқы Ассамблеясының рөлін нығайту, ұлтаралық қатынастардың қазақстандық стандарттарын насихаттау болып табылады. Көрмеге мүмкіндігі шектеулі балалар, […]

Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының туған күніне арналған облыстық «Этномәдени бірлестіктер арасындағы Қазақстан халқы ойындарының облыстық спартакиадасының ақпараты

Ағымдағы жылдың маусымында «Тараз –Арена» спорт сарайында Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Жамбыл облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, Елордамыз Нұр-Сұлтан қаласының  туған күніне арналғаноблыстық Этномәдени бірлестіктер арасындағы «Қазақстан халықтары ойындарының» облыстық спартакиядасы өтті. Қазақстан халқы ойындарының басты мақсаты салауатты өмір салтын қалыптастыру және спортпен шұғылдану, облыстағы этномәдени бірлестіктердің арасында достық, туыстық […]

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің «Арыс балаларына» облыстық акциясы өтті

Ағымдағы жылдың маусымында техногендік апатқа ұшыраған Арыс қаласының балаларына арналған республикалық акция негізіде облыстық акция өткізілді. Шараны ұйымдастырған Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы хатшылығы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Акцияға Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Аналар кеңестерінің төрайымдары мен мүшелері, этномәдени бірлестіктердің  өкілдері мен жастар қанаты, облыстық және қалалық БАҚ өкілдері […]

Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің басшылары дөңгелек үстелі өтті

Ағымдағы жылдың маусымында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшелері мен этномәдени бірлестіктердің басшыларының дөңгелек үстелі өтті. Дөңгелек үстелге Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының Қоғамдық орынбасары Шерзод Пулатовтың өзі келіп қатысты. Сондай-ақ, іс-шарада Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының мүшелері, этномәдени бірлестіктердің басшылары мен өкілдері, Аналар, […]

Облыс журналистері арасындағы «Бір шаңырақ астында» байқауы өз мәресіне жетті

Елімізді мызғымас бірліктің арқасында 130-дан астам өзге ұлт өкілі тату-тәтті тұрмыс кешіп отыр. Қазақстан халқы Ассамблеясының туының астына топтасқан сан ұлттың айрандай ұйып, елімізде ұлтаралық келiсiм мен демократиялық қоғам құру, бейбiтшiлiк пен тұрақтылықтың сақталуы жолында бұқаралық ақпарат құралдары айрықша үлес қосып келеді. Осы ретте өз өңіріміздің де қалам ұстаған қауымы сан алуан этностық топ өкілдері […]

Жас ғалымдар бақ сынасқан бәсеке өз мәресіне жетті

Ағымдағы жылдың маусым айында Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы, Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұймдастыруымен жастар жылына орай  облыстық жастар startup жобалары байқауы өткізілді. «2019 – жастардың инновациялық әлеуеті» атауымен өтіп жатқан жобалар байқауына қатысушылардың еңбектерін Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ғылыми-сараптамалық қолдау бөлімі бекітілген ереже мен  […]

Аймақта ассамблеяның ХХІІ сессиясы өтті

«Тұрақтылық пен келісім – әлеуметтік бірлік пен жаңғыру кепілі».Аймақтағы Достық үйінде осындай ататуымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІI сессиясы өтті. Кезекті сессияға Жамбыл облысының әкімі әрі ассамблеяның аймақтық төрағасы Мырзахметов Асқар Исабекұлы, облыс ассамблеясының өкілдері мен ардагерлері, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен мүшелері,  облыстық мәслихаттың «Бірлік» депутаттық тобы мүшелері, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес […]

Таразда отбасы орталығы ашылды

Балаларды қорғау күні қарсаңында, Достық үйі ғимаратында, Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыстық соттың ұйымдастыруымен «Отбасы» орталығы ашылды. Ашылу салтанатының рәсімді облыстық сот алқасының төрағасы Жомарт Рүстембеков пен облыстық ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі Қожаева Маржан Төреғұлқызы өткізді. Аталған іс-шара отбасылық сот пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде өткізілді. Салтанатты шараға Жамбыл облыстық сотының сот алқасының төрағасы […]

Өткенге құрмет – мәңгілік міндет Тараздықтар саяси қуғын-сүргіннің құрбандарын еске алды

31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні. Аталған атаулы  күнге орай Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы мен облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ бірлесе отырып «Өткенге құрмет – мәңгілік міндет» атты еске алу кешін өткізді. Шараға облыстық этномәдени бірлестік басшылары мен  өкілдері, зобалаң жылдары ажал құшқан құрбандардың ұрпақтары,  Аналар, ақсақалдар кеңестері , «Ақ желкен» […]