АТА-АНА, СІЗДІ НЕ АЛАҢДАТАДЫ?

Тараз қаласында Политехтың оқу залында ұстаздар мен ата аналар арасында сыр – сұхбат форматында «Ата-ана, сізді не алаңдатады?» атты кеңес алаңы ұйымдастырылды.  Арнайы шақырылған мамандар сан-сауалмен келген ата-аналарға жауап берді.  Колледждің педагог организаторы Райхан Сламбектің модераторлығымен өткен іс-шараға  Жамбыл облысы ҚХА «Әулиеата» қазақ мәдени орталығының Аналар кеңесінің өкіледері, колледж студенттері, оқушылар және ата –аналар қатысты.

Ерекше форматтағы кездесуіміздің негізгі мақсаты ол – отбасылық құндылықтарды және рухани-адамгершілік қасиеттерді жандандыру, отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу, отбасы — адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын бесігі екенін түсіндіру, сүйіспеншілігін арттыру болып табылады.

Егемен еліміміздегі мемлекеттік саясаттың маңызды және басым бағыттарының бірі – балалықты қорғау және баланың әл-ауқатын қамтамасыз ету екені белгілі. Осы орайда Республика көлемінде ұйымдастырылып жатқан түрлі шаралар бар. Соның бірі ел бойынша қолға алынып жатқан «Әр бала – жарық жұлдыз» жобасы. Бүгінгі іс-шарада осы жобаның негіңзінде жүзеге асып отыр.

Балаларды тәрбиелеу жолында оғаш қылықтар орын алмас үшін өз кеңесімен келген маманның бірі Жамбыл облыстық ҚХА мүшесі, «Әулие – ата» атындағы қазақ мәдени орталығы төрағасының орынбасары, М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі – Кабиева Айгүл Қабиқызы: «Отанның отбасынан басталатын ескерсек ең бірінші беріп жатқан тәрбиеміздің бағытының дұрыстығына жан-жақты көз жеткізу керекпіз. Тұлғаның қалыптасуы отбасында басталады. Отбасылық құндылықтар тұтас табиғаттың үйлесімді дамуы үшін қажетті дағдыларды қалыптастырады. Сонымен қатар, бала тәрбиелеуде басты назарға алатын нысан, оның жеке шекарасыбарын ұмытпауымыз керек. Бұл өмірге келген әр адам жеке тұлға»-деді, өз сезінде.

Іс-шараға келген ата-аналар сұрақтарына толық жауап ала-алғанын және бүгінгі ұрпақты тәрбиелеуде әр балаға зор жауапкершілікпен қарауды қатаң қолға алу керектігін жеткізді.

Ұлы ойшыл Әл Фараби бабамыздың «Ғылым емес, ең алдымен тәрбиеге көңіл бөлу керек, тәрбиесіз адамға ғылым баянды болмайды» – деген сөзін ескерсек бірінші орынға бала тәрбиесін қоюға әр ата-ана міндетті  екенін көреміз.

Бала елдің ертеңі. Ертеңіміздің іргетасы бүгіннен дұрыс қалануы тиіс.

«Ақпараттық жұмыс және қоғаммен байланыс» бөлімі