Ассамблеяның алдағы сессиясынан күтер үмітім зор

Ассамблея – тұрақтылық пен бейбіт өмірдің мызғымас мекені, татулық пен ауызбіршіліктің берік бітімі, достық пен бауырластықтың айнымас болмысы. Ол, саналы ғұмырымыздағы ел бірлігін сақтаған және халықтар достығын ғасырларға жеткізетін бірегей институт.

Қазақстан халқы Ассамблеясының негізгі мақсаты қазақ халқының топтастырушы рөлін арқау ете отырып, қазақстандық патриотизм, халықтардың рухани-мәдени ортақтығы, азаматтық бірегейлікті және бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру процесінде  мемлекетіміздегі  этносаралық келісімді қамтамасыз ету болып табылады.

Алда Қазақстан халқы Ассамблеясының 29-шы сессиясы өтеді. Сәйкесінше ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев  Ассамблеяның  барлық мүшелерін «Бірліктің, татулық пен келісімнің 30 жылы» атты кезекті сессиясына шақырды.  Сессия  – Ассамблея мүшелерінің жиналысы. Ассамблеяның жоғары басқарушы органы болып табылады.  Жыл құсында әр көктемде бір рет қана өтетін жиында Қазақстан халқының ауызбіршілігі, атқарып жатқан жұмыстар, маңызды құжаттары,  рухани-мәдени салалары, діні, тілі т.б. көптеген мәселелері ортаға салынып ортақ шешімдері табылады. Әр сессияда көкейдегі сан-сауалдың шешімі табылатын болғандықтан, биылғы жылғы жиынды да асыға күтіп отырмыз.

Мен, алдағы сессиясында Қазақстан халқы Ассамблеясының жанынан құрылған ғылыми сараптамалық топта қандай өзгерістер болатынын білгім келеді. Сондай-ақ бұл мен үшін және ғылыми салада жүрген менің барлық әріптестерім үшінде аса маңызды деп білемін. Неліктен мен ғылыми сараптамалық топқа ерекше екпін түсіріп отырмын? Себебі,  Қазақстан халқы Ассамблеясындағы жанын құрылған ғылыми сараптамалық топ әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саяси даму тенденцияларына, этносаралық және конфессияаралық қатынастарға сараптамалық баға беру, қоғамдық келісімді нығайтып, өзара ынтымақтастықты қалыптастыруда рөлі өте зор. Қоғамдық келісім және ұлттық бірлік саласындағы мемлекеттік саясаттың өзекті бағыттары бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ғылыми-сараптамалық қолдау,  аймақтағы ұлтаралық, конфессияаралық қатынастар саласындағы ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізуге көмегі мен атқаратын қызметтері тіклей аталған бөлімге арқау болып келеді. Сонымен қатар, қазақстандық қоғамның тұтастығын нығайтуда, ұлтаралық келісімге қол жеткізуде демократияны дамытудағы азаматтық институт ретіндегі ассамблеяның рөлін арттыруға ғылыми сараптамалық топ ерекше дем беріп келеді.

Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының Төрағасына аймақтағы қоғамдық келісімді қамтамасыз ету үшін мемлекеттік саясат саласындағы ахуалға ғылыми-сараптамалық баға берілген ақпарат пен материалдар ұсынып, этносаралық және конфессияаралық қатынастар саласында тәжірибе алмасу және зерделеу үшін халықаралық ұйымдармен және осыған ұқсас шетелдік құрылымдармен ынтымақтастықты жүзеге асыруда ғылыми сараптамалық топтың басты функцияларының біріне жатады.

Сөзімді түйіндей келе бірлікке басымдық берген елде тірліктің де дәрежесі жоғары, жарасымдылығы да өміршең келеді демекпін. Олай болса  ел үміт еткен сессия сенімімізді ақтап,  Ассамблеяның  арқасында ауызбіршілігіміз жандана берсін.

Жамбыл облысы әкімдігінің

 ішкі саясат басқармасы

«Қоғамдық келісім» КММ басшысы

Мамедова Парида Иманжанқызы