Аудандарда «Қоғамдық қабылдау» басталды

Үстіміздегі жылдың қаңтар айында Жамбыл облысы  әкімдігінің жанынан «Қоғамдық қабылдау» кеңесі құрылған болатын. Бұл кеңес өзінің жұмыс бағытын қаңтар төңкерісіне қатысты арнайы комиссия құрудан бастап, жергілікті халықтың және балалары зардап шеккен ата-аналардың мұң-мұқтажын тыңдау,  көмек беру мақсатында «Коғамдық қабылдау» ұйымдастырған болатын. Осыған орай, Тараз қаласында біршама ата-аналардың арыз-өтініштері қабылданып, қарқынды жұмыстар жүргізілуде. Бұл үрдіс аудандарда да жалғасын тапты.  Осының негізінде ағымдағы жылдың 10-ақпанында Т.Рысқұлов ауданы Құлан ауылында  Жамбыл облысы әкімдігінің «Қоғамдық қабылдау» мен аймақтық ҚХА Қоғамдық келісім кеңестерінің мүшелері бірлесе отырып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында тұрғындар арасында «Қаңтар оқиғасына” байланысты адам құқығын қорғау мәселелері талқыға салынды.

«Жаңару» сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалысы» РҚБ облыстық филиалының төрағасы Қасымхан Төлендиевтің жетекшілігімен ауыл тұрғындарын толғандырып жүрген көкейкесті біршама мәселелердің түйіні шешілмек.

Ал облыстық мәслихат депутаты, «Nur Otan» партиясы Жамбыл облыстық филиалы жанындағы «Jas Otan» ЖҚ төрағасы Уалихан Болатбекұлы ата-аналардың ұрпақ тәрбиесіне жіті мән бергенін қалайды. Оның айтуынша, жастар әлеуметтік желіде оқыған ақпаратының көбін сүзгіден өткізе алмайды. Яғни, қайсы ақпарат шын, ал қайсы ақпарат жалған екенін түсіне бермейді, осы себепті де ауыл, қала жастарымен жан-жақты тусіндіру және сараптама жұмыстары  жүргізілу керектігі айтылды. Сонымен бірге,  «Қоғамдық келісім» КММ басшысы Парида Иманжанқызы да көпбалалы аналармен  жүздесіп, оларды ойландырып жүрген түйткілді мәселелері мен  шағымдарына құлақ қойды. Ауыл әйелдерінің өтініш-арыздары тиісті орындарға жолданатындығы сөз болды.

Сондай-ақ, Т.Рысқұлов аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы С.Өтегенов  те халықтың әлеуметтік мәселелерін шешу мүмкіндігі қоғамдық тыныштық пен келісім жағдайында ғана жүзеге асатындығын айрықша атап өтті.

Жамбыл облысы әкімдігінің ІСБ «Қоғамдық келісім КММ Баспасөз қызметі орталығы