Entries by Администратор

Тараз қаласының Достық үйінде «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігінің «Бірлік» қарашай-балкарлардың Жамбыл филиалы» этномәдени бірлестігінің этнос күні өтті

Қазақстан 140 этнос пен 19 конфессия өкілдерінің туған шаңырағына айналды. Азаматтық  татулық пен ұлтаралық келісім – біздің басты құндылығымыз. Тараз қаласының Достық үйінде ағымдағы жылдың  22 тамызында  Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының «Архыз» республикалық қоғамдық бірлестігі –   «Бірлік» қарашай-балкарлардың Жамбыл филиалы» этномәдени бірлестігінің этнос күні өтті. Жамбыл облысы әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі […]

Облысқа танымал журналист Михаил Теның Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған «Сакральный Казахстан. Святыни древнего Тараза» атты кітабының тұсаукесері өтті

Үстіміздегі жылдың тамыз айында Тараз қаласының Достық үйінде Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы және облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен  облысқа танымал журналист Михаил Теның Жамбыл облысының 80 жылдығына арналған «Сакральный Казахстан. Святыни древнего Тараза» атты кітабының тұсаукесері өтті. Кітаптың авторы – Михаил Тё, республикалық «Казахстанская правда» газетінің Жамбыл облысы бойынша меншікті тілшісі, суретші, […]

Жамбыл облысында «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» атты тарихи экологиялық акциясы аясында «Менің тарихым, менің халқым, менің елім» атты жастар экспедициясы аяқталды

Жамбыл облысында «Ұлы дала елінің киелі мұрасы» атты тарихи экологиялық акциясы аясында «Менің тарихым, менің халқым, менің елім» атты жастар экспедициясы аяқталды. Экскурсия маршруттық жоспарға сәйкес екі бағыт бойынша өткізілген болатын: біріншісі Тараз-Байзақ-Рысқұлов-Шу-Қордай-Меркі аудандарын, екіншісі Тараз-Жамбыл-Жуалы-Талас-Байзақ-Меркі аудандарын қамтыды. Қатысушылар алдында Жамбыл облысы әкімі аппаратының Қоғамдық келісім «Коммуналдық мемлекеттік мекемесінің бас сарапшысы Альбина Тапаева сөз сөйледі. […]

Медиа мәдениет кеңістігіндегі этникалық имидж

Азияның жүрегі, тоғыз жолдың торабындағы қазақ жерінде этникааралық келісім мен өзара сыйластықты, толеранттылықты қалыптастырған, түрлі мәдениеттер мен өркениеттердің бейбіт тіршілік кешуінің бай, тарихи тәжірибесі жинақталған. Ал осы ішкі тұрақтылыққа негіз болып отырған татулықты сақтап қалу – өскелең ұрпақтың міндеті. Айтар ұлағатын өнеге қылып көрсеткен халқымызбұл есті ескертуді жастарға енді қалай жеткізеді? ӨңірлікҚазақстан халқы ассамблеясының қолдауымен […]

Меркі ауданында облыстық қоғамдық кеңес пен облыстық ҚХА қоғамдық келісім кеңесінің арасында меморандумға қол қою рәсімі өтті

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Қоғамдық келісім кеңесі және облыс әкімі аппараты «Қоғамдық келісім» КММ-нің ұйымдастыруымен  Меркі ауданында облыстық Қоғамдық  келісім кеңесінің көшпелі отырысы өтті. Облыстық жиында модераторлық жасаған  Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы, «Нұр Отан» партиясының Жамбыл облысындағы филиалы төрағасының орынбасары –  Тілеумұрат Шәбден Тоқтасынұлы күн тәртібіндегі мәселелер бойынша облыс аудандарында және оның ішінде Меркі, […]

Жамбылдық этнос өкілдері «Good Look» өндіріс орнында барып қайтты

Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Қоғамдық келісім кеңестерінің жергілікті бюджетті тиімді пайдалануды қамтамасыз ету және агроөнеркәсіптік сектор саласындағы прогрессивті технологияларды ілгерілету жұмыстарына тарту бойынша жол картасына сәйкес облыстық этномәдени бірлестік өкілдері   «Good Look Сауда үйі» ЖШС жем шығару өндіріс орнына барып, жұмыс барысымен танысып қайтты. Кездесуге Жамбыл облысы этномәдени бірлестік жастары «ГудЖем» ЖШС жем шығару […]

Медиация – бейбітшілік пен келісім кепілі

Өңірдегі  Достық үйінде  Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы және облыс әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен облыс медиаторларының «Медиация-бейбітшілік пен келісімнің кепілі» атты облыстық конференциясы өтті. Конференцияны өткізудегі басты  мақсат-медиация институтын дамыту бойынша өзекті мәселелер мен жұмыс әдістерін, ҚХА медиация құрылымдарының мемлекеттік органдармен, азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимылының негізгі тетіктерін талқылау. Іс-шараны аша отырып, Жамбыл […]

Этномәдени бірлестік жастары арасында «Мәдениет әлемі» байқауы өтті

Ағымдағы жылдың шілдесінде этномәдени бірлестіктердің жастарына арналған «Мәдениет әлемі» атты байқау өтті. Байқаудың басты мақсаты ҚР халқының қоғамдық санасына қазақ халқының рухани және мәдени құндылықтарын біріктіретін әлеуетті енгізу үшін жүйе құру болатын. Іс-шара басында Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ көрме залы меңгерушісі, аталған жобаға жетекшілік етуші  Майкович Вера Андреевна «Қазақтану» ҚХА ғылыми-ағартушылық жобасы […]

Сұхбат Акмарал Жахановамен

Бүгінде еліміздегі ұлттар мен ұлыстардың достығы көпке үлгі екені даусыз. Әрі Қазақстан халқы Ассамблеясы тәуелсіз Қазақстанның тұрақтылығы мен бірлігіне кепіл болар үлкен құрылымдық күшке айналды. Осы орайда Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясы Аналар кеңесінің мүшесі,  Жамбыл облыстық Ішкі істер басқармасы, полиция департаментінің подполковнигі, Тараз  қаласының тұрғыны, көп балалы ана  Жанисова Ақмарал Жаханқызынан өзге этностар арасындағы […]

Этномәдени бірлестік өкілдері жаңа туылған перзенттерге домбыра сыйлады

Үстіміздегі жылдың шілде айының бірінші жексенбісі  –  Ұлттық домбыра күні еліміздің барлық аймағындаатап өтілді.  Қазақстан  халқы Ассамблеясының «Қазақтану» жобасы  және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында  Қазақстан халқын шоғырландыратын ортақ құндылықтар барша қазақстандықтар үшін ортақ игілікке айналған.  Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының демеушілігімен Жамбыл облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ ұйымдастыруымен өңірлік этномәдени бірлестіктер өкілі, Аналар […]