Аймақта ассамблеяның ХХІІ сессиясы өтті

«Тұрақтылық пен келісім – әлеуметтік бірлік пен жаңғыру кепілі».Аймақтағы Достық үйінде осындай ататуымен Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының ХХІI сессиясы өтті.

Кезекті сессияға Жамбыл облысының әкімі әрі ассамблеяның аймақтық төрағасы Мырзахметов Асқар Исабекұлы, облыс ассамблеясының өкілдері мен ардагерлері, қоғамдық келісім кеңестерінің төрағалары мен мүшелері,  облыстық мәслихаттың «Бірлік» депутаттық тобы мүшелері, діни бірлестіктер мен үкіметтік емес ұйымдарының басшылары, жоғары оқу орындарының ректорлары, мекеме басшылары, Тараз қаласы мен аудан  медиаторлары,  қалалық және облыстық  БАҚ тілшілері қатысты. Аталған іс-шараға барлығы – 280 адам қамтылды.

Кезекті  сессияны өткізудегі басты мақсат ҚХА мемлекеттік органдарымен  қоғамдағы этносаралық келісім мен бірлікті одан әрі нығайту, Жамбыл облысы өңіріндегі қоғамдық-саяси тұрақтылықты қатамасыз ету, мемлекеттік және азаматтық қоғам институттарының этносаралық қатынастар саласындағы өзара іс-қимылының тиімділігін арттыру болып табылады.

Биылғы жылы қатарынан 22 – ші рет өткен сессияныңбасы Достық үйінің 2-ші қабатындағы түрлі көрмелерді тамашалаумен басталды. Мұнда – «Қазақтану», «Туған жер» жобалары аясында жасалған қолөнер бұйымдары қойылып,  Ұлы дала қазынасы,  Ауыл шаруашылығындағы стартаптардың көрмелері ұйымдастырылған. Сонымен қатар, балалар шығармашылығынан, туған жердің пейзаждарын бейнелеуден, «Басқұр» тоқыма қолөнерінен, этномәденибірлестіктер фольклорлық шеберлерінің шеберлік-класының түрлі бұйымдары жиылған жұрттың назарына ұсынылды.

Көрмені тегіс аралап болған қонақтар ары қарай сессия жұмысына кірісті. Сессияны облыстық ассамблея төрағасының орынбасары, хатшылық меңгерушісі,модератор – Қожаева Маржан Төреғұлқызы облыс ассамблеясы төрағасының Қоғамдық орынбасарын тағайындаумен бастады. Аталған лауазымға “Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы” ҚР Заңына сәйкес, облыстық Қазақстан халқы ассамблеясы Кеңесінің шешіміменҚазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, “Бірлік” облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының депутаттық тобы басшысының орынбасары, меценат Юрий Васильевич Минаков тағайындалды. Хатшылық меңгерушісі бүгінгі күнге дейін Қоғамдық орынбасар міндетін атқарған Руслан Бәкірұлы Исмазовқа облыстық ассамблея мүшелерінің атынанқызметтегі белсенділігі үшін зор алғысын білдірді.Ары қарай сессия қатысушыларын «Тұрақтылық пен келісім – әлеуметтік бірлік пен жаңғырту кепілі»атты  баяндамасымен таныстырды.Маржан Төреғұлқызы «Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Ассамблеяның құрылған күннен бастап еліміздегі мызғымас бірліктің ұйытқысы, сарқылмас берекенің бастауы болып келе жатқанын, бүгінгі таңда бұл құрылым көп этносты елімізді біртұтас ұлтқа біріктіріп отырғандығын атап өтіп, Ассамблея әрдайым еліміздегі татулық пен тұрақтылықтың ең басты кепілі болып қала береді деп сенім білдірді.

Бүгінде облысымызда 87 этнос өкілдері тұрады және 75 этномәдени бірлестік жұмыс істейді. Есепті кезеңде 170 мыңнан астам адамды қамтыған 1376 іс-шара өткізілді. 2019 жылдан бастап Ассамблея құрылымына қоғамдық аккредитациядан өткен этномәдени бірлестіктер кіреді.Облыс бойыншааккредиттеу комиссиясында32 этномәдени бірлестіктің  өтініші қаралып, мақұлданды. Оның ішінде 25 облыстық, 1 қалалық және 6 аудандық бірлестік бар»- деді өз есебінде. Хатшылық меңгерушісі баяндама барысында атқарыған жұмыстарға оның ішінде әрбір іс-шараға жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат пен қамтылған адам санына рет-ретімен тоқталып есеп берді.

Маражан Төреғұлқызы өз баяндамасынан кейін жарыссөз кезегін Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының Ғылыми – сараптамалық кеңесінің төрағасы, М.Х.Дулати атындағы ТарМУ ректоры Сарыбеков Махметғали Нұрғалиұлына ұсынды.

Кеңес төрағасы «Қоғамдық сананы жаңғырту жағдайындағы Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметін ғылыми-сараптамалық сүйемелдеудің рөлі» туралы өз баяндамасын жасап алғашқы жарты жылдық облыстық ғылыми – сараптамалық кеңесінің есебін берді.

Жарыссөз мінберіне келесі болып “Жамбыл облысы аумағында экологиялық гофрленген картон шығару” жобасының авторы Аралбаева Диана Берікқызы шықты. Жоба жетекшісі «Ұсынылып отырған жобада гофрленген картон өндірісі тас қағаз негізінде қарастырылады, ол 70% кальций карбонатынан (әктас) және 30% құпия компоненттерден тұрады. Бүкіл әлемде ұқсас қаптаманы тек Қытайда шығарады. Алайда, ТМД елдеріне бұл елден логистика мен тауардың бағасына байланысты сатып алу тиімді емес. Жамбыл облысында өндірістің орналасуы жоспарлануда, ал бұл логистиканы және сапалы әктас шоғырының үлкен қорын ескере отырып, өте тиімді орналасқан жері. Бұл өнім жаңа ұрпақтың озық технологияларын қолдана отырып, экологиялық таза өндіріс болып табылады. Жобаның әлеуметтік мәні: ағаштарды сақтау, су қорын сақтау және энергия шығындарын қысқарту. Демек, мұндай қағаз өндірісі миллиондаған гектар орманды құтқара алады. Сондай-ақ осы технологияға патенті бар қытай компаниясымен шарт жасалды. Біздің өнімнің қытайлық ерекшелігі жеңіл салмақ пен төмен баға болып табылады (бағаның айтарлықтай төмендеуі үшін біз белгілі бір компоненттерді ауыстырдық). Жылына ТЭН бойынша осы кәсіпорын (техникалық-экономикалық негіздеме) орташа есеппен 2 миллион АҚШ долларын таза пайда әкеледі»-деді, өз баяндамасында.

Сессия барысында Жамбыл облыстық сотының судьясы Нұрлыбаева Динара Ничаевна, “Жамбыл облысының егіс алқаптарында жаңа тыңайтқыштарды пайдалану мүмкіндіктері туралы” стартап жобасының авторы Егембердиев Дәулет Қанатұлы, “Жамбыл облысының Өзбек этномәдени бірлестігі” қоғамдық бірлестігінің мүшесі Умаров Гулам Мұхтарұлы және  “Амазонка” онкологиялық науқастарды қолдау қайырымдылық қорының жетекшісі Сарьян Анжелика Грантовналар өз баяндамаларын жасады.

Сессияда арқау болған тағы бір мәселе Жамбыл облысы Қазақстан халқы ассамблеясының құрамын бекіту болатын. Аталған мәселеге орай Қазақстан Республикасының “Қазақстан халқы Ассамблеясы туралы” Заңының 15 бабының 4 және 5 тармақтарына сәйкес, этномәдени бірлестіктердің ұсыныстары негізінде шешім шығарылды. Нәтежиесінде облыстық ассамблеяға мүшелікке 205 адам бекітілді.

Сессия соңы Жамбыл облысы әкімі, облыстық ассамблея төрағасы Мырзахметов Асқар Исабекұлының «Біздегі басты мәселе облыстың эконмикасын арттыруымыз керек. Оның ішінде аудандық және ауылдық округтарды көркейту, жұмыспен қамту, ауылдарға қоныс аударған өзге этнос өкілдерінің қандайда бір айналысатын шаруаларына қолдау көрсетуіміз шарт. Бәрінен бұрын жұмыссыздықпен бел шеше кірісуіміз керек. Қазіргі таңда облыстық әкімшілікте аталған мәселерді қарастыратын арнайы бөлім жұміс істейді.Мәселен жаңа ғана сөйлеген Диана Аралбаева жобасын жүзеге асыруымыз болады.Бұл жобаны жүзеге асыру үшін облысымыздағы бірнеше банкпен жұмыс жасауға болады.Сондай-ақ, аудандар мен Тараз қаласының әкімдеріне, облыс әкімдігінің басқармаларына:  Қазақстан халқы Ассамблеясының хатшылығымен бірлесе отырып, әлеуметтік бірлікті нығайту мақсатында медиация институтын пайдалана отырып, туындаған даулы мәселелердің алдын алуды және уақытылы шешуді қамтамасыз ету керек. Жастардың стартап жобалары мен идеяларын анықтау және қолдау бойынша жұмысты жетілдіру қажет. Сондай-ақ, Қоғамдық келісім кеңестерінің өзекті жаңғырту міндеттерін орындауға азаматтық қатысуын кеңейтуді тапсырамын.»-дегенқортынды сөзімен тәмамдалды.

Жамбыл облысы әкімі аппараты

«Қоғамдық келісім» КММ

баспасөз қызметі